жабдықтың бұзылуы жəне т.б.)
жұмыстың уақытша тоқтатылуы
танылады. Іркіліске байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
жұмыс уақытының жоғалтуды болдырмау,
жұмыс орындарын
сақтау жəне т.б. мақсаттарда жүзеге асырылады,
сондықтан
қызметкердің келісімінсіз жүзеге асырылады.
Іркіліс кезінде қызметкер жеке еңбек шартында көзделген
жұмысты объективтік себептер бойынша орындай алмайды. Сол
себепті, оған жеке еңбек
шартында көзделмеген жұмыс
тапсырылады. Алайда, бұл кезде басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
қызметкердің мамандығын, біліктілігін ескере отырып жүзеге
асырылады.
Өндірісте жұмысқа уақытша шыға алмаған қызметкердің орнын
ауыстыру жиі орын алады. Алайда,
жұмысқа уақытша шыға
алмаған
қызметкердің
орнын
ауыстыру
үшін
уақытша
ауыстырғалы отырған қызметкердің келісімі қажет. Тек мұндай
ауыстыру
өндірістік
қажеттілік
бойынша
қажет
болған
жағдайларда ғана қызметкердің келісімі қажет етілмейді. Төтенше
жағдайлар орын алған кезде де жұмыс
беруші қызметкерді басқа
жұмысқа оның келісімінсіз ауыстыра алады. Мұндай ауыстыру
кезінде қызметкерлердің еңбегіне
ақы төлеу олардың атқаратын
жұмысы бойынша, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа айлық
жалақысынан кем емес ақы төлей отырып жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: