Еңбек жағдайларының өзгеруі
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 19-бабы
1. Ұйымдарда өндірістің өзгеруіне жəне жұмыс берушідегі
жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты сол кəсіп
(мамандық),
біліктілік,
қызмет
бойынша
жұмысты
жалғастыру кезінде еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі.
Еңбек жағдайларының өзгеруі туралы қызметкер бір ай
бұрын жазбаша хабардар етілуге тиіс.
2. Еңбек жағдайлары өзгертілген жағдайда жеке еңбек
шартына тиісінше толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
Егер қызметкер жаңа жағдайларда жұмысты жалғастыруға
келіспесе, онымен жасалған жеке еңбек шарты аталған Заңның
26-бабының 7) тармақшасына сəйкес бұзылады.
Осы бапқа сəйкес, егер қызметкер сол кəсіп (мамандық),
біліктілік, қызмет бойынша жұмысты жалғастыра берсе,
ұйымдарда өндірістің өзгеруіне жəне жұмыс берушідегі жұмыс
көлемінің қысқаруына байланысты жұмыс беруші біржақты
тəртіпте еңбек шартының ережелерін өзгерте алады.
Жұмыс беруші қызметкерді еңбек жағдайларының өзгеруі
туралы алдын ала хабарландыруы тиіс. Заңдар еңбек жағдайының
өзгеруі
туралы
хабарландыру
уақытының
нақты
шегін
белгілемеген. Қызметкер еңбек жағдайының өзгеруі туралы екі ай
бұрын да, үш ай бұрын хабарландырылуы мүмкін. Алайда, кез
келген жағдайда бір айдан кешіктірілмей хабарландырылуы тиіс.
Еңбек жағдайлары өзгертілген жағдайда жеке еңбек шартына
тиісінше толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі тиіс. Еңбек
даулары орын алған жағдайда, оларды шешуде мұндай өзгертулер
мен толықтырулардың тəжірибелік орны ерекше.
Егер қызметкер еңбек жағдайлары өзгерген жағдайда жұмысты
жалғастыруға келіспесе, онда ол ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының
26-бабының 7-тармақшасына сəйкес жұмыс берушінің бастамасы
бойынша қызметінен босатылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |