Бұл бапқа сəйкес жұмыс беруші қызметкерді оның
келісімінсіз
бір айға дейінгі мерзімге басқа жұмысқа ауыстыра алады. Алайда,
бұл бапта басқа жұмысқа ауыстырудың рұқсат етілген саны
көрсетілмеген,
сондықтан, өндірістік қажеттілік болған жағдайда
жұмыс беруші қызметкерді бір күнтізбелік жыл ішінде бірнеше рет
басқа
жұмысқа уақытша ауыстыра алады, алайда, əрбір жағдайда
мұндай ауыстырудың мерзімі бір айдан аспауы тиіс.
Аталған бап жұмыс берушіге қызметкерді оның келісімінсіз бір
айға дейін
кез келген жұмысқа оның
біліктілігі мен мамандығын
ескерместен басқа жұмысқа уақытша ауыстыруына мүмкіндік
береді. Алайда, егер бұл қызметкердің денсаулық жағдайына зақым
келтіретіндей болса, онда мұндай ауыстыруға жол берілмейді.
Жалпы алғанда өндірістік қажеттілік бойынша қызметкерді
басқа жұмысқа уақытша ауыстыру бір ұйымның шегінде жүзеге
асырылады, бірақ заңдар сол жердегі басқа ұйымға ауыстыруға да
мүмкіндік береді. Яғни,
егер бұл қызметкермен еңбек
қатынастарындағы ұйымның мүддесі үшін қажет болса, өндірістік
қажеттілік бойынша сол жердегі
басқа ұйымға да уақытша
ауыстыруға жол беріледі.
Бұл ретте ауыстырылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу
олардың
атқаратын
жұмысы
бойынша,
бірақ
бұрынғы
жұмысындағы орташа айлық жалақысынан
кем емес ақы төлей
отырып жүзеге асырылады.
«ҚР еңбек туралы» заңының 21-бабы
Достарыңызбен бөлісу: