құқығы қатынастарында мейлінше жиі кездесетін түсінік, ол ҚР
«ҚР еңбек туралы» заңында көзделген барлық негіздерді (соның
ішінде, еңбек шартын бұзу жəне жұмыстан босату), тіпті,
қызметкер қайтыс болған жағдайды, көздейді. Жеке еңбек шартын
тоқтату негіздері ретінде заңды фактілер мен əрекеттер де,
оқиғалар да болуы мүмкін.
Еңбек шартын тоқтату ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 25-
бабының 1-тармақшасында көзделген негіздер бойынша жүзеге
асырылуы мүмкін. Жеке еңбек шартының
мерзімінің бітуі еңбек
шартын тоқтатуға əкеп соғуы мүмкін. Алайда, жеке еңбек
шартының мерзімі біткен соң
еңбек қатынастары жалғаса
берсе жəне тараптардың ешқайсысы олардың тоқтатылуын
талап етпесе, онда жеке еңбек шарты белгісіз мерзімге жасалды деп
саналады.
Жеке еңбек шартының тараптардың
еркіне байланысты емес
мəн-жайлар бойынша тоқтату жағдайлары əр түрлі болуы мүмкін.
Олар ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 30-бабында көзделген. Бұл,
ең алдымен, еңбек құқығы қатынастарының тарапы болып
табылмайтын үшінші тұлғалардың
бастамасы бойынша немесе
қызметкердің қайтыс болғаны сияқты жағдайдың туындауынан
жеке еңбек шартын тоқтату.
«ҚР еңбек туралы» заңының 30-бабы
Достарыңызбен бөлісу: