Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет77/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

жұмысына сəйкессіздігі себебінен де қызметінен босатылуы 
мүмкін. Қызметкердің атқаратын қызметіне немесе орындайтын 
жұмысына 
сəйкессіздігі 
ретінде 
қызметкердің 
жеткілікті 
біліктілігінің болмауы немесе денсаулық жағдайына байланысты өз 
мамандығы бойынша еңбек функцияларын тиісті түрде орындауға 
объективтік түрдегі қабілетсіздігі танылады. Алайда, аталған 
жағдайларда қызметкердің субъективтік кінəсі болмайды, бірақ 
олар қызметкерді атқаратын қызметіне немесе орындайтын 
жұмысына сəйкес емес деп тануға негіз болуы мүмкін. 
Қызметкердің жеткілікті біліктілігінің болмауы оның лауазымы 
немесе мамандығы бойынша еңбек міндеттерін қалыпты орындау 
үшін қажетті білім мен дағдының болмауынан көрініс табуы 
мүмкін. 
Атқаратын 
қызметіне 
немесе 
орындайтын 
жұмысына 
сəйкессіздік мынадай объективтік мəліметтермен дəлелденуі тиіс: 
қызметкерлердің жұмыс істеу нормасын орындамағаны немесе 
тиісінше 
орындамағаны 
жөніндегі 
рапорттармен 
немесе 
баяндамалармен, жұмыстағы ақаулар туралы актпен жəне т.б. 
Қолданыстағы заңдарға сəйкес қызметкерлердің кейбір санаттары 
біліктілік санаттарын иелену үшін белгілі бір мерзім ішінде 
аттестациядан өтуі тиіс (мысалы, дəрігерлер, ұстаздар жəне т.б.). 


Біліктілік комиссиясының қызметкердің біліктілігі туралы 
қорытындылары да қызметкердің жеткілікті біліктілігінің 
болмауына дəлел болып табылады. 
Алайда, жеке еңбек шартын еңбек стажының аздығына немесе 
егер осы жұмысты орындау үшін жеке еңбек шартын жасасуда 
міндетті болмаса, арнайы білімнің болмауына байланысты қажетті 
өндірістік тəжірибесі жоқ немесе қажетті кəсіби дағдыларға ие емес 
қызметкерлермен лауазымына сəйкессізідігі негізімен жеке еңбек 
шартын бұзуға жол берілмейді. Бұл санаттарға, мысалы, жоғары 
жəне орта арнайы оқу орындарын бітірген жас мамандар жатады. 
Атқаратын 
қызметіне 
немесе 
орындайтын 
жұмысына 
сəйкессіздікті дəлелдеу міндеті жұмыс берушіге жүктеледі. 
Жеке еңбек шартын атқаратын қызметіне немесе орындайтын 
жұмысына сəйкессіздігі үшін бұзу денсаулық жағдайына 
байланысты да орын алуы мүмкін. Егер бұл жұмыстың сапасына 
əсер етпесе, оның өзі үшін жəне еңбек ұжымының өзге мүшелері 
жəне ол қызмет көрсететін тұлғалар үшін қауіпсіз болса, 
қызметкердің созылмалы аурулармен ауыруы немесе оның белгілі 
бір топ мүгедегі болуы қызметкерді аталған негіз бойынша 
жұмыстан босатудың себебі бола алмайды. Бұл негіз бойынша 
жұмыстан босату жұмысқа қабілеттік əбден төмендеген жағдайда, 
қызметкер созылмалы ауруының немесе мүгедектігінің салдарынан 
өзінің еңбек міндеттерін тиісінше орындай алмаса немесе еңбек 
міндеттерін орындауға оған денсаулық жағдайы бойынша тыйым 
салынса, не еңбек ұжымының мүшелері жəне ол қызмет көрсететін 
тұлғаларға қауіпті болса жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке 
қабілеттікті уақытша жоғалту жұмыс берушіге қызметкерді 
атқаратын 
қызметіне 
немесе 
орындайтын 
жұмысына 
сəйкессіздігіүшін жұмыстан босатуына негіз болмайды. 
Қызметкердің денсаулық жағдайы медициналық мекеменің 
қорытындысымен дəлелденуі тиіс. Егер қызметкердің денсаулық 
жағдайы туралы медициналық қорытынды болмаса, онда 
қызметкерді денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босату, 
құқыққа қайшы болып табылады. 
Алайда, қызметкерді бұл негіз бойынша жұмыстан босату 
міндетті емес. Қызметкердің келісімімен жұмыс беруші оны басқа 
жұмысқа ауыстыруы мүмкін. Жұмыс беруші бұйрықта осы 
қызметкердің қандай жұмысқа сəйкес емес екендігін көрсетуі тиіс. 


4) ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабының 4-тармағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет