Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


«ҚР еңбек туралы» заңының 25-бабы Жеке еңбек шартын бұзу



Pdf көрінісі
бет73/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
«ҚР еңбек туралы» заңының 25-бабы
Жеке еңбек шартын бұзу 
 
2. Жеке еңбек шарты: 
1) тараптардың келісімімен
2) бір тараптың бастамасымен; 
3) заң актілерінде көзделген басқа да негіздермен бұзылуы 
мүмкін. 
Жеке еңбек шартын бұзу – бұл еңбек қатынастарын қандай да 
бір тараптың (жұмыс беруші, басшылық, үшінші тұлғалар жəне 
т.б.) бастамасымен тоқтату, яғни, жеке еңбек шартын бұзу үшін 
еңбек құқығы қатынастарының кем дегенде бір тарапының өз 
еркін білдіруі қажет. Жеке еңбек шартын бұзудың оны тоқтатудан 
айырмашылығы мынада – еңбек шартын тоқтатуды еңбек 
қатынастарын тоқтатуға қатысты біржақты да, екіжақты да ерікті 
əрекеттер, сонымен қатар, еңбек қатынастарын тоқтатуға əкелетін 
оқиғалар (қызметкердің қайтыс болуы, əскери қызметке 
шақырылуы жəне т.б.) қамтиды. Ал еңбек шартын бұзу – бұл тек 
біржақты ерікті əрекеттер. 
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңында еңбек шартын тараптардың 
келісімі бойынша бұзу дербес негіз ретінде көзделген. Еңбек 
шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу еңбек қатынастарын 
тараптардың бірлескен бастамасымен бұзуды білдіреді. Белгісіз 
мерзімге, белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір жұмысты орындау 
уақытына жасалған еңбек шартының əрекет етуінің кез келген уақытында 
мұндай келісімге келуге болады. Көп жағдайда еңбек қатынастарын 
тоқтатудың бұл негізі белгілі бір жұмысты орындау уақытына жəне 
белгісіз мерзімге жасалған шарттарды мерзімінен бұрын бұзу 


кезінде қолданылады. Бұл негіз бойынша еңбек шарты өз күшін 
тараптар белгілеген уақытта тоқтатады. Мысалы, тараптар еңбек 
шартын тұрғын үй құрылысы уақытына жасасты делік. Шарттың 
мерзімі ретінде 6 ай белгіленді, алайда, құрылыс 5 ай уақытта 
аяқталды. Бұл жағдайда шарт тараптардың келісімі бойынша 
мерзімінен бұрын бұзылады. Мұндай шартты жоюға тек 
тараптардың өзара келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі. 
Сонымен қатар, жеке еңбек шартын тоқтатудың негізі болып
егер ол белгілі бір уақытқа немесе белгілі бір жұмысты орындау 
уақытына жасалған болса, оның мерзімінің бітуі табылады. Алайда, 
еңбек шартын тоқтатудың бұл негізі бірден жүзеге асырылмайды. 
Аталған негіз бойынша жеке еңбек шартының тоқтатылуы не 
қызметкердің, не жұмыс берушінің бастамасы бойынша жүзеге 
асырылады. Егер еңбек шартының мерзімі біткен немесе белгілі бір 
жұмысты орындау уақыты аяқталған жағдайда тараптардың біреуі 
шарттың тоқтатылуын талап етсе, екінші тарап оған келісуі тиіс
(себебі, бұл жағдай шартта көзделіп өтеді), онда еңбек қатынастары 
тараптардың келісімі бойынша тоқтатылады. Алайда, тараптардың 
ешқайсысы аталған уақытта еңбек шартын бұзуды талап етпесе, 
онда жеке еңбек шарты белгісіз мерзімге ұзартылған деп саналады. 
Байқап отырғанымыздай, жеке еңбек шартын тараптардың 
келісімі бойынша бұзу тек осы келісімнің негізінде тараптардың 
еңбек құқығы қатынастарын тоқтатуға қатысты өзара ерік білдіруі 
болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Жеке еңбек шартын 
тараптардың келісімі бойынша бұзудың негізі болып қызметкер 
мен жұмыс берушінің жазбаша келісімі табылады. 
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңында жеке еңбек шартын 
бұзудың нақты негіздері көзделген. Ол: 
1) жұмыс берушінің бастамасы бойынша; 
2) қызметкердің бастамасы бойынша; 
3) тараптардың еркінен тыс жағдайлар бойынша жүзеге 
асырылуы мүмкін. 
«ҚР еңбек туралы» заңының 28-бабы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет