Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет91/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Толық емес жұмыс уақыты – бұл белгіленген жұмыс 
уақытының қалыпты немесе қысқартылған ұзақтығының бөлігі. 
Толық емес жұмыс уақытын жұмыс беруші мен қызметкер 
жұмысқа тұрар кезде де, содан кейін де өзара келісім бойынша 
толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы түрінде 
белгілеуі мүмкін. Толық емес жұмыс күні кезінде күнделікті 
жұмыстың ұзақтығы жұмыс күндерінің саны сақтала отырып 
азаяды. Мысалы, толық емес жұмыс күнінде қызметкере күн сайын 
8 сағаттан емес, 5 сағат жұмыс істейді. Толық емес жұмыс 
аптасында күнделікті жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығы 
сақтала отырып жұмыс күндерінің саны азаяды. Мысалы, толық 
емес жұмыс аптасында қызметкер үш күн 8 сағаттан жұмыс істейді. 
Немесе төрт күн 6 сағаттан жұмыс істеуі мүмкін. 
Бұл жағдайлардың барлығында еңбекке ақы төлеу жұмыс 
істеген уақытына қарай төленеді. 
Толық емес жұмыс уақыты қысқартылған жұмыс уақытына 
қарағанда өзгеше. Біріншіден, қысқартылған жұмыс уақыты толық 
жұмыс уақытына саналады, ал толық емес жұмыс уақыты толық 
жұмыс уақытының бір бөлігі ғана. Екіншіден, қысқартылған 
жұмыс уақыты үшін жалақы толығымен, ал толық емес жұмыс 
уақытында жалақы жұмыс істеген уақытқа қарай төленеді. 
Толық емес жұмыс уақытындағы жұмыс қызметкерлер үшін ақы 
төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына, еңбек стажын есептеуге 
жəне т.б. еңбек құқықтарына қатысты қандай да бір шектеулер 
туғызбайды. Еңбек кітапшаларында қызметкердің толық емес 
жұмыс уақытында жұмыс істегені көрсетілмейді. 
Жұмыс уақыты ұзақтығының апталық нормасын белгілеу еңбек 
заңдарында жұмыс аптасының екі түрінің болуымен байланысты, 


олар: бес күндік (5 жұмыс күні, 2 демалыс күні) жəне алтыкүндік (6 
жұмыс күні, 1 демалыс күні). 
Көптеген қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік 
жұмыс аптасы белгіленген. Өндірісінің сипаты мен жұмыс 
жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз 
ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы 
белгіленеді. Көп жағдайда, бұл – білім беру, медициналық, сауда 
жəне өзге де халыққа қызмет көрсететін мекемелер. 
Жұмыс күні ретінде заңда белгіленген бір тəулік бойындағы 
жұмыс уақыты танылады. Еңбек заңдарында белгіленгендей, алты 
күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы 
апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан аспауға, 
апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан жəне апталық норма 24 
сағат болғанда – 4 сағаттан аспауға тиіс («ҚР еңбек туралы» заңның 
47-бабы). 
«ҚР еңбек туралы» заңының 48-бабы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет