қамтамасыз етудегі негізгі құқықтық нысан болып табылатынын
білдіреді. Жеке еңбек шартының
құқықтық мəні оның еңбек
құқығы қатынастарының туындау негізі, қызметкерге ҚР «ҚР еңбек
туралы»
заңының
күші
таралатынының
негізі
болып
табылатынынан жəне қызметкер тұлғасын, оның еңбектегі
абыройы мен ар-намысын қорғайтынынан көрініс табады.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Еңбек шартына (келісіміне) анықтама беріңіз.
2. Еңбек шарттарының түрлерін атаңыз.
3. Еңбек шарттарының белгілерін атаңыз.
4. Кімдер еңбек шартының тарапы болып табылады?
5. Еңбек шартының мазмұнын не құрайды?
6. Еңбек шартының мазмұнында
қандай ережелер міндетті
болып табылады?
7. Еңбек шартының мазмұнында қандай ережелер қосымша
болып табылады?
8. Қандай тұлғаларды жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімі
белгіленбейді?
9. Еңбек шарты қандай мерзімге дейін жасалуы мүмкін?
10. Еңбек шартының жекелген түрлерінің ерекшеліктері.
11. Жұмысқа қабылдаудың жалпы тəртібін атаңыз.
12. Жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа алар кезде қандай
құжаттарды талап етуге құқылы?
13. Сынақ мерзімінің құқықтық салдары қандай?
14. Жұмысқа қабылдау кезінде
қандай тұлғалар міндетті
медициналық тексеруден өтуге міндетті?
15. Жұмысқа қабылдаудан бас тартудың қандай себептері болуы
мүмкін?