ұзақтығы. Қызметкерлердің кəсіпорындардағы, мекемелердегі,
ұйымдардағы жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40
сағаттан аспауы тиіс (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 45-б. 2-т.).
Аталған ереженің күші меншік нысанына,
экономика саласына,
кəсібіне,
мамандығына,
лауазымына
қарамастан
барлық
қызметкерлерге таралады.
Қазіргі кезде мемлекет жұмыс уақытының
шектелген
ұзақтығын ғана бекітеді. Ал жұмыс уақытымен байланысты өзге
мəселелердің барлығын (жұмыс уақытын қысқартуды,
ауысу
сменаларының кестесін, жұмыс режимін) ұйымдардың өздері
шешеді.
Қазақстан Республикасының «ҚР еңбек туралы» заңына сəйкес
қызметкерлердің жұмыс уақытының
қалыпты ұзақтығы аптасына
40 сағаттан аспауы тиіс. Яғни, ұжымдық шартта да, жеке еңбек
шартында да жұмыс уақытының аптадағы ұзақтығын 42 немесе 45
сағат деп көздеуге болмайды. Алайда,
жұмыс уақытының
ұзақтығын тараптардың келісімі бойынша қысқартуға болады.
Сонымен, жұмыс уақытының аптасына 40 сағаттық ұзақтығы
шекті норма болып табылады жəне заңда көзделген жағдайларды
санамағанда, оны тараптардың келісімімен көбейтуге болмайды.
Жұмыс уақытының ұзақтығын шектеудің мақсаты –
қызметкерлердің
денсаулығын қорғауға, олардың жұмысқа
қабілеттіктерін арттыруға,
оның тұлғасының дамуына, жұмыс
уақытынан тыс бос уақытта біліктілікті көтеруге немесе қосымша
кəсіп иеленуге жəне еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасау.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 46-бабы
1. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс
уақытының қысқартылған ұзақтығы:
Достарыңызбен бөлісу: