Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет87/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖƏНЕ 
ДЕМАЛЫС УАҚЫТ
Ы 
Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты – бұлар еңбек құқығының 
өзара байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек қызметінің 
ұзақтығы жұмыс уақыты арқылы анықталады. 
Жұмыс уақыты жəне оның ұзақтығы жұмысшылар қозғалысы 
тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат 
тарихында еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен 
шектелмеді жəне жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындау 
уақытының ұзақтығын өз қалауынша белгілейтін. Əдетте, бұл 
кіріптарлы жағдайларда жүзеге асырылды жəне жұмыс уақытының 
ұзақтығы барлық шектерден асып, тəулігіне 14-16 сағатқа дейін 
жетті. 
ХІХ ғасырдың басындағы жұмысшылар қозғалысы негізгі 
талаптардың бірі ретінде жұмыс уақытын қысқартуды талап етті. 
Бірқатар мемлекеттерде жұмысшылар көшелерге шығып, жұмыс 
уақытының ұзақтығына белгілі бір шек қоюды талап етті. 
Жұмысшылар 
қозғалысының 
нəтижесінде 
ХІХ 
ғасырдың 
ортасында əйелдер мен балалар үшін жұмыс уақытын қысқарту 
туралы заңдар қабылданды. Кейінірек бұл ереже ер адамдарға да 
таралды. 
1897 жылы Ресейде жұмыс уақытын 11,5 сағатқа дейін, ал 
əйелдер мен балалар үшін – 10 сағатқа дейін қысқарту туралы заң 
қабылданды. Алайда, бұл заңның ешбір тиімділігі болмады, себебі, 
мұнда мерзімнен тыс жұмыс істеуге тыйым салынбады. 
1917 жылы Кеңестік биліктің Декретімен Ресейде алғаш рет 
ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақыты енгізілді. Бұл Декреттің күші 
Қазақстанның аумағына да таралды. Яғни, осы күнді Қазақстанда 
ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақытының енгізілген күні деп санаған 
жөн болар. 
Қазіргі кезде аталған уақыт жұмыс уақытының ең жоғарғы 
ұзақтығы болып табылады жəне ол қызметкерлердің басым 
көпшілігіне таралады. 
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 45-бабы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет