Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет92/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
Түнгі уақыттағы жұмыс 
 
4. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі 
уақыт болып есептеледі. 
5. Жүкті əйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға 
олардың келісімімен ғана жол беріледі. 
6. Түнгі уақытта жұмыс істеуге он сегіз жасқа толмаған 
адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын 
медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар 
жіберілмейді. 
 
Түнгі уақыттағы жұмыс кезінде жұмыс уақытының белгіленген 
ұзақтығы 1 сағатқа қысқарады. Бұл ереже жұмыс уақытын 
қысқарту көзделген қызметкерлер мен жұмысшыларға таралмайды. 
Мысалы, еңбек жағдайы зиянды жəне ауыр өндірістерде жұмыс 
істейтіндерге. Қысқартылған уақыт үшін кейін еңбекпен өтеу 
көзделмейді.
Жекелеген жағдайларда қызметкерлердің кейбір санаттары үшін 
түнгі 
жұмыстың 
ұзақтығы 
күндізгі 
жұмыс 
уақытымен 
теңестіріледі. Бұл мына қызметкерлерге қатысты белгіленеді: 


1. олардың ауыр дене жұмысында жəне зиянды еңбек 
жағдайларындаға жұмыста істеуіне байланысты қысқартылған 
жұмыс уақыты бұрыннан көзделген қызметкерлер үшін; 
2. өндірістің жағдайлары бойынша қажет болған жағдайда
үздіксіз өндірістердің қызметкерлері үшін; 
3. алты күндік жұмыс аптасы жəне бір демалыс күні 
жағдайындағы ауысым жұмыстарының қызметкерлері үшін. 
Түнгі уақытта жұмыс ауысымының ұзақтығы жұмыс 
уақытының апталық нормасы сақтала отырып қысқартылады. 
Бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, егер қызметкер түнгі уақытта 
жұмыс істеу үшін арнайы қабылданса (мысалы, күзетші ретінде), 
онда түнгі жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылмайды. 
«ҚР еңбек туралы» заңының 49-бабы 

Мерзімнен тыс жұмыстарды шектеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет