1) негізгі жұмысынан кейін қосымша қызметін белгіленген
жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс орындау;
2) ақысы сақталмайтын еңбек
демалысының орнын толтыру
мақсатында істелген жұмыс;
3) жұмыс уақыты нормаланбаған тұлғалардың жұмыс істеуі;
4) жұмыстан сұрану үшін асыра істелген жұмыс.
Заңдар қызметкерлердің келісімі болған жағдайда жұмыс
берушінің оларды кез келген мерзімнен тыс жұмыстарға тартуына
рұқсат береді, ал жекелеген жағдайларда басшылық мерзімнен тыс
жұмыстарды қызметкердің келісімінсіз де қолдануы мүмкін. Бұл
жағдайлар ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 51-бабында көзделген.
Əрбір қызметкер үшін мерзімнен тыс жұмыстар бір күнтізбелік
күн ішінде екі сағаттан (ауыр дене жұмыстарында жəне еңбек
жағдайлары зиянды жəне (немесе) қауіпті жұмыстарда – бір
сағаттан) аспауға тиіс (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 50-бабы).
Алайда, заңдарда бір күнтізбелік жыл ішінде рұқсат етілген
мерзімнен тыс жұмыстар саны анықтамаған.
Еңбек жағдайлары өте зиянды жəне өте қауіпті кезде мерзімнен
тыс жұмыстарға тыйым салынады.
Мерзімнен тыс жұмыстар үшін ақы бір жарым есе мөлшерінен
кем төленбейді.
Мерзімнен тыс жұмыстар туралы
заңдар бұзылған жағдайда
бұған кінəлі тұлғалар белгіленген тəртіп бойынша тəртіптік,
əкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Кейбір қзыметкерлер санаттары үшін (жауапты қызметкерлер,
еңбегін есепке алу мүмкін емес немесе жұмыс уақытын өздерінің
еңбек функцияларының ерекшеліктерін
немесе еңбектің сипатын
ескере отырып өз қалауымен пайдаланатын қызметкерлер, мысалы,
орманшылар)
нормаланбаған жұмыс уақыты (нормаланбаған
жұмыс күні
) белгіленеді. Бұл қызметкерлер өндірістік қажеттік
туындаған жағдайда өздері үшін белгіленген жұмыс уақытынан
тыс жұмысқа қосымша ақы төленбестен жəне бос демалыс күндері
берілместен тартылуы мүмкін.
Соған қарамастан, мұндай
қызметкерлер нормаланған – қалыпты немесе қысқартылған жұмыс
уақытынан кем емес уақытта жұмыс істеуі қажет. Асыра жұмыс
істеу мерзімнен тыс жұмыс ретінде саналмайды жəне ол үшін
қосымша демалыс беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: