137
№ 1(142)/2023
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Р.С. Тұрысбек
бағдарламаларына кіргізілмеді. Оның есімін
ел жадына оралту үшін ғалымдар ақынның
жалпы адамшылық
көзқарастарын діннен
бөліп қарауға мәжбүр болды.
«Диуани Хикмет» кітабында діни иман-
дылықты, жан тазалығын, ізгілікті үлгі етеді.
Даналық ойлары Баласағұни, Абай, Шәкәрім-
мен жалғасып, тамырласып жатады. Иассауи
бұл кітабын «Дәфтар сани» («Екінші дәптер»)
деп атаған. Оның себебі анық емес...
Әдебиетімізде Иассауидің Шәкәрімге дей-
ін үзілмеген сопылық дүниетанымның үрдісі
бар. Сопы болу – мына дүниеде өмір сүріп,
бұл дүниемен өмір сүрмеу. Бұл дүниенің пен-
дешілігінен жоғары тұру, дүниеқұмарлық,
қызыққұмарлықтан безу, арам нәпсіден тый-
ылу. Олар ғашықтықты Аллаға қарата айтады.
Материалдық
құндылықтан жан тазалығын
жоғары қояды...» [6, 79, 80].
Осы реттен келгенде, Қожа Ахмет Ясау-
идің «Диуани Хикмет» («Даналық сөздер»
- «Хикметтер») кітабы Алланың ақиқат жо-
лын, керемет те көркем қасиетін, адалдық
пен адамдықты, адамгершілік пен қайырым-
дылық істі қадірлеп – құрметтеп, үлгі-ғибрат
тұтудың
ғажайып көрінісі, өрнекті-өнегелі
өмір тағылымы болып табылады. Данышпан-
дық дидары, ғұламалық ғибраты, кемеңгерлік
келбеті, ақыл-парасаты мен біліми-ғылыми
Һәм діни-сопылық сипаттары – Қ. А. Ясауидің
даңқты есімі мен еңбегін, жарқын да жасам-
паз жолын, ғұламалық ғибратын, кемеңгерлік
қасиетін, кемел болмысын биіктете түседі [7,
208].
«Хикметтер» мазмұнына ден қойып, та-
биғаты
мен тағылымына мән берсек, Алла
ісін мадақ етіп, Ақиқат жолын көрсетіп, ар-и-
манға сеніп, адамшылық-адамгершілік мұрат-
тарды асқақтата түскенін анық аңғарар едік.
Әділетті істі ардақтап, игілікті-ізгілікті іске
кең жол ашады. Жасампаздық жолды ұста-
нып, жақсылық пен достықты ту етеді. Кісілік
пен кішілікті, мейірім мен қамқорлықты, ел-
шілдік пен отаншылдықты, бауырмалдық пен
еңбекшілдікті, берік дәстүр мен терең дүни-
етанымды, тарих пен танымды, тәлім-тәрбие
мен туыстықты, татулық пен тұтастықты, мөл-
дір махаббат пен сағыныш-сүйіспеншілікті,
сыйластық сырларын т.с.с. асыл арна, кең өріс
құрап, жан-жүректен қозғалып, көңіл толқы-
нымен жүйелі жеткізіледі.
Қ.А.Ясауидің «Диуани хикмет» («Даналық
сөздер» - «Хикметтер»)
еңбегін қайта оқып,
мән-мазмұнына назар аударғанда, алдымен
қоғамның басты байлығы – адам мен оның
өмірі, еңбегі мен әрекет-қимылы, Алла ісі, қа-
сиет-құдіреті, ақиқат жолы, әділетті іс, кісілік
пен кішілік, қарапайымдылық қағидаттары,
дүние дидары, дәстүр мен дін, ақыл-парасат,
білім-ғылым, тарих пен таным,
жастық пен
достық, жақсы мен жаман, тәлім-тәрбие арна-
лары, сыйластық сыры, тіршілік тынысы терең
танылады. Бастысы, Қазақстандағы – Сайрам
жерінде (байырғы Ислам орталығы) туғаны,
ата-анасы – ИбраҺим мен Қарашаш осында
тұрып, осы жерде қайтыс болады. Олардың
зираты мен күмбездері – Сайрамда тұр. Әкесі
шейх ИбраҺим – Сайрамның белгілі-беделді
әрі сауатты адамдарының бірі болды.
Ойға алсақ, асынан зерек, сергек те сезімтал
Ахмет жеті жұрттың тілін (араб, түрік, пар-
сы т.т.) ерте меңгеріп, оқу-білімге ден қояды.
Шығыс жағрафиясын, дәстүрі мен тарихын,
әдебиеті мен фәлсафасын жетік меңге-
реді.
Өлең-жырға бейім болып, өз жанынан
сөз шығарады. Олар, негізінен сыр-сезімге
құрылып, көркемдікке негізделген. Ізденіс
пен ізгілік басым, бедерлілік пен бейнелілік
мәні айқын, орамды ой
мен ойлы өрнектері
табиғи өріс алып, «айналасы жұп-жұмыр»,
көркемдік келісімі рухани-эстетикалық құн-
дылықтарға суарылған шымыр шумақтардан
тұрды. Бұлардың бәрі-баршасы түрік тілінде
жазылды. Ақиқат жолын ұстанды. Әділетті
істі мұрат тұтты. Өмір тағылымына ден қойды.
Шындықты шырақ етті. Мақсаты айқын, бағы-
ты берік болғандықтан, жүйелі түрде табиғи
өріс алып, шеберлікпен Һәм шешендікпен
арналы ағыс құрады. Жұрт жадында – Ахмет
айтты деген ақыл-нақыл,
қанатты-ғибратты,
өсиет-насихат сөздер, танымдық-тағылымдық
мәні мол ойлары мен толғаныстары кең та-
рады. Ел арасында өзінің де есімі мен еңбегі,
беделі мен жауапкершілігі, қадыр-құрметі,
бауырмалдығы мен мейірім-сыйластығы есе-
леп арта түсті.