136
№ 1(142)/2023
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы.
Филология
сериясы
ISSN: 2616-678Х, eISSN: 2663-1288
Ясауидің басына бастапқы тұста – Қарахан
үкіметі күмбез орнатқанымен,
Шыңғыс хан
шапқыншылығы тұсында (XIII ғ.) бұзылып,
жарамсыз күйге түсіп, қирайды. Бұдан кейін
даңқты тұлға Ақсақ Темір күмбезді жаңғыр-
тып, жаңадан салады. Әулиелік орын – маңы-
зды сипатқа ие болады. Архитектуралық мәні,
мәдени-рухани һәм көркемдік-эстетикалық
әсер-ықпалымен де алыс-жақыннан келген
ресми адамдарға, туристер мен жалпы жұрт-
шылыққа айрықша қызығушылық туғызып,
көңіл толқынын тербеп, жан құбылыстарына
мейірім шуағын шашып, нұрын төгіп, көркем
қасиеттерді меңгеруге мол мүмкіндіктер бе-
реді. Маңыздысы, оның басты еңбегі – «Диу-
ани Хикмет» Жаратушыны тану мен құрмет
тұту, Аллаға сиынып, оның қасиет-құдіретін
білу, ақиқат мәнін ашу,
адамшылық жолға
адалдық таныту ісін сөз етеді.
Қ.А. Ясауидің өмірнамасы, шығар-
машылық мұрасы көптен айтылып – жазылып
һәм зерттеу нысаны етіліп келеді. Ақиқатын-
да, Қ.А.Ясауидің «Диуани хикмет» («Даналық
сөздер» - «Хикметтер») еңбегі Қазанда (1889,
1902), Ыстамбұлда (1901), Ташкентте (1902,
1911) бірнеше рет жарық көрді.
Бұл бағытта, әсіресе Ресей шығыстанушы-
лары – Е. Э. Бертельс, А.Н. Самойлович, С. Е.
Малов, А.К. Боровков, Ә. Наджиб, түрік оқы-
мыстысы - Ф. Куприлизаде, өзбек ғалымда-
ры - Э. Рүстемов, Н. Маллаев, И. Хаққұлов,
қазақ зерттеушілері - М. Жармұхамедов, Ә.
Дербісәлі, М. Мырзахметұлы, С. Дәуітов, М.
Шафиғи, Х. Сүйіншәлиев, А. Қыраубайқы-
зы, Ә. Жәмішұлы, И.Жеменей, Кенжетай Д,
Б. Қорғанбеков т.б. біліми-ғылыми тұрғыдан
танып-талдап, зерттеп-зерделеп, кең түрде
қарастырды. Осы орайда, ақын-ағартушы,
қайраткер Һәм қаламгер М. Дулатовтың Таш-
кентке бара жатып, Түркістанға түсіп, хазірет
Сұлтанға зиярат еткендегі алғашқы әсері бы-
лай беріледі: «...Қожа Ахмет Яссауи хазірет-
лері хақында сөйлеген Һәм халыққа тараған
неше түрлі кереметтер жалғыз қара халық
пен саудагерлерді ғана емес, заманындағы
қаҺармандарды да өзіне тартқан...
Түркістанның мұнша атақты шаҺар бо-
лып, замандағы
хандар көз тігіп әрқайсысы
өзіне қаратып алуға қан төгіп, тарих жүзін-
де белгілі орын алуға себепші болған Қожа
Ахмет Яссауидің бейіті Һәм оның үстіне ор-
натқан мешіт – белгі екені мағлұм болды» [3,
229, 231].
Асылы, адам әлемі мен асыл мұраттарын
адамгершілік қағидаттарына негіздеп, ақиқат
жолын ұстанған – Қ.А.Ясауидің өмір тарихы,
отбасылық құндылықтары да ғибраттық-өне-
гелік қырларымен мәнді. Негізінен: «Ахмет
Йассауи – Түркістан қаласының тұрғыны. Өз
кезіндегі сауатты, білімді адамның бірі. Жа-
сынан исламдық тәрбие алған, діни мистика-
ны жақтаушы ақын. Ол - софылық идеядағы
поэзияның көрнекті өкілі. Оның бізге мәлім
шығармасы – «Диуани Хикмет» атты діни
уағыз, ғибрат өлеңдер жинағы. Туған және
тұрған қаласы Йасы (Түркістан) атымен өзі
де Йассауи атанып кеткен. Оның ата-бабала-
ры Қарахан мемлекетіне қызмет етіп, Сайрам
төңірегінде мекендеген адамдар» [4, 128].
Жас
кезінен исламдық тәрбие алып, со-
фылық идея бағытында болғаң Қ. А. Ясауидің
соңында қалған мұра-мирастарында ақиқат
жолы, адамгершілік мұраттар, жан құбылы-
стары айқын аңғарылады. Мұның өзі профес-
сор М. Мырзахметұлы айтқанындай: «...Ясау-
идің өзін жан ғылымының көшбасшысы, сол
ілімнің ғалымы ғана емес, оза шапқан хакімі
болуы себепті де, Әзірет Сұлтан аталып кет-
кені жай нәрсе емес» [5, 11].
Елдік тарихнамаға ден қойған тұста, Тұран
жерін мекен еткен түркі жұртына ғұламалық
қырларымен, кемеңгерлік қасиеттерімен,
ақын Һәм рухани ұстаз болған Қ.А.Ясауидің
шығармашылық мұрасының алтын діңгегі
мен асыл өзегі – Ислам дінінің қағидаттарына
адалдық танытып, ақиқат жолы мен софылық
идеяға басымдық береді. Анығында: «Иассауи
«Диуани Хикмет» («Хикметтер») кітабының
XV-XVI ғасырларда жазылған көшірме-қол-
жазбасы
кеңестер заманына дейін Қазан,
Ташкент қалаларынан бірнеше рет басылып
шығып, халықтың рухани сусынына айналған.
Жергілікті халық кітаптың үзінділерін ба-
ласын әлдилеп отырып жатқа айтатын еді.
Кеңес өкіметінің кезінде кертартпа идеологи-
яны насихаттайтын кітап ретінде саналып, оқу
Достарыңызбен бөлісу: