Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Поп-арт стиліндегі Қазақстан образы



Pdf көрінісі
бет17/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Поп-арт стиліндегі Қазақстан образы
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• шығармашылық жұмыстарда қолданатын 
қазіргі заманғы материалдарды, құралдар 
мен көркем техникаларды біледі;
• өз идеясын жеткізу үшін визуалды образ-
дарды және көркем құралдарды орынды 
қолданады. 
Ресурстар:
мұғалімге арналған көрсетілім материал, зерт-
теуге арналған альбомдар, түрлі түсті қарындаштар.


15
Көрк
ем еңбек
1-тарау. Визуалды өнер 
Әлемде Қазақстанның бренді деп атауға ла-
йықты не бар? Оқушылардан осы сұрақтар төңіре-
гінде де ойлануды өтініңіз.
Ықтимал жауаптар:
Оқушылар шаңырақ, «Бәйтерек», ұлттық ою, 
көк бөрі, апорт алма образдары арқылы
Қазақстан бейнесін қалай жасауға болатыны ту-
ралы ойланады. Бұл тұрғыда тудың көгілдір, алтын 
сары түстерін қалай пайдаланған дұрыс? Қандай 
нысандар қазақстандық сәулет өнерінің ерек-
шеліктерін паш етеді? Оқушылар қазақстандық 
брендтің негізгі элементі болуға лайықты белгілер 
туралы ойланады. Алтын шапақты Күн, қыран құс, 
алып «Бәйтерек» бейнелерін пайдалана отырып, 
өз идеяларының нобайын түсіріп, салыстырады.
Орындап көр. 
Оқушыларға ел бренді болуға лайықты бел-
гілерді талқылау барысында өздері айтқан
идеяларын жүзеге асырып көруге мүмкіндік 
беріңіз. Олар Қазақстанның келбетін бейнелейтін 
шығармашылық жұмыстарының нобайын салады. 
Жұмысты поп-арт стилінде орындайды. Алдымен
негізгі идеяны анықтайды. 
Оқушылар өз жұмыстарында Қазақстанның 
сәулет ескерткіштерінің образы мен қазақтың ұлт-
тық мәдениетінің белгілерін пайдалана алады.
Ойлан және сұрақтарға жауап бер.
Оқушылар әлемдегі танымал брендтерді си-
паттайды. Оларда не бейнеленгенін және оның 
себебін айтады. Қазақстандық бренд жасау кезін-
де белгілі бір нысандардың бейнесін пайдалану 
туралы идеяларымен бөліседі. Белгілі бір түсті, 
әдіс-тәсілдер мен материалдарды пайдалану мүм-
кіндігіне назар аударады. Келер сабақты жоспар-
лау үшін сіз оқушылардың осы тақырыпты қалай 
меңгергенін бағалауыңыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет