Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет18/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Қосымша тапсырмалар
Геральдика таңбасында, төсбелгіде, ұлт-
тық валюта банкноттарының дизайнында т.б. 
туындыларда дизайнерлер қандай бейнелер 
мен әдіс-тәсілдерді қолданған? Оқушылардың 
көріністі еске түсіру қабілеті мен бақылау, затты 
сипаттау қабілетін дамытуға тырысыңыз.
Бағалау
Оқушылардың зерттеу альбомдарындағы жұ-
мыстарын тексеріп, бағалаңыз. Олар алған тәжіри-
бесін әрі қарай жалғастыру үшін өзара пікірлесіп, 
ойларын ортаға салады. Бұл осы тақырып бойын-
ша логотип жасауға арналған келесі практикалық 
сабаққа дайындалуға мүмкіндік береді.


16
Көркем еңбек
Тірек сөздер: композиция, нобай.
Оқулық: Шығармашылық жұмысты бастаймын, 16-17 беттер. 
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Поп-арт – қарапайым бұқаралық мәдениет үлгілері қолданылатын өнер бағыты. Өнер сыншы-
ларының айтуынша, бұл белгілі бір тауар бейнеленген жай ғана жарнама және бірер сөйлемнен 
тұратын композиция. Бұрын суретшілердің шығармашылық нысаны, мысалы, гүл немесе жеміс на-
тюрморты болса, поп-арт стилінде қарапайым заттаңбалар мен қаптамалар, нақты бренд жазылған 
нысандар алына береді. Осындай қарама-қайшылық бола тұра поп-арт стилінде де композиция заң-
дылықтары сақталады. Нысандарды көбейтіп көрсету тәсілі алғаш рет поп-артта қолданылған. 
Композицияның негізгі қағидалары мен әдістері: 
• тұтастық, композиция ортасы – ортаңғы нүктені дақпен көрсету, басқа заттарды бадырайтып 
боямай, негізгі назарды ортаға аудару; 
• түстік контраст (бұл тәсілді көптеген суретшілер қолданады) – ашық түсте қара түс немесе 
қара түсте ашық түс қолданылады; 
• көлем контрасты – заттардың үйлесімі: кең және тар, биік және аласа, үлкен және кіші
• ритм – қайталанатын элементтер қозғалыс образын жасай алады; 
• динамика, композициядағы қозғалыс – диагональді қолдану композиция динамикасын көрсе-
теді; ортасы орнынан жылжытылған композиция – композициядағы динамиканы көрсету үшін ор-
тасы әдейі жылжытылады; 
• статикалық композиция – диагональ, ырғақтық элементтері жоқ – композиция тыныштықты 
бейнелейтін, аяқталған геометриялық денені көрсетеді
• композициядағы симметрия немесе ассимметрия
Сабақта оқушылармен бірге поп-арт суретшілері композиция қағидаларын қалай басшылыққа 
алатынын зерделей аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет