Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Өз жұмысыңды көрмеге дайында



Pdf көрінісі
бет27/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Өз жұмысыңды көрмеге дайында.
Оқушылар тұсаукесердің түрлерімен және 
тәсілдерімен танысқан соң, картиналарын көрме-
ге әзірлейді. Жұптасып немесе топтасып жұмыс 
істейді. 
Көрме ауқымын алдын ала анықтап алу керек, 
картиналардың бөлмеде немесе бөлменің жарты-
сында қалай көрінетінін, оларды ілу немесе орна-
ластыру мүмкіндіктерін қарастыру қажет. 
Қолайлы нұсқаны таңдаған соң соған қажетті 
материалдар мен жабдықтарды дайындау керек. 
Қонақтар шақырылатынын немесе шақырылмай-
тынын келісіп алу керек. 
Оқушылар картиналарын багетпен неме-
се паспартумен безендіреді. Кәсіби суретшілер 
секілді әр картинаның аты мен авторы туралы 
мәліметтер, сурет салу тәсілі көрсетілген заттаң-
балар дайындалады. Көрмеде толтырылатын ша-
блонды алдын ала дайындап қойған жөн. 
Орындап көр. 
Оқушылар тарауды оқу барысында орын-
далған жұмыстардың көрмесін ұйымдастырады. 
Олар көрмеде түрлі шығармашылық идеяларын 
көрсетіп, перфоманс жасауларына болады. Экс-
перимент және экспромт көрермендерге ғана 
емес, оқушылардың өздері үшін де қызық бола-
ды. Бәлкім кейбір оқушылар арт-фестивальдар-
да перфоманспен танысқан болар, ал бұл жолы 
өзінің автор ретінде өз жұмысын ұсынуға мүмкін-
дік жасалады.
Ойлан және сұрақтарға жауап бер.
Бұл айдарда өткен тарауға оқушылармен бір-
ге шолу жасаңыз, әр тақырыптың ерекшелігі-
не тоқталыңыз. Оқушылар өткен тақырыптар
бойынша зерттеу альбомдарын пайдаланып, 
маңызды тұстарын қайта талқылап, ойларын ор-
таға салады. Тараудың артықшылықтарын сезіну 
мен оқу барысындағы табыстары оларды әрі қа-
райғы жұмыстарға ынталандырады. 
Қосымша тапсырмалар
Оқушылардан өздері тұратын қалада не-
месе елдімекенде өтіп жатқан арт-шараларға, 
қолжетімді көрмелерге, мұражайларға баруды 
сұраңыз. Сонымен қоса жұмыстардың экспозици-
ясы – интерьер, драпировка, заттаңба т.б. қалай 
жасалғанына назар аударуды өтініңіз. Галереялар 
мен мұражайлардың сайттарын қарауды ұсы-
ныңыз. 
Бағалау 
Атқарылған жұмыстарды бүкіл сыныппен бірге 
талқылап, бағалаңыз. Оқушылардың өз жұмыста-
ры мен өзге оқушылардың жұмыстарын бағалауға 
белсенді қатысқаны маңызды. Талқылау кезінде 
олардың қиындықтарды қалай жеңіп, жетілгені-
не назар аударыңыз. Әлі де жетілдіретін тұста-
ры, оларды жақсарту туралы ұсыныстары ңызды 
ақыл-кеңес сипатында айтқаныңыз жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет