Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Барлығыңызды көрмеге шақырамын



Pdf көрінісі
бет26/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Барлығыңызды көрмеге шақырамын
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып:
• жасаған жұмыстарын көрмеге әзірлейді
• дайындаған жұмыстарын көрермендер наза-
рына ұсынады. 
Ресурстар:
көрме ұйымдастыру және перфоманс туралы 
көрнекі материал, көрмені дайындауға арналған
материалдар мен құралдар (багет, паспарту, скотч 
және т.б.). 
Сабаққа қатысты ескертулер
Оқушылар сабақ барысында бірінші тоқсанда 
жасаған жұмыстарының қорытынды көрмесіне 
дайындалады және көрме өткізеді. Көрмені қайда 
өткізуге болатынын анықтаңыз, өйткені ол көр-
менің ауқымын, қажетті ресурс тарды және уақыт-
ты алдын ала ескеруге мүмкіндік береді.
Ойлан. 
Тапсырма оқушыларды шығармашылық жұ-
мыстарын қалай ұсынуға болатыны туралы ойла-
нуға жетелейді. Олар көрмеге, арт-фес тивальдарға 
барғанда алған әсері туралы естеліктерімен 
бөлісе алады. Багет және паспарту туралы ақпа-
ратты мұқият қарауларын сұраңыз. Оқушылар өз 
үйлерінде картиналар мен фотосуреттердің қалай 
безендірілгенін еске түсірсін.
Анықта.
Оқушылар иллюстрацияларды зерттей оты-
рып, өз туындыларын көпшілікке қандай қолайлы 
тәсілдермен ұсынуға болатыны туралы ойланады. 
Иллюстрациялар мен картиналарды бекітетін түр-
лі тәсілдер көрсетілген. Бұл – қай тәсілдің тиімді 
екенін, жұмыстардың ретін, қандай ресурс тар қа-
жет екенін анықтауға мүмкіндік береді.


23
Көрк
ем еңбек
1-тарау. Визуалды өнер 
Сен білесің бе? 
Бұл айдарда шығармашылықты көпшілік наза-
рына ұсынудың ұтымды тәсілдерінің бірі туралы 
мағлұмат берілген. Бұл мағлұмат оқушылардың 
шығармашылық жұмысының нәтижесін қалай 
көрсетуге болатыны жөніндегі түсінігін кеңейтуге 
арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет