31
Көрк
ем еңбек
2-тарау. Сәндік-қолданбалы өнер
отырып, күйдіріп безендіруде ағаштың жұмсақ
түрін қолданған дұрыс болатынын айтыңыз.
Зертте.
Оқулықта әртүрлі материалдарды өз беттерін-
ше зерттеуге арналған тапсырма берілген. Зерттеу
үшін оқушыларға ағаш сынығын, сүйек, былғары
және басқа да қолда бар материалдарды беріңіз.
Оқушылар материалдардың
артықшылықтары
мен кемшіліктерін анықтайды. Нәтижесін жұмыс
дәптеріне жазады.
Бұл тапсырма күйдіруге жарамды материалдар
туралы білімді бекіту үшін қажет.
Материалдар Артықшы-
лықтары
Кемшіліктері
Ағаш
Құрылымы
біртекті,
беті жақсы
өңделеді.
Шытынап жарылады,
ауа температурасы
мен ылғалға
байланысты көлемі мен
пішіні өзгереді.
Былғары
Сүйек
Қағаз
Орындап көр.
Бұл тапсырма күйдіру техникасымен сурет
салу үшін қолданылған
материалды зерттеуге
арналған. Тапсырманы орындау барысы көркем
күйдіруде қолданылатын
материалдар туралы
көбірек білуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: