21
Көрк
ем еңбек
1-тарау. Визуалды өнер
Бейнелеу үшін кадр таңда.
Сурет салатын қағаз не басқа материал іздеу,
оған сурет салу тәсілдерін ойластыру – оқушыны
шығармашылық жұмысты жасайтын материалды
таңдауға және уақытты тиімді пайдалануға жете-
лейді.
Оқушылар үлкейтіп салу үшін комикстен кадр
таңдап алады. Оған алдыңғы сабақта өзі жасаған
комикс немесе оның бір бөліктері де жарайды.
Сурет көңіл-күйді немесе басқа да эмоциялар-
ды білдіретіндей болуы тиіс (оқушылар өздері
таңдаған кадр үлкейтілген соң қалай көрінетінін
елестетсін). Бейнелеудің ұтымды форматын ал-
дын ала таңдаңыз: А4, А3 немесе А2. Бұл кезең-
де оқушылар таңдап алған суретін форматқа
көшіреді. Кейбір оқушылар суретті «көз мөлшер-
мен» немесе көшіру тәсілдерімен салуы мүмкін.
Шығармашылық жұмысты әркім өз бетінше неме-
се жұптасып, шағын топпен жасайды.
Мұнда торкөз арқылы суретті үлкейту тәсілінің
бірі сипатталған. Осыған назар салған оқушылар
оны алдағы уақытта пайдалануға болатынын түсі-
неді. Қажет болса, оқушыларға суретті үлкейтуге
көмектесіңіз.
Орындап көр.
Оқушылар сурет салуды әрі қарай жалғастыра
отырып, басқа түстерді қосады. Сондай-ақ негізгі
түсті (ақ пен қара түстердің реңі) пайдалана оты-
рып, формасын, көлемі мен көлеңкесін анықтай-
ды. Акрил және гуашь бояуларды пайдаланған
дұрыс. Уақыт үнемдеу үшін нүктелер түсіретін
шаблон жасауға болады, ол бояу және трафарет-
пен тәжірибе жасауға мүмкіндік береді.
Ойлан және сұрақтарға жауап бер.
Берілген сұрақтар оқушыларға алған тәжіри-
бесін түйсінуге, мектеп өмірінде оны қалай пай-
далануға болатыны туралы ойлануға ықпал етеді.
Рой Лихтенштейннің шығармашылығы туралы
ойлануға, оның жұмыс тарының негізгі ерекшелік-
терін көрсетуге септігін тигізеді. Оқушылардың
материалды қаншалықты меңгергені қайтарған
жауаптарынан көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |