Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет25/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Қосымша тапсырмалар
Дайындалған комикске ат қоюды және жарна-
ма жасауды ұсыныңыз. Оқушылардан автор қан-
дай идеяны баса көрсеткісі келгенін сұраңыз. Ко-
микс кімдерге арналған?
Бағалау
Оқушылар өздері салған комикстерді екеуара 
немесе топ-топ болып, не сыныппен талқыласын. 
Тақырып сюжетінің қалай ашылғанына, визуалды 
элементтерге, сурет салу тәсілдеріне және туын-
дының толық біткеніне, уақытты ұтымды пайда-
ланғанына назар аударыңыз.


22
Көркем еңбек
Тірек сөздер: перфоманс, багет, көрме.
Оқулық: Барлығыңызды көрмеге шақырамын, 22-23 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Оқушылар суреттерін көрмеге қоймас бұрын алдымен оны безендіреді. Графика және кескін-
демелерді безендірудің алуан түрлі тәсілі бар. Көркем жұмысты безендірудің басты міндеті – оның 
идеясын көрнекі етіп көрсету, мазмұнын ашу. Сонымен қатар суретті бекіту тәсілдерін, қабырғаға ілу, 
картинаның аты туралы ақпараттарды, автор жайлы мәліметтерді т.б. жазуды ойластыру керек. 
Суретті багетке (ағаш, металл немесе пластик рама) безендіру. Сурет өлшеміне сай келетін 
багетті сатып алуға немесе тапсырыс беріп жасатуға болады. Өлшемге сай багет табыла қоймауы 
мүмкін, сондықтан сурет көлемінен үлкендеу багет алу керек. Мұндай жағдайда көлемін өзгертуге 
ыңғайлы паспартуды (қағаздан немесе қатты қағаздан жасалған жалпақ рама) пайдалануға бола-
ды. Паспартуды безендіру – суретті безендірудің қолайлы тәсілдерінің бірі. Шығыны аз оқушылар-
дың өздері де жасап ала алатын безендіру түрі. Паспартуға, әдетте ақ немесе түрлі түсті қатты қағаз 
пайдаланылады. 
Багет пен паспарту түсін сурет мәні мен жалпы тұжырымдамасына сай келетіндей етіп таңдайды. 
Көрермен көзі багетке немесе паспартуға ауып кетпей, суретке түсетіндей болсын. Олар тек суретті 
тартымды көрсетуі керек. Паспартудың төменгі жағын кеңдеу етіп жасап, онда суреттің аты мен ав-
торы туралы мәліметтер жазылған заттаңбаны бекітуге болады. 
Көркем туындыны жұртшылыққа көрсетудің тағы бір тәсілі – перфоманс (бұл да заманауи өнер 
түрі)Перфоманс – белгілі бір идеяны жеткізу мақсатында көрермен алдында көркем сөйлеу өнері. 
Оған арнайы сценарий құрастырудың немесе кәсіби актерді шақырудың қажеті жоқ. Перфомансқа 
кейде суретшілердің өздері де қатыса береді. Әдетте жеңіл сюжет ойластырылып, жұртшылықтың 
назарына көбірек түсу үшін халық көп жиналған жерде өткізіледі. Перфоманс кейде флешмоб түрін-
де өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет