25
Көрк
ем еңбек
2-тарау. Сәндік-қолданбалы өнер
Сәндік-қолданбалы өнер
Қымбатты мұғалім!
Бұл тарауды оқыту кезінде оқушыларды көркем күйдіру (пирография) өнерімен тереңірек танысты-
ру үшін әртүрлі материалдарды, атап айтқанда, ағаш, ұшқат (фанера), тері, сүйек және тағы да басқа
көптеген шикізаттарды күйдіріп өрнектеуді үйрету керек.
Тарау тақырыптарын оқу барысында оқушылар зерттеу жұмыстардын жүргізіп, сан алуан сұрақта-
рына
жауап табады, күйдіре өрнектеудің түрлі әдіс-тәсілдерін игереді.
Осы ретте олар пирография
дегеннің не екенін, көркем күйдіріп өрнектеудің қалай пайда болғанын білетін болады. Сондай-ақ,
көркем күйдірудің сан алуан техникалары мен әртүрлі материалдарды әшекейлеу тәсілдерін игереді.
Дизайнерлік дағдыларды қалыптастырып, сыртқы тұрпаты жағынан сүйкімді әрі тұрмысқа қажетті көп-
теген заттар жасауды үйренеді.
Оқушылар өз жұмыстары мен өзгелердің жұмыстарын өзара салыстыра отырып, бағалайтын бола-
ды, өз жұмыс тарын көрермендер назарына ұсыну үшін әртүрлі көрме ұйымдастырады.
Оқушыларды оқу үдерісінде
ұдайы жігерлендіріп, ынталандырып отыруға тырысыңыз.
Іске сәт! Шығармашылық табыс тілейміз!