Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет47/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сабақ/
тақырып 
Қандай қиыншылық 
кездесті? 
Қалай шешуге/
жақсартуға болады?
Ескертулер 


41
3-тарау. Дизайн және технология
Дизайн және технология
Қымбатты мұғалім!
Оқушылар тарау тақырыптарын оқу кезінде ағашты өңдеуге арналған заманауи технологиялық 
мәшинелермен танысады, ағаш жонуға арналған токарь білдегі жайлы оқып-біледі және қарапайым 
токарьлық жұмыстарды жасайды. 
Оқушылар өз беттерінше сабақ барысында жонылатын бұйымдардың дизайны мен олардың 
техникалық құжаттамасын дайындайды. Жонылған бұйымдарды сәндейді, шығармашылық жұмыстарын 
көрмеге дайындайды және оларды көпшілік назарына ұсынады. 
Тарау материалын оқып-үйрену кезінде оқытудың жеке, жұппен, топпен жүргізілетін әдістері 
мен тәсілдерін пайдалану, әрбір оқушының білім деңгейіне қарай сараланған тәсілдерді қолдану
зерттеу сипатындағы тапсырмаларды пайдалану қажет. Өткізілетін тақырып бойынша мүмкіндігінше 
бейнежазбаларды көрсетіп, мультимедиалық жабдықтарды қолданған дұрыс. 
Оқушылар орындаған әрбір тапсырмадан кейін олардың жұмыстарына түсінік бере отырып
формативті бағалау жасау керек. Әрбір сабақтан кейін оқушының сабаққа қатысуына өзіндік талдау 
жүргізу мақсатында рефлексия жүргізген жөн. 
Токарь білдегінде жонылатын бұйымдар материалдарды технологиялық мәшинемен механикалық 
өңдеудің бір үлгісі ретінде ұсынылған. Жону арқылы жүзеге асырылатын өңдеудің бұл түрі міндетті емес. 
Тараудың келесі тақырыптарында механикалық өңдеудің басқа түрін таңдауға болады. Шеберханада 
ағаш жонатын токарь білдегі болмаса, жону арқылы өңдеудің басқа түріне ауыстыра аласыз. Мысалы, 
бұйымды электр қоларамен кесуге, шағын үстелдегі фрезер білдекпен өңдеуге де болады. 
Оқыту ісінде шығармашылық табыс тілейміз! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет