52
Көркем еңбек
Тірек сөздер: айналмалы денелер, қисық сызықты бет, фасонды кескін жонғыштар, бөлшектердің
құрастырмалы элементтері.
Оқулық: Күрделі фасонды бұйымды механикалық өңдеу, 52-53 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Айналмалы денелердің бетін өңдеудің негізгі тәсілі -
жону. Токарь білдектерінде
өңделетін ағаш
айналып немесе жылжып тұрғанда кесіледі. Фасонды бөлшектерде цилиндр, конус, сфералық және басқа
беттер үйлеседі. Бұрыштарды дөңгелектету
галтель деп аталады.
«Галтель» – неміс тілінен аударғанда
ойық дегенді білдіреді. Фасонды бет жасау үшін ағашты жартылай дөңгелек қашаумен жона отырып,
цилиндр пішініне келтіреді.
Цилиндр бет деп берілген бағытқа параллель болатын, берілген сызықты кесіп өтетін түзудің қозғалысы
арқылы жасалатын бетті атаймыз. Токарь білдегінде шар тәрізді сфералық бетті, әртүрлі күрделі фасонды
беттерді жонуға болады. Контур – француз тілінен аударғанда
пішіннің жиектерін көрсететін сызық.
«Фасон» термині француз тілінен аударғанда
пішін, үлгі дегенді білдіреді. «Сфера» сөзі грек тілінен
шар
деп аударылады. Мұндай беттерді қашаумен де, доға бойынша жылжытып отырып та жонуға болады.
Күрделі фасонды бұйымды механикалық өңдеу
Оқушылар сабақ тақырыбын
меңгере отырып:
• материалдардың функционалдық және
эстетикалық сапаларын жақсарту үшін
оларды өңдеп,
бұйымдарды әрлейді;
• фасонды беттің функционалдық элемент-
терімен және айналу денелері пішіндерінің
бөлшектерімен
танысады;
• конустық және фасонды бетті бұйымдарды
жону кезінде токарь қашауларымен жұмыс
істеу тәсілдерін үйренеді.
Ресурстар:
токарь білдегі, ағаш өңдеуге арналған
құрал-саймандар
мен құрылғылар; өлшеу және
белгілеу құралдары; жалпақ, цилиндр, конус және
күрделі
пішінді бұйымдар; сфералық беттің кес-
кінін тексеруге арналған қатты қағаздан жасалған
шаблондар; кескін кескіштер.
Достарыңызбен бөлісу: