Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет62/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Қауіпсіздік ережелері 
Жұмыс жасар алдында қауіпсіздік техника-
сы жөнінде нұсқаулық өткізіңіз, арнайы киімнің 
дұрыс киілуін қадағалаңыз.
Орындап көр.
Тапсырма оқушылардың алған білімдерін 
тәжірибеде бекітуге бағытталған. Оқушылар өт-
кен сабақта алғаш өңделген ағашты пайдаланып, 
токарь білдегінде сап жонып көреді. Бұл тапсыр-
маны орындау үшін оқушыларға алдын ала әзір-
ленген технологиялық картаны таратып беріңіз. 
Сап жасау үшін мыналарды орындау керек: 
• ағашты үш ашалы құралға бекіту; 
алғашқы жону
• фасонды бетті жону; 
• шеттерін кесу; 
Мүмкіндік болса, «Егеу сабын жонудың» бейне-
жазбасын көрсетіңіз. Тәжірибелік жұмыс алдын-
да оқушылардан мына сұрақтарға жауап беруді 
сұраңыз. Токарь білдегінде жонуға арналған ағаш 
кесіндісі қалай аталады? Үш ашалы тетікке бекіт-
пес бұрын кесіндіні қандай пішінге келтіреміз? 
Шеттерін кесуге қандай қашау қолданылады? 
Оқушыларға алдымен әрқайсысы жартылай 
дөңгелек рейер қашаумен жалпақ бетті алғашқы 
жонуды ғана орындайтындарын түсіндіріңіз. Со-
сын қиғаш қашау мейсельмен, жартылай дөңге-
лек қашаумен алмастыра отырып, сфералық бетті 
жонады да, шеттерін кеседі. Осы сабақта өте
мұқият, тәртіпті болып, барлық қауіпсіздік ереже-
лерін сақтау керектігін еске салыңыз. 
Әр оқушыға алдыңғы сабақта өңделген сегіз 
қырлы ағашты таратыңыз. Ағашты үш ашалы тетік-
ке бекітіп, одан кейін оны айналдырғышқа бекітуді 
сұраңыз. Сосын артқы қысқышты жылжыта оты-
рып бекітіп, ағашты ортасымен қысып, күпшені 
бекітіп, сосын тіректі дәлдеу керек. Оқушының 
жұмысын бақылаңыз. Ағаштың бекітілгенін, тірек-
тің саңылауын тексеріңіз. Қауіпсіздік ережелерін 
сақтауды тағы да еске салыңыз. Содан кейін ғана 
оқушы білдекті қосады. Басқа оқушыларға қо-
сылып тұрған білдекке жақындауға, жұмыс істеп 
тұрған оқушыны мазалауға, кеңес беруге тыйым 
салынады. Оқушының жұмысын бақылаңыз, ке-
рек кезінде түзетіңіз. 
Әрі қарай оқушы сфералық бетті жонуға, сап-
тың шеттерін кесуге кіріседі. 
Өлшем жүргізіп, белгі жасау туралы еске 
салыңыз. Қол арамен ағаш шеттері кесіледі. 
Оқушыларға технологиялық картаны таратыңыз. 
Ағаш шебері құралдарына арналған саптарды 
көрсетіңіз және карта суретіндегі сап кескінінің 
конструкциялық элементтерімен таныстырыңыз. 
Оқушылармен бірге технологиялық карта 
бойынша жонудың ретін және қолданылатын 
құралдарды оқып, зерделеңіздер. Оқушылар 
алғашқы жонуды, сфералық бетті жонуды және 
шеттерін қалай кесетінін анықтасын.
Бағалау 
Жұмыс аяқталғаннан кейін сыныппен бірге жо-
нылған бұйымдарды талдаңыз және оларды баға-
лаңыз. Әр оқушы сызба бойынша өз саптарының 
өлшемін тексерсін. Сызбадағы саптың өлшеміне 
сәйкес келе ме? Оқушылардың бетті өңдеу жұмы-
сының сапасын да бағалауын сұраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет