Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет67/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Суреттерге мұқият қара. 
Оқушылар суреттерге қарап, бұйымдардың 
қандай технологиямен әзірленгенін оқып-үйренуі 
тиіс. 
Ықтимал жауаптар: 
Қобдишадан басқа бұйымдардың барлығы біл-
декте фасонды бетті жону арқылы әзірленген. 
Оқы, қызық! 
Бұл айдарда ағаштың жылдық белдеу сақинала-
ры, олардың қандай ағаштарда кездесетіндігі және 
сол арқылы ағаштың жасын анықтау жолдары тура-
лы ақпарат берілген. 
Нобайын түсір.
Бөлшек қанша қарапайым болса да, өндірісте 
алдымен осы бөлшектің нобайы, сызбасы сызы-
латынын, сосын технологиялық картасы дайында-
латынын түсіндіріңіз. Оқушылардан сіріңке қора-
бының пішіні мен өлшемін толық көлемде көру 
үшін сызбада оның қандай көріністерін (алдынан, 
жанынан және үстінен қарағандағы) көрсету ке-
ректігін сұраңыз. Цилиндр бөлшекті бейнелеу 
үшін қанша көрініс (алдынан және жанынан қа-
рағандағы) көрсету керек? Шарды бейнелеу үшін 
қанша көрініс қажет (тек алдынан қарағанда)? 
Оқушыларға бұйымдарды дайындау және әзірлеу 
үшін технологиялық және конструкциялық құжат-
таманы білуі қажет екенін түсіндіріңіз. 
Есіңе түсір.
Бұл тапсырма технологиялық картаны дайын-
дау мақсатын толық түсіндіру үшін беріл ген. 
Осы тапсыр ма арқылы оқушылар техноло гия-
лық картаны жазу ретін есте сақтайды. Аталмыш 


55
Көрк
ем еңбек
3-тарау. Дизайн және технология
алгоритм 
бойынша 
жеке 
технологиялық 
карталарын жасай алады. Оны дайындар алдында 
күрделі фасонды бұйымдарды көрсетіңіз. 
Болашақта жасалатын бұйым қолдану мақсатына 
сәйкес келуі тиіс және дайындау кезінде ең жақсы 
нұсқаны таңдау қажет.
Орындап көр. 
Бұл тапсырма бұрын алған білімді тәжірибе 
жүзінде жүзеге асыруға арналған. Осы арқылы 
оқушылардың ойлау әрекеті мен креативті 
әрекет ету дағдыларын дамытуға болады. 
Оқушылар кескінді жасауға кіріседі. Пішінді 
жасауға қиналса, дайын бұйымдар арасынан 
немесе оқулық бойынша пішін таңдауды 
ұсыныңыз. Сондай-ақ бөлшектің сыртқы 
сипатын әсемдеуде қолданылатын жүз, ойықтар, 
білікшелер (белдемелер) сияқты фасонды беттің 
құрастырмалы элементтерін еске салыңыз. 
Оқушылар бұйымды дайындау барысында 
оның сызықтық мөлшерлерін, әзірлеуге қажет 
болатын материалды айқындап алуы тиіс. 
Олар бұйым нобайын салады, мөлшерлер мен 
материалды қойып шығады. Оқушыларға цилиндр 
пішін бөлшектерінің но байлар мен сызбаларда 
бір ғана алдыңғы жағынан бейнеленетінін еске 
түсіріңіз. 
Оқушылардан «Есіңе түсір» тапсырмасы 
бойынша сызбаны орындау реті жайлы айтып 
беруін сұраңыз. Алдымен көлденең штрихталған 
үзік сызықты осьтік сызық жүргізіліп, сосын (негізгі) 
сұлбалық сызықпен осьтік сызыққа симметриялы 
түрде бөлшектің пішіні сызылады және сызықтық 
мөлшерлер – диаметрлер, пішіндер дөңгелегінің 
радиустары, жүздер мөлшерлері қойылады. 
Сфералық беттер үшін «сфера» деген жазуы бар 
радиус немесе диаметр қойылады. Айналу осі 
бойындағы барлық мөлшерлер таңдалған базаға, 
мысалы, бүйір жаққа қатысты салынады. 
Нобайды дайындағаннан кейін технологиялық 
карта жасауға көшу керек. 
Технологиялық үдеріс дегеніміздің не екенін 
түсіндіріңіз, оқушыларды технологиялық іс-
әрекеттермен таныстырыңыз. Мысалы, токарь 
білдегінде жону, бұрғылайтын білдекте бұрғылау, 
бөлшектерді шерхебельмен немесе верстакта 
сүргімен сүргілеу – барлығы технологиялық іс-
әрекет болып табылады. Оқушылар ағаш өңдеу 
құралы үшін қалам ұштаған технологиялық 
картаны естеріне түсірсін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет