61
Көрк
ем еңбек
3-тарау. Дизайн және технология
кейін бұйым жайлы
ақпарат жазылған заттаңба
әзірлейді. Оқушы өз жұмысын таныстыра алатын-
дай дайындалсын. Дәл осы бұйымды неліктен
таңдағанын, оның қолданылу мақсатын, әзірлену
кезеңдерін айтып беруі тиіс. Әзірлеу кезінде қан-
дай қиындықтар болды? Оны қалай шешті? Оқушы
неліктен безендірудің дәл осы тәсілін таңдады?
Қандай материалдар мен құрал дарды қолданды?
Афиша жаса.
Берілген тапсырма оқушылардың шығар-
машылық дағдыларын дамытады. А4
параққа
осы тақырып немесе бағыт бойынша көрме лого-
типінің нобайын салуды ұсыныңыз.
Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір топтан
өз жұмысын таныстыруын сұраңыз. Оқушылар-
мен бірге талқылау жұмысын жүргізініз, көрмені
өткізудің ең сәтті нұсқасы мен логотипін таңдаңыз.
Әрбір топтың жұмысын бағалаңыз.
Оқушылармен бірлесіп,
өз жұмыстарының
көрмесін ұйымдастырыңыз. Балалаларды шығар-
машылыққа тарту мақсатында оқушылардың жұ-
мыстарын басқа сынып оқушылары көргені дұрыс.
Орындап көр.
Оқушылар жұмыстарын таныстыру дағдыла-
рын бекітеді. Тәжірибеде көрме жасауды, оған
қатысуды және
жұмысын таныстыруды байқап
көреді. Көрме кезінде оқушылар көрермендер-
мен пікірлеседі. Ол үшін стикерлер мен шағын
қорап дайындап қоюға болады.
Көрме алдында
стикерлерді келушілерге арналған қорапқа салып
қою керек. Келушілер стикерлерге ойларын жа-
зып, басқа қорапқа салады. Пікір сұраудың басқа
да түрлерін ойлап табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: