Назар аудар.
Бұл айдар оқушылардың әртүрлі ағаш беттерін
өз беттерінше жонуды үйренуіне арналған. Фасон-
ды беттерге цилиндр, конус, сфералық беттердің
үйлесімі жатады. Фасонды беттерге тән элемент-
тің бірі – галтель (ойық), яғни бұрышты дөңгелету.
Цилиндр, конус беттерге қарағанда фасонды бет-
терді жону қиынырақ. Бөлшектің кейбір элемент-
терінің ұзындығын да, диаметрін де нақты өлшеу
қиын.
Конус және фасонды бөлшектерді жону беті
жалпақ, тегіс цилиндр бөлшектерді жонуға ұқ-
сас,өйткені олар кесудің бір түрі ғана. Фасонды
және конус беттерді жону кезінде құралды ұстау,
ағашты білдекке бекіту тәсілдері мен құрал-сай-
мандары бірдей болып келеді. Қашаудың қалы-
бын түсіндіріп, токарь білдегінде конусты және
фасонды бөлшектерді жону тәсілдерін өзіңіз көр-
сетіңіз.
Орындап көр.
Оқушылар цилиндр бетті өңдеп көреді. Конус
бетті жартылай дөңгелек қашаумен жонған кезде
негізгі өңдеуге орын қалдыра отырып, жонылған
ағашқа алдымен конус пішінін береді. Конустың
негізі – жонылатын ағаштың сол жағы. Сосын
білдекті тоқтатып, тіреуішті конус пішінін құрай-
тын бетке параллель болатындай бұрады. Керек-
ті пішін шыққанша ағашты жона отырып, қиғаш
қашау ды конустың негізінен төбесіне дейін апа-
рамыз. Конусты бөліктерді жұлқымай, бірқалып-
ты басып жонады. Цилиндрді жонғанға қараған-
да өлшеу лер жиі жүргізіледі. Негізгі өңдеуде бұл,
әсіресе, конустың төбе жағына қатысты. Өлшем-
дерді кронциркуль мен сызғыш арқылы бақылай-
ды.
Фасонды бетті жонуды сфералық бетті жону
мысалында көрсетіңіз. Алдымен жартылай дөң-
гелек қашау көмегімен ағашты қажет диаметрдегі
жалпақ беті бар цилиндр пішініне келтіреді, сосын
қарындашпен бір беттің екінші бетке ауысу орнын
белгілеп, қашаумен тілік жасайды. Жонудың ал-
дында нобай немесе сызба бойынша картоннан
қалың етіп кесіп алады. Фасонды бетті бұйымның
үлгісін көрсетіп, оған картоннан қиылған қалып-
тың кескінін қойыңыз. Сосын тіктөртбұрышты жы-
рық жонады да, негізгі өңдеуге орын қалдырып
кетеді. Әрі қарай кертікпен сфералық беттерді
жонады. Қиғаш және жартылай дөңгелек қашау-
лармен жонады. Фасонды беттің дұрыстығын қа-
лыппен, сонымен қатар кронциркуль және штан-
генциркульмен тексереді. Негізгі жонудан кейін
қалып жонылып жатқан кескінге жабысып, жо-
нылған бетке тығыз тиіп тұру керек.
Дөңес бетті жонған кезде дөңестің ортасынан
бастап шетіне қарай жонады. Ойыс бетті жонған-
да қашауды ойыстың шетінен оның ортасына
жылжытады.
Материалды толық түсіну үшін «Ойлан және
Достарыңызбен бөлісу: |