Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Тәжірибелік жұмысқа дайындал



Pdf көрінісі
бет70/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Тәжірибелік жұмысқа дайындал. 
Тапсырма тәжірибелік жұмысқа даярлануға 
бағытталған. Жұмысқа кірісер алдында қауіпсіздік 
техникасы бойынша нұсқаулықты түсіндіріңіз. 
Оқушылар қауіпсіздік ережелері бойынша үлгілік 
нұсқаулықты және токарь білдегінде қауіпсіз жұмыс 
істеу тәсілдері мен әдістерін еске түсіріп, айтып бер-
сін. Арнайы киімнің дұрыс киілуін тексеріңіз. Оқушы-
ларға бұйымды әзірлеуге арналған технологиялық 
картаны оқып-үйренуді, технологиялық іс-әрекет-
тердің ретін, жұмыс істеу үшін қандай жабдықтар 


57
Көрк
ем еңбек
3-тарау. Дизайн және технология
мен құралдардың қажет болатынын түсіндіруді ұсы-
ныңыз. Фасонды бет пішіндерін тексеруге арналған 
шаблондарды қарап шығыңыз. Бұдан кейін оқушы-
лар мұғалімнің бақылауымен сегіз бұрышқа дейін-
гі жонылатын ағаштарды өңдейді, бірақ бір-бірден 
жұмыс істейді. Оқушы құрылғыға ағашты өз бетін-
ше бекітеді, сосын артқы қысқыштың ортасымен 
ағашты қыса отырып, токарь білдегі айналдырғысы-
ның білігіне үш тісті тетікті орнатады. Тірек орнаты-
лады. Білдекке ағаштың қаншалықты мықты бекітіл-
генін және ағаш пен тірек арасындағы саңылауды 
міндетті түрде тексеріңіз. Жону кезінде оқушылар-
дың қауіпсіздік ережелерін сақтауын және іс-әре-
кет кезендерін орындауын қадағалау керек. Қажет 
болғанда оқушының әрекеттерін түзету қажет. Жону 
жұмысы аяқталған соң әрбір жұмысқа түсінік бере 
отырып, бағалаңыз.
Орындап көр.
Тапсырма оқушылардың тәжірибелік дағдыла-
рын дамытады. Аталмыш тапсырмада оқушылар 
бұйымдарын технологиялық карта бойынша жо-
нады. Ол үшін қосымша бұйымды, оқулықта баян-
далған қасықты жасау алгоритмін қолдана алады. 
Оқушылардың білдектегі жұмысын қадағалаңыз. 
Оларды қараусыз қалдырмаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет