Электрарматура мен тұрмыстық аспаптарды жөндеу
Оқушылар сабақ тақырыбын
меңгере отырып:
• тұрмыстық аспаптарда қарапайым жөндеу
жұмыстарын жасауды үйренеді;
• бақылау-өлшеу аспаптарын таңдауды және
қолдануды үйренеді;
• тұрмыстық аспаптардың электр тізбек-
теріндегі ақауын табуды үйренеді.
Ресурстар:
тұрмыстық аспаптар бейнеленген суреттер
(үстел шамы, қабырға шамы, шамдалдар), әрбір
оқушыға арналған электртехникалық құралдар,
тұрмыстық аспаптар, өлшеуіш аспаптар жайлы
бейнематериалдар, қауіпсіздік шаралары туралы
бейнесабақтар, гальваникалық элементтер (бата-
реялар), бақылау-өлшеу аспаптары, индикатор-
лар, сандық мультиметр.
Сабаққа қатысты ескертулер
Оқушылардың назарын электр немесе тұр-
мыстық жылыту жабдықтарының уақыт өте келе
бұзылатынына аударыңыз. Бұзылған жерді іздеуді
механикалық зақымдар мен электрсымдарының
үзілуін визуалды қараудан бастап, бақылау-өлшеу
аспабымен (мультиметрмен, индикатормен) элек-
трсымының, электрайырының, патронның байла-
нысы болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын
тексеру керек. Бұл жұмысқа ең қолайлы құрал -
электриктің сынақ аспабы деп аталатын индика-
торлық аспап болып табылады.
Ойлан.
Бұл тапсырма ойлау әрекетін дамытуға беріл-
ген. Оқушылар оқулықтағы сұрақтарға жауап бер-
сін. Электрарматураға және тұрмыстық техникаға
жататын аспап атаулары ұсынылған. Оқушылар
зерттеу альбомына кесте жасасын. Осылайша ас-
паптардың қайсысының қайда жататынын біледі.
Индикатор – латын тілінен аударғанда көр-
сеткіш деген мағынаны білдіреді. Ол – қандай
да бір өлшемнің өзгеруін көрсететін аспап. Ал
бұрағыш-индикатор – электр желісіндегі ақаулар-
ды «іздегіш» аспап. Материалды бұдан әрі мең-
герту үшін бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану
ережелері жайлы айтып берген жөн.
Байланыстарды жалғастыру тораптарында,
сымда индикаторды (сынаспапты) және т.б. пай-
далану тәсілдерін көрсеткен дұрыс.
Назар аудар.
Бұл тапсырма салыстыру, қорытынды жасай
білу дағдыларын жетілдіруге арналған. Оқушылар
екі суретке қарай отырып, оларды салыстырсын
және электртехниканы жөндеу кезінде индика-
тордың және индикаторлық бұрағыштың жұмыс
жолын көрсетсін.
Оқушыларды бақылау-өлшеу аспабы – сан-
дық мультиметрді пайдаланумен таныстырыңыз.
Материалды түсіндіруде интернет-ресурсты пай-
далануынызға болады. «Сандық мультиметр»,
«Мультиметрді қалай қолдану керек?», «Тоқ күшін
өлшеу. Амперметрді тәжірибеде қолдану. Бұл
|