Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Ойлан және сұрақтарға жауап бер



Pdf көрінісі
бет83/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Ойлан және сұрақтарға жауап бер. 
Оқушылардың белсенді ойлау әрекетін анықтау 
мақсатында сабақ кезінде рефлексия өткізіңіз. 
Олардан сұрақтарға жауап беруді өтініңіз.


68
Көркем еңбек
Тірек сөздер: кемпірауыз, тістеуік, монтёр пышағы, бұрағыш, оқшаулағыш таспа.
Оқулық: Электрарматура мен тұрмыстық аспаптарды жөндеу, 68-69 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар 
Электрайыр – электр баусымының ұшындағы желілік айыр, ол розетка арқылы қандай да бір 
электрлік аспапқа электр энергиясын беруді жүзеге асырады. Электрайыр кейде тұтасымен бұзыла-
тындықтан, оны ауыстыру қажет болады. Ондайда электр баусымымен қоса ауыстырылады. Электр- 
айырларға арналған қандай да бір халықаралық стандарт жоқ. 
Электр тогы электр розеткалары арқылы беріледі. Розетканың қызметі – электраспаптарға электр 
тогын жіберіп, байланыстарды сапалы әрі қауіпсіз тұйықтау болып табылады. Электражыратқыш 
электрқұрылғысын токқа қосып, ажыратуға арналған. 
Бұрандалы цоколі бар шамдарға арналған электр патроны – байланыс жүйесі орнатылған электр 
оқшаулағыш корпустан тұрады. Қыздыру шамдарына арналған патрондар түрлі мақсаттағы жа-
рықтандырғыш құралдарды іске қосуға, мысалы сәндік шамдалдар үшін пайдалануға арналған. 
Бұл конструкция құрылысы жағынан қарапайым: патронда шам цоколі мен ток жүретін, сыртқа 
шығарылатын өткізгіштер байланыстарды ұштастырылатын жерлері жақсы желдетіледі, бұл па-
тронды қызып кетуден сақтайды және пайдалану кезінде қауіпсіздікті арттырып, корпустың сыртқы 
әсемдігін сақтауға септігін тигізеді.
Электрарматура мен тұрмыстық аспаптарды жөндеу 
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• электртехникалық арматураны қарапайым 
жөндеу тәсілін үйренеді; 
• материалдарды пайдалануды және қа-
уіпсіздік техникасын сақтай отырып, құрал-
дарды қолдануды үйренеді. 
Ресурстар:
әр топқа арналған тұрмыстық аспаптар бей-
неленген суреттер (электрайырлары, электр 
ажыратқыштар, электр розеткалары, электр 
патрондар), әрбір оқушыға ұсынылатын электр-
техникалық құралдар, электртехникалық арматура 
бойынша бейнематериалдар, оқушылардың аты-
жөні жазылған қауіпсіздік техникасы журналы
гальваникалық элементтер (батарейкалар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет