Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Қауіпсіздік ережелерін есте сақта!



Pdf көрінісі
бет85/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Қауіпсіздік ережелерін есте сақта!
Оқушылар бұзылмаған құралмен жұмыс жасау, 
монтёр пышағымен жұмыс істеу кезінде ерекше 
сақ болу, оқшаулағыш қабықты және ток жүретін 
тарамды алуды тек төсеме тақтада жүзеге асыру 
керектігін біледі. Бұдан басқа пышақты көлбеу 
ұстау, өзіңнен кері жаққа кесу керектігін, тісте-
уіктер, кемпірауыздар, қысқаштар, үшкір тістеуік-
тер мен қысқыштарды сыртынан ұстау, сымдар-
ды мықтап оқшаулау, жалғағыш бұрандаларды
тығыздап тарту, кұрас тырғаннан кейін тізбекті 
кернеуі 42 В аспайтын желіге мұғалімнің рұқса-
тымен ғана қосу керектігін білуі тиіс. 
Орындап көр. 
Материалды түсіндіргеннен кейін жұппен не-
месе топпен тәжірибе жасаған дұрыс. Оқулықта 
сымдарды тазарту мен ұштаудың, электррозетка-
сын жалғау және құрастыру суреттерінің үлгілері 
келтірілген. Топтасқан немесе жұптасқан оқушы-
ларға электрсымын жалғау үшін электрармату-
ралар (электр патроны, электражыратқыш, элек-
трайыр) беріледі. Оқушылар өз міндеттерін бөліп 
алады. 
Топ мүшелерінің бірі сымды оқшаулағышты та-
зартады, келесісі жөндеуге электрарматура корпу-
сын даярлайды. Топтың әрбір мүшесі орындаған 
жұмысы үшін жауап береді. Бұл жұмыс балаларды 
жауаптылыққа, жұмысқа мұқият қарауға үйретеді. 
Ойлан және сұрақтарға жауап бер. 
Оқушылардың қойылған сұрақтарға қайтарған 
жауаптарын тыңдаңыз және оларды талқылаңыз.


70
Көркем еңбек
Тірек сөздер: индикатор, мультиметр.
Оқулық: Электрарматура мен тұрмыстық аспаптарды жөндеу, 70-71 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Мультиметр – дисплейден, көп функциялы айырып-қосқыштан және баусымды қосуға арналған 
ұялардан тұратын өзегі бар құрылғы. Өзек – электрқұрылғылардың бір-бірімен байланысуына ар-
налған оқшаулағыш тұтқасы бар білік. Қарапайым түрлеріне қарағанда сандық мультиметр ақпараттық 
мәліметтерді көрсететін сұйық кристалды дисплейімен ерекшеленеді. Сондықтан да жұмыс кезінде 
қателікке жол берілмеуі тиіс. Аспапты пайдалану қарапайым және ерекше күтімді қажет етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет