69
Көрк
ем еңбек
4-тарау. Үй мәдениеті
Сен қалай ойлайсың?
Тапсырма оқушылардың
ойлау әрекетін дамы-
туға бағытталған. Олар сымдардың қандай мате-
риалдардан жасалатынын, олардың мыс немесе
аллюминийден жасалу себебін, сымдардың нелік-
тен оқшауланатынын, электр жабдықтарды жөн-
деумен айналысатын кәсіп иесін қалай атайтыны-
нын біледі.
Анықта.
Тапсырма зерттеу дағдыларын дамытуға бағыт-
талған. Оқушылар суреттерге қарап, электр жаб-
дықты жөндеу үшін қандай құралдардың қажет
екенін анықтауы тиіс.
Әрбір құралдың атауын
нақтылаңыз.
Электртехникалық арматураны жөндеу кезін-
де сымдарды жалғастыру қажет. Тарамдар мен
сымдарды арнайы ұштықтарды пайдалану
арқылы ұштау керек. Ұштықтар әртүрлі
болып
келеді, атап айтқанда, көп сымды және тұтас
шоғыр сымдарға арналған, алюминий және мыс
тарамдарына арналған түрлері бар. Мысалы, көп
сымды мыс тарамдар үшін тұтас тартылған мыс
құбырдан
жасалған, бір жағы бұрандамаға сай
жаншылған және бұрғыланған ұштықтар шыға-
рылады. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді оқуды
ұсынып, содан соң мәтіннен түсінгендері
жайлы
қысқаша әңгімелесіңіздер.
Назар аудар.
Тапсырма электрарматура сымдарын іс жүзінде
өз бетінше оқып-үйренуге бағытталған. Бұранда-
ны, тығырықты және сақинаны көрсетіп, қызмет-
терін түсіндіріңіз. Оқушыларға электрарматураға
сымды жалғау жолдарын тәжірибеде көрсетуді
ұсыныңыз.
Достарыңызбен бөлісу: