Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Фотосуреттерге назар аудар



Pdf көрінісі
бет82/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Фотосуреттерге назар аудар.
 
Бұл айдар өз бетінше тәжірибелік зерттеу дағ-
дыларын дамытады. Оқушылар фотосуреттерді 
зерттей отырып, ауыл шаруашылығы техникала-
рының түрін айқындайды, оның мақсаты мен қол-
даныстағы тиімділігі жайлы ойланады. 
Ықтимал жауаптар:
Оқушылар шағын техника жайлы, оны жеке 
меншік шаруашылықтарда да, қала көшелерінде 
де жиі көретіндері туралы айтады. 


67
Көрк
ем еңбек
4-тарау. Үй мәдениеті
Назар аудар.
Тапсырма мотоблоктың негізгі тетіктерін 
оқып-білу мақсатында берілді. Мотоблоктың 
қозғалтқышы, жүріс бөлігі, трансмиссиясы мен 
басқару органдары болады. Мотоблоктың басты 
артықшылықтары - қандай да бір ауыл шаруа-
шылығы жұмыстарын орындауға қажетті аспалы 
жүйесінің болуы. Бұл жүйелер жерді жыртады, 
қопсытады, түптейді, егін егеді және жемістерді 
қазып алады. Оның көмегімен ағаш бұтақтарын 
кесіп, қысқаруға және соқпақтарды тазалауға бо-
лады. Мотоблоктарда тіркеме арба да болады. 
Оған өнімдерді салып, өңдейтін және сақтайтын 
орындарға тасиды. Мотоблоктың екі дөңгелегі
қозғалтқышы мен басқару органдары қойылған 
металл рамасы бар. Онда маусымдық жұмыстар 
үшін арнайы жүйелерді қоюға арналған орын-
дар жасалған. Оқушыларға оқулықтағы суреттер
бойынша ауыл шаруашылығына арналған мото-
блок қызметінің ретін анықтауды ұсыныңыз. 
Анықта.
Қазіргі уақытта фермерлер еңбегін айтарлықтай 
жеңілдететін өте сенімді ауыл шаруашылығы мә-
шинелері шығарылып жатыр. Соның бірі - ауыл 
шаруашылығы өнімін өндірудің барлық кезең-
дерінде кеңінен қолданылатын мотоблок. Оны 
егістікте де, фермаларда да пайдалануға болады. 
Оқушылар суреттерден мотоблоктардың картоп 
жинауда, жер жыртуда, арамшөп отауда, шөп ша-
буда және түптеуде қолданылатынын көреді.
Орындап көр. 
Сабақ басында алынған білімді тәжірибе-
де жасауға бағытталған. Оқушылар мотоблокта 
орындалатын жұмыстардың логикалық тізбегін 
құрастырып, альбомға жазады. Сонымен қатар 
фермер шаруашылығында шағын техниканы қа-
лай қолдануға болатыны жөнінде ойланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет