13
тәсілдерді тиімді пайдалануға болады және білім жүйесін меңгертуде білім беру
құралы бола алады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар
– логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы
мен тілін дамыта оқыт
удың ішкі мазмұндық құрылымын анықтауда
философиялық мәні: ойлау логикасы, ойлау заңдылықтары, табиғат үдерістерін
түсіну жолы, әлем ойлаумен бірлікте, толық біліммен даму,
адам ақылының
алғышарты, адамның дамуының бастауы, мәселелерді шешу жолы, табиғат
субстанциясының атрибуты,
жалғанды ақиқаттан ажырату, рухани дүниені
байыту, таңғажайып құбылыс, тәуелсіз, қажетті ұғым, белгілер жүйесі, қатынас
құралы деп қамтамасыз етіледі; психологиялық мазмұны: ойлау – ақиқат дүниені
өзара барлық байланыс, қатынастарымен сәулелендіретін психикалық үдеріс; тіл
– адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші; адамдағы жаңа
әрекеттер, бейнелер мен ұғымдарды құрумен байланысты күрделі, көп жоспарлы
өзгерістер; педагогикалық аспектісі: логикалық амал-тәсілдерді қолдануды
қажет ететін материалдарды (ойлау амалдары: талдау,
жинақтау, салыстыру,
абстракциялау, жалпылау; ойлау қалыптары: ұғым, пайым, ой қорытынды)
бастауыш мектепте оқу үдерісінде пайдалану оқушылардың ақыл-ойларының
негізгі қасиет-сапаларын (ақыл-ойдың алғырлығы,
шапшаңдығы, дербестігі,
тереңдігі және т.б.), интеллектуалдық іскерліктері мен танымдық үдерістерін
белсендендіруші деп сипатталады;
– «логикалық амал-тәсілдер – ойлау арқылы бұрынғы білімді негізге ала
отырып, жаңа білімді жасаушы құрылым»; «ой мен тілді дамыта оқыту – ойлау
мен сөйлеу формалары арқылы баланың қабілетін дамытуға бағытталған
субъект-субъект қатынасындағы өзін-өзі білімдендіру үдерісі» деп нақтыланады;
– логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы
мен тілін дамыта оқытудың әдіснамалық негіздерінде жүйелік тұғыр, іс-
әрекеттік тұғыр,
тұлғалық-бағдарлық тұғыр, субъективтілік тұғырлары және
теория мен практиканың бірлігі ұстанымы, оқу - танымдық қызметтің жүйелілігі
ұстанымы, оқу материалының ғылымилық ұстанымы, оқушыларың жас
ерекшелігін,
даму
ерекшелігін
ескеру
ұстанымы,
демонстрациялық
ұстанымдары басшылыққа алынады;
– логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы
мен тілін дамыта оқытудың құрылымдық-мазмұндық моделі өзара тығыз
байланыстағы
мотивациялық-мақсаттылық,
мазмұндық-іс-әрекеттік,
бағалаушылық-рефлексивті
компоненттерден
түзілген
өлшемдері
мен
көрсеткіштерінің жиынтығын құрайды және жоғары, орта, төмен деңгейлерінің
өзара байланысы негізінде құрылады;
– логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы
мен тілін дамыта оқытудың әдістемелік жүйесі: бастауыш сынып мұғалімдеріне
арналған «Логика элементтерін бастауыш білім беруде қолдану» атты 24 сағат
көлеміндегі ғылыми-әдістемелік семинар бағдарламасы; 3-сынып оқушыларына
арналған «Логикалық сауаттылық» факультативтік
курс бағдарламасы және
«Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен