Диccepтaция құpылымы: Диccepтaция кipicпeдeн, үш тараудан,
зерттеудің негізгі тұжырымдары келтірілген қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн
әдeбиeттep тiзiмiнeн және қocымшaлардaн тұpaды.
Кіріспеде зерттеу мәселесінің өзектілігі негізделеді, зерттеу мақсаты, оның
нысаны, болжамы және міндеттері белгіленеді, зерттеу әдістері, ғылыми
жаңалығы мен практикалық маңызы сипатталады, қорғауға ұсынылған
қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, тәжірибеге енгізілуі
қарастырылады.
«Бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың
ғылыми теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші тарауда ой (ойлау)
мен тіл (сөз бен сөйлеу) туралы философиялық, педагогикалық, психологиялық,
ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жүргізу арқылы оны
дамытудың
көкейкесті
бағыттары
айқындалады.
Бастауыш
мектеп
оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың теориялық негіздеріне тұлғаның
ойлау іс-әрекеті қалыптасуы туралы философиялық, психологиялық,
педагогикалық ілімдер, тұжырымдамалар, ақыл-ойды сатылап қалыптастыру
теориясы, тұлға теориясы, дамыта оқыту теориясы, педагогика мен
психологиядағы теориялық қағидалар, логикалық амал-тәсілдер арқылы ой мен
тілді дамыта оқыту туралы ғылыми тұжырымдамалар, ойлау», «сөйлеу»
сонымен қатар «логика», «ой» және «тіл», «логикалық амал-тәсілдер», «ой мен
тілді дамыта оқыту» ұғымдарының мәні нақтыланады, құрылымы айқындалады.
«Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының
ойы мен тілін дамыта оқытудың моделі» деп аталатын екінші тарауда
бастауыш мектеп оқушыларын оқыту үдерісінде логикалық амал-тәсілдер
арқылы ойы мен тілін дамыта оқытудың жайы талданып, оқытудың
дидактикалық заңдары мен ұстанымдары, әдіснамалық негізі ретінде: жүйелілік
тұғыр және іс-әрекеттік тұғыр, субъективтілік тұғырлар қарастырылады.
Логикалық амал-тәсілдер арқылы оқушылардың ойы мен тілін дамыта оқытудың
құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленіп, оның компоненттері, өлшемдері мен
көрсеткіштері келтіріледі.
«Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының
Достарыңызбен бөлісу: |