39
ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл-ой әрекеттерінің
кезеңмен қалыптасу теориясы болды. Ол 50-жылдарда П.Я.Гальпериннің
еңбектерінде қалыптасты. П.Я.Гальпериннің
ақыл-ой амалдарын сатылап
қалыптастыру теориясы –
адамдағы жаңа әрекеттер, бейнелер мен ұғымдарды
құрумен байланысты күрделі, көп жоспары өзгерістер туралы ілім [37,б. 69]
Оны төмендегі сызбадан көруге болады (сурет 7).
Сурет 7 – Ақыл-ой амалдарын сатылап қалыптастыру теориясы
Т.Сабыровтың пікірінше оқушылардың ойлау қабілеті – олардың оқу
әрекетінің негізінде қалыптасатынын айтады.
Сонымен қатар, ойлаудың
сөйлеумен
тығыз байланысын атай келе, Т.Сабыров ойлау белсенді сөйлеу
әрекеті мен нақты сұрақ қоюдан және оларға
жауап іздеуден басталатынын
айтады [110]. Демек, дұрыс сұрақ қою сабақта өте маңызды. Себебі, дұрыс
қойылған сұрақ оқытудың тиімді құралына айналады
және де оқушылардың
оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсартып, кеңейте алады.
Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының негізгі идеясы
мынадан тұрады: білімдер алу оқушылардың іс-әрекет үдерісінде, әрекеттердің
белгілі бір жүйесін олардың орындауы жағдайында
және соның нәтижесінде
жүзеге асырылады. Адам ой әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол
ойлауды үйренеді, ойлау амалдарын игереді. Педагогтың міндеті – осы үдерісті
шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің
нәтижелерін ғана емес, оның
қалыптасу барысын да бақылап отыру.
С.Рахметова осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптардың
негізгілерін төмендегіше көрсетеді:
1
•
Әрекеттің мотивациялық негіздерін қалыптастыру
• Субъектінің меңгеру үшін бегіленген материалдың мазмұнына және орындалатын әрекеттің
мақсаты мен міндеттеріне деген қатынасы қалыптасады
.
Достарыңызбен бөлісу: