Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет25/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   94
11.04.2023.disser

- ақыл-ойды, тілді дамытудың маңыздылығы жайында пікір айтып, 
ұлағатты ой тұжырымдарын қалдырған ғалымдар аз емес. Алайда, педагогика 
мен психологияда әлі толық зерттеліп, ашылмаған; 
- ғалымдардың педагогикалық-психологиялық ілімдері ой мен тілді сезім 
мүшелері арқылы қалыптастыруға болатынын негіздеді; 


46 
- сезім мүшелері арқылы қабылданған білімдерді ой елегінен өткізіп, оны сөз 
арқылы сыртқа шығаруға болатынын ашып көрсетті. 
- ой мен тілді дамыту - адамды рухани байытудың кепілі; 
- ой мен тілді дамыта оқыту мәселесінің психологиялық-педагогикалық 
тұрғыда 
зерттелінуінің 
көпқырлылығы 
әдіснамалық 
маңызы 
бар 
тақырыптардың бірі екендігінін дәлелі. 
Ғылыми таным жүйесінде ой мен тілді дамыту үдерісі зерттеудің пәні бола 
отырып, негізгі орын алады. Әрекет негізінде дами отырып, ой мен тіл, 
ақырында, іс-қимылды ұйымдастыруға және оған басшылық етуге себін тигізеді. 
Ендеше келесі бөлімде «логикалық амал-тәсілдер» және «ой мен тілді дамыта 
оқыту» мәселесінің мазмұны мен құрылымына талдаулар ұсынамыз. 
1.3 «Логикалық амал-тәсілдер», «ой мен тілді дамыта оқыту» 
ұғымдарының мәні мен құрылымы 
«Логикалық амал-тәсілдер арқылы ой мен тілді дамыта оқыту» түсінігін 
нақтылауда «логикалық амал-тәсілдер» және «ой мен тілді дамыта оқыту» 
ұғымдарының мәнін айқындап, құрылымын ұсынамыз. Ол үшін ғылыми пікірлер 
мен тұжырымдарға талдау жасауды жөн санап отырмыз.
Оқыту үдерісінде пәндік білімдерді меңгеру жолдарын игеру бір мезгілде 
атқарылады. Сондықтан оқушыларды логикалық білімдермен қаруландыру 
игерілетін немесе игерілген білімдердің арқауы негізінде жүзеге асады. 
Логикалық білімдер оқыту үдерісінде оқушылардың пәндік білімдерді өз 
бетінше меңгеруіне және жасампаздықпен ойлауының қалыптасуы мен дамуына, 
зерттеу жұмыстарын жүргізуге, пәнге, білімге қызығуын туғызуға игі әсерін 
тигізеді. 
Жалпы объектілер мен заңдылықтарды оқып-үйрену үдерісінде ғылыми 
танудың амалы болып табылатын талдау және жинақтау амалдарын пайдаланбау 
мүмкін емес. Ойлау әрқашан талдау және жинақтау үдерістерінен басталады. 
Ойлау түйсік пен қабылдаудағы талдау мен жинақтаудың жаңа мазмұнға ие 
болған түрі.
Оқушылардың ойы мен тілін дамыту мәселесін зерттеген ғалымдар өз 
еңбектерінде ойлау амалдарын қарастырып, оларға жеке-жеке анықтама берген.
Ж.Аймауытов ойлауға анықтама бере келе, оның талдау, жинақтау 
амалдарына тоқталып, бұл екі жолдың жалғыз шәкірт тәрбиелеген кезде ғана 
емес, күнделікті қолданыстағы маңыздылығын ашып: «Ол екі жолдан қашып 
құтылуға болмайды!» – дейді [47,б. 57]. Ғалым осылайша логикалық 
амалдардың оқушылардың ойын дамытудағы маңыздылығын нақтылайды. 
М.Дулатов: «...жас балаларды оқыған нәрсесі хақында ойлануға, оның 
мағынасын, қасиетін сездіруге қалай үйретпек керек? Баланы оқыған нәрсесін 
бір-біріне ұқсастырып ойлануына, оқып шыққаннан кейін жадында ретті һәм 
толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіру керек [26,б. 29]», – деп ойлау 
үдерісінде жүзеге асырылатын ұқсастықтар бойынша салыстыру амалының 
адамның жеке тұлға болып қалыптасуындағы маңыздылығын көрсетеді.


47 
М.Мұқанов: «Талдау деп – бәлендей бір нәрсені ойша бөлшектерге бөлуді 
айтады» [50,б. 147]. Нәрсені тұтас білу қиын екендігінен, оны бөлшектерге бөліп, 
бөлек-бөлек зерттейді де, кейін оны біріктіреді. Осының нәтижесінде тұтас нәрсе 
туралы адамның білімі ұлғаяды. Сондықтан нәрсенің бөлшектеріне талдау 
жасау, соны әдейі терең білу үшін қолданылады. Талдауға қарама-қарсы үдеріс 
– жинақтау (топтау). Талдау арқылы бөлінген заттардың жеке қасиеттерін ойша 
біріктіру – жинақтау деп аталады». М.Мұқановтың пікірінше, ойлау амалдары 
дегеніміз ойланудың неше түрлі тәсілдерінен, айталық талдау мен жинақтаудан, 
салыстырудан, абстракциялау мен нақтылаудан тұрады [50, б. 123]. Бастауыш 
мектеп оқушыларының ойлау барысында пайдаланатын ойлау амалдары бір-
бірімен тығыз байланыста. Қандай ғылым болса да қарастырылып отырған 
объектілердің мәнін ашып, олардың қандай заңдылықтарға бағынатынын 
зерттейді. Объектілерді танып-білу, оларды бақылаудан басталады. Осыдан 
кейін бақыланған объектілерді талдау және жинақтау үдерісі жүзеге 
асырылады. Жинақтау жүргізілгеннен соң, соның негізінда басқа амал-
әрекеттер жүзеге асырылып жатады. Талдау жинақтаусыз жүзеге аспайды, сабақ 
барысында ойлау үдерісінде олар бірлікте жүзеге асырылып, шындықты 
танудың екіжағы ретінде қарастырылады. Талдау мен жинақтаудың бірегейлігі 
басқа да ойлау амалдары, мысалы, салыстыру мен жалпылауларда да көрініс 
табады. Ал салыстыру талдаусыз, жалпылау мен абстракциялаусыз жүзеге 
аспайды десек те болады. Тану үдерісінде талдау мен жинақтау олардың 
туындысы болатын ойлау амалдары абстракциялауға және жалпылауға көшеді. 
Бұл әдіс-тәсілдер жиынтығы біз зерттеп отырған бастауыш мектеп 
оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудағы басқа да әдіс-тәсілдерін жан-
жақты қарастырып, оларды жүйелеуге мүмкіндік туғызады. 
Д. Рахымбек логикалық амалдар мен формаларды математикалық білім 
шеңберінде өзіндік ішкі дүниесі деп есептей келе, мынадай анықтама береді: 
«Логикалық-методологиялық білімдер деп ойлаудың логикалық операциялары 
мен формалары, тәсілдері, ғылыми танымның жалпы әдістері, ғылым 
негіздерінің табиғаты туралы білімдер жиынтығы». Автордың пікірінен ойлау 
үдерісінде қолданылатын амал-тәсілдер мен формалар туралы білімдер 
логикалық-әдіснамалық білімдер жүйесін құрайды [83,б. 115]. 
А.Жапбаровтың пікірінше, логика-әдіснамалық білімдер – пікірлер 
логикасы элементтерін, оның амалдары мен тәсілдерін, ғылыми тану әдістерімен 
қоса алғанда жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың ақыл-ойын 
дамытудың әсерлі құралы болып есептеледі [118]. Олай болса логикалық амал-
тәсілдер оқушылардың ақыл-ойын дамытушы құрал болып табылады. 
Білім алушылардың логикалық сауаттылығын бірден қалыптастыру мүмкін 
еместігі анық. Оны дұрыс ұйымдастырудың жолының бастауын, ең алдымен, 
біздің ойымызша, ой мен тілді дамыта оқыту барысында логиканың элементтерін 
дұрыс меңгертудің әдістері мен амалдарын қарастырудан таба аламыз. 
Сондықтан, біз зерттеу тақырыбымызға орай ойлау мен тілді дамыта оқытудың 
логикалық негіздерін қарастырайық. 


48 
Ендеше, «ойлау амалдары» түсінігіне тоқталайық. Ойлау үдерісін зерттеген 
ғалымдар ойлаудың мынадай амалдарын анықтаған (сурет 10).
Сурет 10 – Ойлау амалдары 
С.Бапа: «Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері 
айқындалады. Салыстыру – нәрсенің мәнді, мәнсіз белгілеріне қарай 
ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау. Бұл амал салыстыратын заттардың 
бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын 
да айырып көрсетеді», – дейді [53,б. 108]. Ғалымның бқл пікірінен, заттарды 
оның түсіне, түріне, құрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға 
болады деген тұжырым жасауға болады. 
Ойлау амалдарының күрделі түрі – абстракциялау (дерексіздендіру) мен 
жалпылау. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның 
елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракциялау дейді. 
С.Бапаның пікірінше: «абстракциялау – нәрсенің белгілі бір белгілерін ойша 
көрсету». Мысалы, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде 
«ақшыл» деген ұғымды алсақ, бұл дерексіз ұғымға жатады. Ал трапеция, 
параллелограмм деген сөздерді «төртбұрыш» деген сөзбен белгілесек, соңғысы 
абстракциялау болады. Ал геометриялық пішіндерді қарастырғанда басқа 
қасиеттеріне көңіл аудармай (түсі, массасы, қаттылығы, т.б) олардың формалары 
мен өлшемдерін қарастырамыз. Сондықтан геометрияда «зат» деген сөздің 
орнына «геометриялық пішін» деген сөз қолданылады. «Сан» және «шама» 
сияқты маңызды ұғымдар да абстракциялау нәтижесі болып табылады [53,б. 
114]. Талдау мен жинақтаудың негізінде салыстыру деп аталатын ой амалы пайда 
болады. Ой материалын жүйемен мәнісіне қарай ұғынуда – салыстыру ой амалы 
негізгі рөл атқарады. 
Бұдан шығатын қорытынды оқу мазмұнын жүйелікпен ұғынудың жолы, 
негізінде, нақты нәрселердің жеке қасиеттерінен жалпыға көшіп, керісінше 
қайтадан жалпыдан нақтыға көшіп, сабақты түрлендіріп өткізудің нәтижесінде 
болмақ. 
Оқушыны жеткілікті пәндік білім қорымен қаруландыру және өз бетінше 
ойлауға үйрету мәселесі, егер оқушының өзінің білім алуға ынта-жігері, 
құмарлығы, қызығушылығы, білімдерді меңгеру әдістерін білуге құлқы 
болмаған жағдайда түпкілікті шешілуі мүмкін емес. Міне, сондықтан да, 
В.Ф.Паламарчук оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үдерісінде оқытудың 
мынадай үш құрамды бөліктерін ескеру қажет деп есептейді [40,б. 56] (сурет 11).
Талдау
Жинақтау
Жалпылау 
Салыстыру
Абстракция
лау


49 
Сурет 11 – Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудағы оқытудың 
құрамды бөліктері 
Ғалымның белгілеген бұл ойлау үдерісінің құрамды үш бөлігі бір-бірімен 
тығыз байланысты. Білім – біліктіліктің негізін қалайды. Білмдерді игерудің 
тәсілдері қаншалықты тиянақты меңгеру жүзеге асырылса, білім негіздері 
соншалықты берік қалыптасады.
Олай болса, жоғарыдағы тұжырымдарды негізге ала отырып, біз, бастауыш 
мектеп оқушыларының ойын, сол арқылы тілін дамыту үшін тапсырмалар 
орындауда талдау, жинақтау, нақтылау, салыстыру және абстракциялау арқылы 
жаңа нәтижеге жетуде шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы қажет деп 
ойлаймыз.
Біз ойлау дағдыларын қалыптастырушы ойлау қалыптарының жүйесіне 
тоқталайық. Ойлау іс-әрекеттері арқылы алынған таным нәтижелері пайымдар 
арқылы көрініс табады. Ал пайымдау арқылы берілген пайымдар негізінде жаңа 
пайым алынады, яғни, ой қорыту жүзеге асырылады. Ұғым мен пайым өзара 
тығыз байланыста болады. Ұғым пайымдардан құрылса, әрбір пайымда 
бұрыннан қалыптасқан ұғымдар арқылы ойлау амалдарын орындау нәтижесінде 
ұғымды дәлелдей және жалпылай түсетін жаңа қорытындыларға келеміз. 
Бұл айтылғандар бастауыш сыныпта оқыту курсының логикалық құрылымы 
мынадай құрылғы бойынша өрнектелетінін көрсетеді (сурет 12). 
Сурет 12 – Логикалық құрылымдар (ойлау қалыптары) 
•Оқушылардың білуіне тиісті ұғымдар жүйесі, ережелер, 
заңдылықтар т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет