Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет30/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94
11.04.2023.disser

– ойлау мен сөйлеу формалары арқылы баланың қабілетін дамытуға 
бағытталған, субъект-субъект қатынасындағы өзін-өзі білімдендіру үдерісі» 
деп нақтылаймыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


65 
 
2 ЛОГИКАЛЫҚ АМАЛ-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ 
МЕКТЕП 
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
ОЙЫ 
МЕН 
ТІЛІН 
ДАМЫТА 
ОҚЫТУДЫҢ МОДЕЛІ 
 
2.1 
Логикалық 
амал-тәсілдер 
арқылы 
бастауыш 
мектеп 
оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың мүмкіндіктері
Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы 
мен тілін дамыта оқыту мәселесі бүгінгі таңдағы білім беру мақсатының өзгеруі, 
оқу пәндерінің мазмұнын жаңашылдық тұрғысынан жетілдіру қажеттілігін 
тудырады. 
Біз I тарауда педагогика және психология ғылымы зерттеушілерінің 
(Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, А.А.Люблинская, Д.Б.Эльконин, Т.Тәжібаев, 
М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, О.С.Саңғылбаев, Ж.И.Намазбаева және т.б.) 
еңбектерін қарастырдық. Ол еңбектерде оқытудың танымдық іс-әрекет 
теориясының негізгі қағидалары жарияланып, оған қызығушылық тудырып, 
күшейту мүмкіндіктерін көрсетілген. Демек, бастауыш сыныптан оқушылардың 
танымдық әрекеттері бекіп, ол әріқарай дами береді, ондай қажеттіліктер бала 
мектепке келген сәттен бастап туындайды.
Мектеп оқушыларға білім берумен қанағаттанып, сол білімді нақты 
тәжірибеде қолдануды үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар еді. Жеткіліксіздің 
бұл түрін формальдық білім деп те атайды. Демек білімді тиісті жағдайда 
қолдану оқытудың көздейтін мақсатының бірі болып табылады. Оқытудың 
негізгі мақсаты тек білім беру дейтіндерге қарсы пікірлер көп. Баланың келешегі 
үшін ең қажет нәрсе білім емес, алдымен оның ойы мен ақылын дамыту болып 
табылады; егер баланың ұғымталдығы, ақыл-ойы кең дәрежеде дамыған болса, 
ол кейін өз бетімен кітаптағы мазмұнды түсініп, соған мол ие болады. Демек, 
баланың ақыл-ойын дамыту, сол арқылы тілін де дамыту оқытудың көздейтін 
негізгі мақсаты. Себебі, ойлау шеңбері кеңейген сайын адам нағыз тұлғаға 
айналады [138]. 
Оқушылардың ойы мен тілін дамыта оқыту – қазіргі оқу-тәрбие ісіндегі 
басты мәселе. Осыған байланысты, біз зерттеу жұмысымызда бастауыш 
мектептегі негізгі пәндерді оқытуда оқушылардың ойы мен тілін дамыта 
оқытуды қарасиыратын боламыз. Осы тұста «Тіл дамыту жұмыстары тек тіл 
сабақтарында ғана жүзеге асырылады», - деген жансақ пікір туындауы мүмкін. 
Алайда, тіл дамыту жұмыстары тек қана тіл сабақтарында ғана үйретіліп қоймай, 
оқушылар өзге пәндерді оқытуда да үйренеді. Бұл пікірге көптеген ғалымдардың 
ой-тұжырымдары дәлел. Мысалы, тіл болмаса, басқа ойлау қызметтерінің 
дамымайтынын, адамның адам болып қалыптасуы мен дамуында сөз бен 
сөйлеудің басты рөл атқаратындығын көруге болады. Ол зерттеулердің көрсетуі 
бойынша өзінің тілдік дамуында артта қалған балалар, өздерінің қиялдарының 
дамуында да артта қалады. Ендеше, бұл айтылғанның барлық ойлау 
қызметтерінің дамуы тілдің дамуына тәуелді болатыны түсінікті [139].


66 
Фердинанд және Соссюр тілді дауыстап айтылатын материалда ұйымдасқан 
ой деп анықтайды. Шындығында адам ойы тіл арқылы туындап, тіл арқылы 
жүзеге асырылады. Ой алмасу, ойын сыртқа ауызша немесе жазбаша түрде 
білдіру арқылы адамның ойы жетіледі, дамиды. Ойдың заңдары мен формаларын 
зерттеуде және ойдың үдеріс түрінде өтуін зерттеуде логика ғылымы мен 
психология ғылымдарының тілге қатысы үлкен. Ой тіл таңбаларынсыз 
танылмайды. 
Тіл арқылы адам ойы тұжырымдалып, белгілі бір нәтижені келесі бір адамға 
таныта алады. Әрине, тіл бірліктерінің мағынасыз, мәнсіз жиынтығы, егер оның 
мазмұнында түйінді ой болмаса, еш құндылық танытпас еді. Сондықтан ойдың 
қатысуымен жасалған сөз тіркесі, сөйлем, мәтіннің мәні болады. Фердинанд 
және Соссюр былай дейді: «Тілді қағаз парағымен салыстыруға болады: ой - 
оның алдыңғы жағы, ал дыбыс - кері жағы; алдыңғы жағын және артқы жағын 
кесуге болмайды; тілде ойды дыбыстан, дыбысты ойдан ажыратуға болмайды; 
бұған тек абстракция арқылы қол жеткізуге болады, бұл сөзсіз таза психологияға 
да, таза фонологияға да әкеледі» [140]. 
Н.И.Жинкин: «Тіл неғұрлым ерте меңгерілсе, білім де соғұрлым оңай және 
толық меңгеріледі» [141] – деп тұжырымдайды. Демек, білімдерді тиянақты 
меңгеруде тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Сондықтан бастауыштағы 
пәндердің бірінші сабақтарынан бастап оқушыларды дұрыс сөйлеуге үйрету 
керек. Бұл өз кезегінде ойлаудың дамуына, қазақша ойлай алу логикасының 
дамуына ықпал жасайды [141,б. 50]. 
Ал Н.С.Роджественскийдің көрсетуі бойынша, тілдік сезім баланың даму 
жасынан қалыптаста бастады, ол мектепке дейінгі және әсіресе бастауыш мектеп 
кезеңінде өте жақсы дамиды [142]. Мектепте баланың ойы мен тілін дамыта 
оқытуда мұны ескеру және оны белгілі бір теориялық білімдер арқылы бекіту 
үлкен нәтиже береді. Бұл тұжырымдар өз кезегінде, ой дамытуды тіл дамыту 
мәселесінен бөліп қарастыру мүмкін еместігінің дәлелі болып отыр.
Сурет 21 – Ақыл-ой қызметін жүзеге асыру алгоритмі 
Педагогика ғылымы мен оның тәжірибесінде оқушылардың ойлау қабілетін 
дамыту мен ойлау белсенділігін жетілдіру үшін оқушылар ақыл-ой қызметінің 
мынадай минимумын (сурет 21) меңгеруі қажет екендігі дәлелденген: ұғымды 


67 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет