Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет28/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94
11.04.2023.disser

Ой қорытынды. Қоршаған орта ақиқатын танып білудің нәтижесінде адам 
жаңа білімге толық болады. Сөз жоқ оның бір қатарын (экстроцепторлар, 
интероцепторлар және пропроцепторлар арқылы) түйсіктер нәтижесінде, тікелей 
бейнелеудің нәтижесінде иеленеді: адам көру түйсіктері арқылы көреді, есту 
түйсігі естиді, иіс сезу түйсігі нәтижесінде айналадағы заттардың түрлі иісін 
сезеді және т.б.. Алайда адамның сезімдік таным үдерісіне сана міндетті түрде 
қатысып отырады. Мұның өзі адамның сезімдік таныммен шектеліп қала 
алмайтынын көрсетеді. Тек сезім мүшелері арқылы адам, біріншіден, жай көзге 


57 
көрінбейтін атом құрылысын, бұрын өтіп кеткен заттар мен құбылыстарды 
танып-біліп алмасы еді. Екіншіден, аспан денелері (күн, ай, жұлдыз т.б.) кеңістік 
тұрғысынан алғанда өте қашықта орналасқан, оларды да сезім мүшелерімен 
ақиқаттығына көз жеткізе алмайды. Үшіншіден, сезім мүшелері арқылы адамдар 
құбылыстың сырт көріністерін ғана білер еді де, ал олардың ішкі қасиеттерін, 
заңдылықтарын т.б. танып-біле алмас еді. Төртіншіден, тек абстрактілі 
ұғымдарға құрылған тіл заңдылықтарын игеру мүмкін болмас еді.
Оқушыларды дұрыс ой қорытындысын шығаруға үйрету – мектептегі 
барлық пәндерді оқытудағы басты педагогикалық мәселелердің бірі. Себебі, 
жаңа білімдерге қол жеткізу барысында әрбір қадам сайын ой қорытулар жасау 
және қорытынды шығарып отыруға тура келеді. 
Ойлауды талдаумен орыстың белгілі ойшылы Л.В.Рутковский (1859-1920) 
айналысты. Л.В.Рутковскийдің пікірінше «адам білімді екі жолмен – 
тәжірибелік, тікелей бақылау арқылы және тұжырымдық, ой қорыту нәтижесінде 
алады» делінген [19,б. 58].
Ой қорыту – бір-бірімен байланыста болатын, бір немесе бірнеше 
пайымдаудың нәтижесінде жасалатын ойлау формасы. Мұндағы пайда болған 
жаңа пайым да берілген пайымдармен қандай да бір мағыналық байланыста 
болады. Берілген пікір тиянақ (сілтеме), ал пайда болған пікір қорытынды немесе 
салдар деп аталады. Егер ой қорытындысы бір ғана пікірден туындайтын болса, 
онда ол тікелей, егер бірнеше пікірлерден ой қорытындысы, тұжырымдалатын 
болса, жанама ой қорыту деп аталады [130]. 
Бүгінгі таңдағы адамзат жинақтаған білімнің басым көпшілігі – абстрактілі 
ойлаудың, дәлірек айтқанда, ой қорытындыларының көмегімен алынған 
білімдер. Біз өзімізді қоршаған орта, табиғат, қоғам, тіл т.б. жайындағы білімді 
ұғым, пікір және ой қорытындысы негізінде тұжырымдаймыз. Сондықтан 
ойлаудың бұл формалары дүние жайында шындықты танудың негізгі құралы 
болып табылады. 
Ойлаудың бұл үш формасы бір-бірімен тығыз байланыста болады. 
Ұғымдардың өзара байланысынан пікір құрылатынын жоғарыда айтқан 
болатынбыз. Ал пайымның өзара байланысынан ой қорытындысы шығады. Егер 
негізге алынған пікірлер ақиқат болса, біз қорытындыларын дұрыс құрсақ, яғни 
оны логика заңдарының талабына сай құрсақ, қорытындымыз әр уақытта дұрыс 
болып шығады [131]. 
Оқушы ұғымдарды меңгеріп, оны қабылдауы – пікір айтып және сол 
пікірлерден қоратынды жасау арқылы жүзеге асады. Белгілі зат не құбылыс 
жайында пікір айтудың мәнісі ойдың дұрыс не бұрыс екенін дәлелдеу болып 
табылады. Белгілі бір мәселені дәлелдеп пікір айту мен ұғымды меңгере білудің 
арасында біте қайнасқан бірлік бар. Мысалы, бастауыш мен баяндауыштың 
арасына қойылатын сызықша жайында пікір айту үшін оқушының өсы жөнінде 
аз болса да түсінігі болуы қажет. Солай болмаған жағдайда бұл бойынша пікір 
айту мүмкін емес. Ой қорытынды бір пайымдаудың екіншісімен байланысуы 
негізінде пайда болатын – ойлау амалы. Ой қорытындының құрылымын 17-
суретте ұсынып отырмыз. 


58 
Сурет 17 – Ой қорытындының құрылымы 
Мұндағы алғышарттар дегеніміз – жаңа пайымдаулар жасалуына негіз 
болатын пайымдаулар. Қорытынды дегеніміз – алғышарттардан жасалған 
пайымдаулар. Дәнекер дегеніміз – алғышарттар мен қорытынды арасындағы 
мағыналы байланысты көрсететін, алғышарттардан қорытындыға өту жолын 
көрсететін жалғаулық.
Пікір айту ойдан қорытынды жасау арқылы іске асады. Қорытынды жасай 
білудің жолы, негізінде, индукциялық, дедукциялық және аналогиялық ой 
амалдарына бөлінеді. Мысалы, біз тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік 
ете алмайды десек, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса балық оттегі 
жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз. 
Индукция (лат.-бағыттау), дедукция (лат.-қорытындылау, шығару) 
терминдерінің үш түрлі мәні бар (сурет 18). 
Сурет 18 – «Индукция», «дедукция» терминдерінің мәндері 
Индукция дегеніміз – жеке фактілерден жалпыға қарай жасалатын ой 
қорытындысы [72,б. 124]. Мысалы оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, 
сондай-ақ оттегі жоқ ауада жануарлар да, адамдар да тіршілік ете алмайды десек, 
осы айтылғандардан жалпылап: оттегі жоқ ауада «барлық тірі организмдер 
тіршілік ете алмайды» деген қорытындыға келеміз. Ол (индукция) жайында кең 
мағынада, ойлау үдерісінің жеке жағдайлардан жалпы жағдайларға көшу 
нәтижесіндегі таным әдісі, таным амалы деп атауға болады. Жалпы алғанда, 
индуктивті әдіс деп тәжірибеде сыннан өткен және ақиқаттағы қатаң түрде 
дәлелденген теориялық сипаттағы айғақтар негізінде соңы қорытындылар мен 
ережелер шығару деп түсініледі. Жалпы қорытындыға келу үшін, оқушы әуелі 
осы ұғымға жататын көптеген жеке фактілерен таныс болуы тиіс. Егер оқушы 
жалпы ұғымға байланысты жеке фактілерді сабақ үдерісінде кездестірмеген 
Ой
қ
оры
ты
нд
ы
сы
ны
ң 
құры
лы
м
ы
Алғышарт
Қорытынды
Дәнекер
Ой қорытындыларының 
түрлері
Зерттеу әдістері
Материалды баяндау 
формалары


59 
болса, онда оның ойша амалдар жасап, қорытындыға келуі қиын. Сондықтан 
жалпы ұғымдарды (ереже, анықтама т.б.) түсіндірерде осы еске алынады.
М. Жұмабаев өзінің еңбегінде ой қорытудың екі жолын талдап көрсеткен 
болатын. «Индукция – ойдың дербес көріністерінен жалпы көшуі. Жалқы ойдан 
жалпы ойды шығару. Индукция арқылы заттар, көріністер арасындағы байламға 
қарай топ-топқа бөлеміз. Бұл – бір. Екінші – біз аз ғана бақыланған заттар
көріністер арқылы бақыланбаған, көрмеген, білмеген сансыз заттар, көріністерді 
шешеміз» дей келіп, «Дедукция» ойдың жалпы заңнан дербес бір көрініске 
көшуі. Жалпы ойдан жалқы ой шығаруы, – деп анықтаған [27,б. 108]. 
Мектеп пәніне логика элементтерін енгізу және оқыту мәселелері көптеген 
ғалымдардың назарын аударған болатын. Нақтырақ тоқталатын болсақ, 
логикалық білімді оқытуға енгізудегі алғашқы зерттеулер математикалық білім 
беруге байланысты болды. Мектеп математика курсына математикалық логика 
элементтерін енгізуді алғашқылардың бірі болып зерттеуші А.А.Столяр оқыту 
үдерісінде логикалық материалдардың мәнін кеміту оқушылардың логикалық 
ойлау қабілетін дамытуға игі әсерін тигізетінін, математика пәнінің тиімділігі 
дәрежесі төмендейтіндігін дәлелдейді [132]. 
И.Л. Никольская қазіргі мектеп математика курсында оқушылардың 
логикалық-әдістемелік сауаттылығын тәрбиелеуді бірыңғай мазмұнды 
әдістемелік тұрғыда құрудың үлкен мүмкіндік бар екендігін көрсете отырып, 
мектеп оқушылары меңгеруге тиісті мынадай логикалық-методологикалық білім 
мен дағдыларды көрсетеді: әр түрлі категориялық тұлғалық ұғымдарға анықтама 
бере білу; анықтаманың жәрдемімен ұғымдарды тани алу; ұғымдарды жіктей 
білу; логикалық байланыс жасайтын шылау, көмекші сөздердің дәл мәнін 
ажырата білу; сөйлемдердің түпкі мағынасын түсініп, бір-бірімен логикалық 
байланысын тани алу; сөйлемдердің логикалық тұлғаларын айыра білу; күрделі 
сөйлемдердің себеп, қарсылықты, мезгілдес, ыңғайлас т.б. сыңарлас ойын 
ажырата алу; сөйлемдегі ойдың негізі болатын сөздің мағынасын түсіну; ой 
қорытындысын жасау кезінде жіберілетін қателерді таба алу; дәлелдеудің кең 
тараған тәсілдерін меңгеру. Бұл тұжырымдарды біз оқытуда негізге алдық [133]. 
Мұндағы логика-методологиялық білімдер дегеніміз – ойлаудың логикалық 
амалдары мен қалыптары, тәсілдері, ғылыми танымның жалпы әдістері, ғылыми 
негіздерінің табиғаты туралы білімдер жиынтығы түсініледі [83,б. 47]. 
Негізгі логикалық байланыстар болып табылатын «және, немесе», «егер 
болса, онда», «емес», «сонда, тек сонда ғана» т.б. арқылы құрастырылған 
сөйлемдердің мағынасын түсінуге бағытталған жұмыстарды мақсатты 
жүргізбейінше 
мектеп 
оқушыларының 
сөйлеу 
тілін 
жетілдіруге 
болмайтындығын айта келіп, Ж.Икрамов «теориялық материалдарды игеруде 
ғана емес, әр түрлі жаттығулар орындау барысында да негізгі логикалық 
терминдерді мектеп оқушыларының саналы түрде қолдана білу дағдыларының 
қалыптасуы, олардың өз ойларын дәл айтуы, күнделікті қолдану тіліміздегі 
кездесетін көп мағыналық пен кейбір түсініксіздерді [80,б. 46]. 
М.Е.Драбкинаның еңбегінде баланың ақыл-ойын дамытуда логика-
әдістемелік дайындығына баса назар аударады. Ол негізгі пәндік ұғымдарын 


60 
жаттығулар жүйесі арқылы қалыптастыру және бұл жаттығулар мектепке 
енгізіліп оқытылатын логикалық мәліметтермен тығыз байланысты болуы керек 
деген ұсыныс жасады. Ол болашақ мұғалімдерге қажетті «логикалық минимум» 
ретінде мынадай ұғымдарды бөліп көрсетеді: грамматикалық сөйлемдердің 
логикалық құрылымы анықтама, қағида, ереже, дәлелдеу, баяндау ұғымдарына 
байланысты предикаттар мен предикаттық тұлғалардың логикалық қатысы [134]. 
Мектепте оқылатын барлық пән – ғылым негіздері болғандықтан, ғылыми 
әдістердің оқыту үдерісінде енгізілу дәрежесінде дамытып отыру керек. Өйткені, 
барлық пәннің ұғымдық анықтаманы қажет ететін термин сөздері қолданылады. 
Термин сөздерді түсіну үшін оны ұғымдық пайымдай білуге жаттықтырылады. 
Жүргізілген зерттеулердегі ғалымдардың ой-пікірлерін тұжырымдай келе, 
оқушыларға мектеп пәндерін нәтижелі игеруіне қажетті логика-әдістемелік 
білімдер жүйесін ұсынамыз (сурет 19). 
Сурет 19 – Нәтижелі оқуға арналған логика-әдістемелік білімдер жүйесі 
Бастауыш сынып мұғалімдері жоғарыда аталып өткен логикалық-
әдістемелік жүйесін өздері меңгерумен бірге сабақ барысында оқушыларға 
үйретудің теориясы мен әдіс-тәсілдерін білуі тиіс. Ал бұл жағдай шәкірттердің 
аталған ғылым салаларынан білімдерін жетілдіруге, оқушыларға терең де жүйелі 
білім қалыптастыруға, олардың шығармашылық белсенділігін одан әрі дамытуға 
мүмкіндік беретіні анық. 
Тілді меңгеру – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу 
ғана емес, тіл үйренумен бірге бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, 
сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін, ой фәлсәфәсін де меңгереді. Себебі, ол 
пәннің өзіндік ерекшелігі сөйлеу. Ал сөйлеу мен ой тығыз байланысты. 
Оқушыларға пән материалдарын оқыту арқылы логикалық тұрғыда ойлауын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет