Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет31/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94
11.04.2023.disser

анықтау немесе түсіндіру; ең маңыздыны таңдап алу және оны ажырату
салыстыру; жалпылау және жүйелеу; нақтылау; дәлелдеу немесе жалған 
екендігін көрсету [143]. 
Бұл ақыл-ой қызметінің логикалық-әдістемелік классификациясы оқу 
үдерісіндегі оқытудың мақсаты және тікелей нәтижесі ретінде қалыптаса отырып 
көптеген оқу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Ал оны қалыптастыру 
бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандартында көзделген.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: 
«Бастауыш білім берудің мазмұны оқыту нәтижелеріне бағдарланады және 
мынадай аспектілерді ескере отырып айқындалады: 
1) заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуы; 
2) сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту 
қажеттілігі; 
3) оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы; 
4) оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету» - деп 
баса назар аудартады [3,б. 15]. 
Демек, сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту 
біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі нысаны болып табылады. Көрсетілген 
аспектілерге сәйкес бастауыш мектеп оқушыларының логикалық амал-тәсілдер 
арқылы ойы мен тілін дамыта оқытудың қазіргі жағдайын анықтау үшін 
бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, бастауыш 
білім беру бағдарламасының мазмұнына және бастауыш сынып оқулықтарына 
талдаулар жасалынды.
Оқу-әдістемелік кешеннің құрамды бөліктерінің ішіндегі ең негізгі оқу 
құралы – оқулық. Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын 
жүйелі түрде баяндайтын құрал [144]. Оқулық білім берудің стратегиясы мен 
тактикасын анықтап, білім мазмұнының мақсатын, ұстанымдарын белгілеп, 
оқушы мен мұғалімнің әрекетіне басшылық жасайтын оқу үдерісінің маңызды 
компоненті болып табылады. 
Оқулық әдістемелік тұрғыда мына мақсаттарды көздеуі тиіс: 
- оқу материалының жоғары идеялық және ғылыми деңгейле түсінікті 
болып баяндалуы; 
- ой әрекетінің негізгі тәсілдерін қалыптастыру, пәнаралық және пәнішілік 
байланысты жетілдіру: 
- оқу материалдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі; 
- жалпы орта білім мазмұнында, табиғат, қоғам, техника, мәдениет және 
адам жайындағы ғылымдардың барлық негізгі бағыттарын тұтас бейнелеу; 
Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар: 
- оқу бағдарламасына сәйкес болу; 
- оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу; 
- көрнекіліктермен жақсы жабдықталу; 
- тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек; 
- тексеру, өзін-өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар 
мен жаттығулардың болуы; 


68 
- оқулық оқу мазмұнына қойылатын талаптарға сай, оқушылар үшін 
қызықты болуы тиіс, мүмкіндігінше қысқа, тілі жатық, жақсы безендірілген, 
көркем рәсімделген болуы тиіс; 
- оқулық оқушылардың оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық 
меңгеруін қамтамасыз етуі керек [145]. 
Біз оқулықтардағы тапсырмалар жүйесін талдау барысында мынадай негізгі 
мәселеге назар аудардық: 
- оқу материалының оқушыға түсініктілігі; 
- берілген жаңа материалдардың мақсатқа лайықтылығы; 

қажетті 
даңдыларды 
қалыптастрыуға 
арналған 
оқулықтағы 
тапсырмалардың саны жағынан жеткіліктілігі; 
- логикалық амал-тәсілдерді қолдану арқылы орындалатын есептердің 
мазмұны және олардың оқушылардың ойы мен тілін дамытудағы рөлі; 
- бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамуға бағытталған білім 
мен іскерлікті қалыптастыра алатын тапсырмалардың саны. 
Сонымен қатар, логика элементтері қолданылатын тапсырмалар түрлеріне 
мына тапсырмалар жататынын анықтадық: 
1. Таным әдістерін қолдану арқылы орындалатын тапсырмалар (талдау, 
жинақтау, жалпылау, салыстыру, абстракциялау) 
2. Логикалық байланыстарды анықтауға берілген тапсырмалар (анықтама, 
ереже, мәтіндермен жұмыс) 
3. Ой қорытынды жасауға берілген тапсырмалар (дедукция, индукция, 
аналогия) [146]. 
Қазақ мектептеріндегі бастауыш мектептің 3 сыныптарына арналған жаңа 
буын оқулықтарын талдау барысында педагогикалық әдебиетте оқулықтарға 
қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып және біз анықтаған логикалық 
элементтері қолданылатын тапсырмалардың мазмұнына сүйене отырып, 
Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақастың авторық бірлестігіндегі «Қазақ 
тілі» оқулығына [147], Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, М.Ж.Мыңжасарованың 
авторлық бірлестігіндегі «Математика» оқулығына [148], П.К.Бигазина, 
А.Ж.Жаманкулова, 
Э.А.Кажекенова, 
Г.А.Тураканова, 
М.К.Хонтайдың 
«Жаратылыстану» [149] авторлығымен шыққан оқулықтарға төмендегідей 
талдау жасалынды. 
«Математика» оқу пәнінің мазмұны білім берудің кейінгі деңгейлерінде 
жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады:
1. Сандар және шамалар.
2. Алгебра элементтері.
3. Геометрия элементтері.
4. Жиындар. Логика элементтері.
5. Математикалық модельдеу.
Білім алушылардың математика курсы бойынша «Комбинаторика», 
«Тізбектер», «Жиындар және олармен орындалатын амалдар» деп аталатын жаңа 
бөлімшелер енгізілді. Жаңа оқу бағдарламасында негізгі және жоғары 


69 
мектептерде геометрияны табысты меңгерудің алғышарты болып табылатын 
«Геометриялық фигуралар» бөлімшесі кеңінен қарастырылған. 
Бұл бөлімшелерді оқып-үйрену білім алушыларда логикалық ойлаудың, 
процестер мен құбылыстарды талдау, себеп-салдарлық байланыстарды табу, бұл 
құбылыстардың заңдылықтары мен тенденцияларын ашу дағдыларының 
дамуына ықпал етеді.
Бастауыш мектеп білім алушылары математика курсын игере отырып, 
талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен 
заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта 
құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен 
іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз 
болады.
Оқулықта берілген тапсырмалардың оқушылардың ойы мен тілін 
қаншалықты дамытуын қамтамасыз ететінін анықтау мақсатымен 3-сыныпқа 
арналған «Математика» оқулығында (1, 2, 3 бөлім) жаттығулар мен тапсырмалар 
жүйесіне сапалы және сандық талдау жүргізілді. Оқулықтың мазмұнын 
қарастыратын болсақ, оқулықта: 1000 көлеміндегі сандар; Разрядттық 
қосылғыштардың қосындысы; Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту; 
1000000-ға дейін мыңдықтармен санау; Сандар тізбегі; Көп таңбалы сандардың 
моделі; Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері; Көбейту және 
бөлу амалдарын орындауда 1 санының қасиеті; Санды 0-ге бөлуге 
болмайтындығы; 0 және 1 санымен амалдар қолдану; Жақшалы өрнектердің 
мәнін табу; Есептің моделін құру; Аудан; Ауданның өлшем бірліктері; Шамалар 
арасындағы тәуелділік; Екі жиынның бірігуі және қиылысуы; Мүмкіндіктер 
тармағы; 6 санына көбейту және бөлу кестесі, Формулалар; 7 санына көбейту 
және бөлу кестесі; 8,9 сандарына көбейту және бөлу кестесі; Текше, тікбұрышты 
параллелепипед, құрылымы күрделі теңдеулер және т.б. тақырыптар 
қарастырылған.
Оқулықта логикалық амал-тәсілдерді қолдану арқылы орындалатын 
тапсырмаларды талдау кезінде талдау, жинақтау, салыстыру, нақтылау және 
абстракциялау үдерістеріне арналған және ұғым қалыптастырып, пайым, ой 
қорытынды жасауға арналған тапсырмаларғе ерекше көңіл бөлінді. Мұндай 
есептерге: «Салыстыр, қорытынды жаса», «Мәтінді оқы. Қандай сандармен 
таныссың?», «Диаграмма бойынша есеп құрастыр», «Есептеу тәсілін түсіндір», 
«Заңдылықтарды анықта», «Сызбаға қарап сұрақтар ойластыр» және т.б. есептер 
жататындығы анықталды. Мысалы, 1 бөлім, №1 сабақ, есеп №5: Үштаңбалы 
сандарды тауып жанды табиғатқа нелер жататынын біледі. Сандарды өсу ретімен 
жазып, әр санның разрядын атайды. Ұқсас математикалық фактілерді салыстыру 
білімдерді меңгеруді жеңілдетеді, математикалық ұғымдар арасындағы себеп-
салдарлық байланыстарды тағайындауға септігін тигізеді. Осылайша, 
жасампаздық және танымдық қабілетін дамытады, ойлау қызметін белсендіреді. 
Ұғымдарды салыстыруға берілген тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар 
тақырыптағы жаңа ұғымдармен сөздік қорын молайтып отырады.


70 
Оқулықта берілген есептердің көпшілігі оқушылардың өмірлік 
тәжірибесімен байланысты немесе тәжірибеден алынған, олардың жастарына 
сәйкес түсінікті ұғымдар негізінде түсіндірілген және оқушылардың ойлау 
қабілеттері мен тілін дамытуға бағытталған. Сол мақсатта оқулықтарда сызбалар 
мен суреттер қолданылады. Оқулықтағы тапсырмалардың мазмұнындағы 
сюжеттер қазақ ауылы өмірінен, тұрмыспен, өмірлік тәжірибе мен қоршаған 
дүние құбылыстарынан алынған. Демек, бастауыш мектеп оқушысын қазақ 
ауылының тұрмысы, өмірлік тәжірибе, қоршаған дүние құбылыстарымен 
таныстыру көзделген. Есептер мазмұны өз кезегінде балада жаңа ұғымдар 
қалыптастырып, ақыл-ойын дамытып, танымын кеңейтуге бағытталғанын 
көрсетеді. Жаңа материалды және үй тапсырмасын орындауға арналған 
тапсырмалар саны жетклікті деп айтуға болады. Тапсырмалар жүйелі жасалған 
және орындалатын амалдар мен іс-әрекеттің түрін және рет тәртібін анықтауға 
септігін тигізетін алгоритмдер мен нұсқаулар нақты жаттығулар бойынша 
келтіріледі. 
Оқулықта әрбір сабаққа лайықталған материалдар жеке беттерде берілген 
және бір-бірінен тәуелсіз түрде нөмірленген. Тапсырмалар жаңа материалды 
оқып үйренуге дайындық түсіндіруге, өтілген материалды тиянақтауға, 
практикалық, танымдық, шығармашылық ізеністер мен зерттеуді талап ететін 
және жеке, жұптық, топтық орындауға арналған тапсырмаларды қамтиды. 
Оқулыққа жүргізілген талдаулар тапсырмалардың келесідей мазмұндарын 
анықтауға мүмкіндік берді (кесте 3). 
Кесте 3 – «Математика» оқулығындағы тапсырма мазмұндарына талдау 
Пән 
мазмұнын
ың 
бөлімдері 
Оқулықта берілген тапсырма түрлері 
Тапсыр
малар 
саны 
Тапсырма 
лар 
пайызы % 




Сандар 
мен 
шамалар 
Бос орынға тиісті сандарды жаз. Бос орындарды 
толықтыр. Есепте. Есептерді шығар. Өрнектерді баған 
түріне жазып, мәнін есепте. Тексер. Есептеулерді 
қарастыр. Ауызша түсіндіре отырып есепте. Амалдардың 
орындалу тәртібін анықта және есепте.
226 
23,5% 
Алгебра 
элементте
рі 
Салыстыр. Есептемей салыстыр. Бөлшектерді салыстыр. 
Өсу ретімен, кему ретімен орналастыр. Теңдеулерді 
шеш. Өрнектерді оқып, олардың мәнін тап. Өрнектің 
мәнін тап. Өрнектерді берілген мәндері бойынша есепте. 
Тура теңдікер мен теңсіздіктерді көшіріп жаз.
166 
17,5% 
Геометрия 
элементте
рі 
Ауданы дәл осындай шаршы сыз. Берілген суретке 
үстінен қарағанда қай фигура сәйкес келеді. Тікбұрышты 
параллелелепипедтің жазбасын әзірле. Жазбадағы бірдей 
қабырғаларды тауып, атауын жаз. 
Тіктөртбұрыштардың нешеуе екенін анықта. 
124 
13% 


71 
3 - кестенің жалғасы 




Фигуралардың 
қайсысы 
текшенің, 
тікбұрышты 
параллелепипедтің жақтары болып табылады? Фигуралар сыз. 
Практикалық тапсырмалар. 
Математи
калық 
модельдеу 
Кесте бойынша өрнектер құрастырып, олардың мәнін тап. 
Кесте бойынша есептер құрастырып, олады шығар. Кестені 
дәптеріңе сызып, оны толтыр. Сызба бойынша есеп құрастыр. 
Шығармашылық тапсырмалар: диаграмма бойынша есеп 
құрастыр, үлгі бойынша сандар моделін дайында, сандарды 
оқы, олардың моделін тап, сызбаны пайдалана отырып, үш 
амалмен 
шығарылатын 
есепті 
құрастыр. 
Зерттеу 
тапсырмалары. Модель құру арқылы шығарылатын мәтінді 
есептер: математика күнделікті өмірде, мәтінді есептермен 
жұмыс. 
364 
38% 
Жиын. 
Логика 
элеметтері 
Қиылысатын екі дөңгелек сыз. Жиын элементтерін тап. 
Мүмкіндіктер тармағын сал және толтыр. Мүмкін нұсқаларды 
таңда. Сандар тізбегін жалғастыр. Заңдылықты анықта. 
Арифметикалық амалдың тиістісін қой. Тура теңдік 
шығатындай жақшаларды қой. Теңдік тура болатындай, бір 
санағыш таяқшаның орнын ауыстыр. 
78 
9% 
Жалпы
958 
100% 
Жалпы 3 сыныптың математика оқулығында (1, 2, 3 бөлім) берілген барлық 
тапсырмалардың жалпы саны – 958. Оның 226-сы «Сандар мен шамалар» 
мазмұнына сай келетін есептер саны. Бұл оқулықтағы барлық есептердің 23.5% 
- ын құрайды. Олар: «Бос орынға тиісті сандарды жаз. Бос орындарды толықтыр. 
Есепте. Есептерді шығар. Өрнектерді баған түріне жазып, мәнін есепте. Тексер. 
Есептеулерді қарастыр. Ауызша түсіндіре отырып есепте. Амалдардың 
орындалу тәртібін анықта және есепте» тапсырмалары түрінде берілген. 
Бастауыш 
мектептің 
3-ші 
сыныбындағы 
математиканың 
оқу 
бағдарламаларындағы «Сандар мен шамалар» мазмұны көбінесе есептеулерге 
жатады. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар сандар мен шамалар 
ұғымын танып, оларды салыстыра білуге, сандық өрнектер мен формулаларды 
тануға, сандардың көмегімен нақты объектілердің сандық сипаттамаларын 
(есептеулер мен өлшеулер) бейнелеуге үйренуі керек. Сонымен қатар, бұл салада 
сандарды бейнелеудің әртүрлі пішіндерін түсінуі және әртүрлі пішіндерде 
ұсынылған сандармен әрекеттерді орындай білулері керек. Бұл есептердегі 
маңызды аспект сандарға байланысты болғандықтан сандардың әр түрлі 
көріністерін қолдануға, амалдардың мағынасын түсінуге, ауызша есептеулер 
жүргізуге икемді болуға бағыттайды.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнында айнымалылардың 
өзара байланысының математикалық сипаттамасын қарастыратын «Алгебраның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет