Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет34/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   94
11.04.2023.disser

«Қазақ тілі» пәні. 3 сынып (2 бөлім).
Бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып 
табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу 
әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы 
тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай 
отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті 
материалдар арқылы білім алушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен 
толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір 
тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және 
жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, 
мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бӛлімдері 
арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін 
қалыптастыруды қамтиды. Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық 
және орфографиялық құбылыстары мен фактілері өзара байланыста оқытылады 
және олардың білім алушыларының сөйлеу практикасында қолдануына 
бағытталған. 
3-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» (1 бөлім) оқулығының мазмұнын 
қарастыратын болсақ, «Өнер», «Атақты тұлғалар», «Су – тіршілік көзі», 
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыптары бойынша мына 
тақырыптар қарастыралады: Өнер туралы не білемін? Сөз таптары. Зат есім. 
Негізгі және туынды зат есім. Зат есімнің тәуелденуі. Етістік туралы білетінімді 
еске түсіремін. Негізгі және туынды етістік. Болымды және болым- сыз етістік. 
Сын есім. Негізгі және туынды сын есім. Сан есім. Есептік және реттік сан есім. 
Мәтін және сөйлем. Сөз және оның құрамы. Сөз таптары. Пәнді оқытуда 
айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту арқылы тіл туралы 
бастапқы білімдерді меңгертуге және оны күнделікті өмірде қолдануға 
мүмкіндік жасау көзделген. Сөйлеу әрекетін дамытуда сөз, сөйлем, мәтін сияқты 
сөйлеу бірліктері мен сөз құрамы, сөз таптары, сөйлем мүшелері сияқты 
грамматикалық категориялар берілген. Сондай-ақ, ойлау дағдыларын 
қалыптастыратын ақпараттарды салыстыру, өз бетінше талдау, ой-
қорытындысын жасай алуға бағытталған тапсырмалар бар екенін аңғардық. 
Оқулыққа жүргізілген талдаулар тапсырмалардың келесідей мазмұндарын 
анықтауға мүмкіндік берді (кесте 5). 


77 
Кесте 5 – «Қазақ тілі» оқулығындағы тапсырма мазмұндарына талдау
Оқулықтағы тапсырмалар 
М
әті
н 

аз
ба
ш
а 
оры
нд
ала
ты
н 
м
әті
нд
ер)
Өле
ң 
Ж
ұм
ба
қ,
М
ақ
ал

әтелд
ер,
ж
аң
ы
лт
па
ш
Ш
ы
ға
рм
аш
ы
лы
қ 
тап
сы
рм
ала
р,
ре
бус

сөз
ж
ұм
ба
қ 
На
қы
л 
сөз
, б
ата
Лог
ик
алы
қ 
тап
сы
рм
ала
р 
Тапсырмалар саны 
119 
39 
18 
15 
37 


Тапсырмалардың пайызы 
50% 
16% 8% 
6% 
15% 
2% 
3% 
Жалпы білім беретін 3 сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі» (1 бөлім) 
оқулығында барлығы – 240 тапсырма берілген. 66 жаңа ұғым кездеседі. Талдау 
арқылы тұжырым жасауға берілген мәтіндер саны – 119. Ол оқулықтағы барлық 
тапсырмалардың 50% құрайды. Оқулықта түрлі тақырыпты қамтитын 39 өлең 
кездеседі, ол барлық жаттығулардың 16% құрайды. Оқулықта берілген 
жұмбақтар саны – 18, ол барлық тапсырмалардың 8% құрайды. Сонымен қатар 
оқулықта мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар берілген. Олардың барлық саны – 
15, ол оқулықта берілген тапсырмалардың 6% құрайды. Қазақ тілі оқулығында 
сонымен қатар шығармашылық тапсырмалар кездеседі, олардың жалпы саны – 
37. Ол барлық жаттығулардың 15% құрайды. Оқулықта 5 нақыл сөз берілген, ол 
тапсырмалардың 2% құрайды. Қазақ тілі оқулығында сонымен қатар логикалық 
заңдылықтарды анықтауға арналған логикалық тапсырмалар да бар екенін 
байқадық. Олардың жалпы саны – 7. Бұл оқулықтағы барлық тапсырманың 3% 
құрайды.
Берілген тапсырмалардың ішінде кездесетін жаңа ұғымдарды оқыту арқылы 
оқушылардың сөздік қорларнын байыту көзделеді. Ал мәтіндер мен өлең, мақал-
мәтелдер өз кезегінде оқушыларды жаңа ұғымдармен таныстыра отырып, дұрыс 
пайымдап, ой қорытынды жасау арқылы оқушы ойы мен тілін дамытады.
Сонымен, оқулықта талдау, салыстыру амалдарын қолдану арқылы ұғым 
қалыптастыруға, пайым мен ой тұжырым жасауға арналған тапсырмалар бар 
екеніне көз жеткіздік. Мысалы, 2 бөлім, 74 сабақ, 22б, «Киіз үй мен ағаш үй» 
мәтіні. Оқушылар мәтінді оқиды, мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қойып, киіз 
үй мен ағаш үйдің ортақ белгілерін салыстыру арқылы ажыратады, мәтін 
бойынша ой тұжырымдап, қорытынды шығарады. Осы тұста, ұғымдарды 
қалыптастыру үшін ойлау заңдары мен ережелерін дұрыс пайдалануға 
тапсырмалар қажеттілігі артады. Себебі, ол жаттығулар өз кезегінде балаға әр 
сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуге көмектеседі. 
Мысалы: «Дұрыс тұжырымды анықта», «Сәйкестендіруді орында» және т.б. Ал 
ол өз кезегінде логикалық амал-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. 
Сонымен, бастауыш мектептің 3 сынып оқушыларына арналған 
«Математика», «Жаратылыстану» және «Қазақ тілі» пәндері оқулықтарының 
мазмұнын талдау нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік: 


78 
1. Математика пәні бойынша: логика элементтері бар есептердің төмен 
пайызы логикалық амал-тәсілдер арқылы ойы мен тілін дамыта оқытуды жүзеге 
асыру үшін есептердің жеткіліксіз екендігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты, 
оқулықтағы тапсырмалар жүйесіне логикалық амал-тәсілдер арқылы 
оқушылардың ойы мен тілін дамыта оқытуға логика элементтері 
қарастырылатын тапсырмалармен толықтыру қажеттілігі артады. 
2. Жаратылыстану пәні бойынша: оқулықта (1 бөлім) кездесететін 84 жаңа 
ұғымды тиімді қалыптастыруда логикалық амал-тәсілдердің маңызы зор. 
Оқушылар жаңа ұғымдармен танысып, олардың мәнді және мәнсіз белгілерін 
ажырата білгеннен кейін ғана сол ұғымды өз бойында қалыптастырады. Соның 
негізінде пайым шығарып, ой қорытындылайды. Сондықтан логикалық 
қалыптар болып табылатын: ұғым, пайым, ой қорытынды жасауға арналған 
тапсырмалармен толықтыру қажеттілігі туындайды. Ол өз кезегінде логикалық 
амал-тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. 
3. Қазақ тілі пәні бойынша: мәтіндерді оқып, пайым жасап, сол арқылы ой 
қорытындылауда, оқушыларда қате пайым қалыптаспауы үшін тиісті 
жаттығулар жүргізілуі керек. Демек, оқушыларға ойлау заңдары мен ережелерін 
дұрыс пайдалануды үйрету арқылы ойын дұрыс қалыптастыру қажеттілігі 
туындайды. 
Жүргізілген талдаулар нәтижесінде жасалған қорытындылардағы 
мәселелерге бастауыш мектеп оқушыларын дайындау үшін арнайы жаңа 
тақырыптар енгізудің қажеті жоқ. Тек қана мектептің оқу материалына логика 
элементтерін енгізіп, логикалық амал-тәсілдерді қолдану арқылы оқу үдерісінде 
оларды көрсетіп және түсіндіріп отыру жеткілікті. 
Баланың ақыл-ойын дамытудың басты тәсілінің бірі – логикалық ойлау 
формасы. Ұғымдарды меңгермейінше тұжырым жасау мен ой қорытуды саналы 
түрде білу мүмкін емес, өйткені, олардың өзі ұғымдар арасындағы 
байланыстарды білдіреді. Әрбір ұғымдарда белгілі бір мазмұн болады. Мазмұн 
сол ұғымды құрайтын мәнді белгілердің жиынтығы. Ол тек мәнді белгілерден 
тұрады десек, қате түсінгендік болар еді. Ұғымның сонымен бірге мәнсіз 
белгілері де бар. 
Міне, сондықтан оқушы оны меңгеріп, қабылдау оңайға соқпайды. Бұл үшін 
ойлау тәсіліне төселдіру қажет болады. Мысалы, оқушыдан «құстың» негізгі 
белгісі не дегенде, ол «Құс- ұшатын жәндік» деп бірден жауап берері хақ. 
«Инелік, ара, көбелектер де ұшады ғой, оларды да құс деуге болады ма?» дегенде, 
оқушы жауабының қате екенін сезіп, «Құсқа жұмыртқа салатындар жатады» деп 
жауап береді. «Тасбақа мен жылан да жұмыртқалайды, сол себепті оларды да құс 
деуге бола ма?» – дегенге оқушы не айтарын білмей қиналады. 
Баланың қатесі неде? Оның құс ұғымының мәнді, мәнсіз белгілерін өз 
дәрежесінде ажырата алмауында деп түсінген дұрыс. Құс атаулының бәріне тән, 
өзге жан-жануардан негізгі айырмашылығы қауырсынды болып келетіндігін 
түсіндіргенде ғана, құс ұғымын дұрыс қабылдайды. 
Ұғымды қалыптастыруда мыналарды ескерген жөн. Мысалы, «құс» деген 
ұғымның өзіне тән мәнді белгілерін жетілдіре түсіндіру үшін құстардың бәрінің 


79 
де қауырсындыларға жататынын айтып қоймай, мәнсіз кездейсоқ белгілерін 
(ұшатынын, жұмыртқа салатынын т.б.) оның негізгі белгілерінен бөліп көрсету 
қажет. 
Белгілі бір зат не құбылыстың мәнді, мәнсіз белгілерін меңгертуде оларды 
бір-бірімен салыстыру арқылы игеруге болады. Бұл сияқты әрнәрсенің белгі-
қасиеттерін бір-бірімен салыстыруды вариациялау дейді. Вариациялаудың екі 
жолы бар: біріншісі – белгілі бір ұғымның бар белгілері (мәнді, мәнсіз) бір-
бірімен салыстырылады. Бұл – осы ұғымға жататын мазмұнның негізгі белгісін 
бөліп, айрықша көрсету үшін жасалады. Екіншіден, ұғымның өзіне тән мәнді 
белгісі, басқа бір сол тектес немесе қарама-қарсы ұғымның негізгі белгі-
қасиеттерімен салыстырылады. Бұл жұмыс түрі де түсіндірілетін ұғымды терең 
меңгерту үшін қолданылады. Мысалы, төртбұрыштард толық меңгерту 
мақсатында ондағы мәнді белгілер вариацияланады. Атап айтқанда, 
тіктөртбұрыш пен шаршы салыстырылып, олардың бір-бірінен айырмашылығы 
мен ұқсастығы көрсетіледі.
Бастауыш мектептегі математика пәніне келер болсақ, математиканы оқып-
үйрену ұғымды қалыптастыру мен оны терең танымдық дәрежеге жеткізуден, 
математикалық тұжырымдарды дәлелдей білуге үйретуден және оны нақтылы іс-
әрекетте, есеп шығара қолдана білуден тұрады. 
Жалпы айтқанда, бастауыш сынып оқушысы әр пәннен берілген ұғымдарды 
игеру арқылы солардың мазмұнын, көлемін, ішкі байланыстарын, елеулі, мәнді 
белгілерін ажыратады.
Балалар ұғымды талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау және нақтылау, 
абстракциялау сияқты ойлау тәсілдерінің нәтижесінде, олардың мәнді белгілерін 
анықтау барысында бірте-бірте қалыптасады. Сөз – ұғымды тануда жаттығу 
әрекеттерінің маңызы ерекше. 
Белгілі бір заттарды негізгі белгілеріне қарай талдауды үйрету де 
оқушыларды логикалық ойлау әрекетіне жаттықтыру болып табылады. 
Жаттықтыру жеңілден ауырға қарай ұстанымы бойынша жүргізілгені мақұл. 
Мысалы, мұғалім, арыстан, қой, ешкі, жолбарыс, сиыр, қасқыр, жылқы, аю, 
түйе сөздерін ұсынып, бұларды негізгі белгілері мен өмір сүру қасиеттеріне 
қарай талдауды тапсырады. Оқушылар бұл жануарлар мен аңдардың мінез-
құлқы мен тіршілік ету ерекшеліктерін неізге ала отырып үлкен екі топқа бөледі. 
1. Үй жануарлары: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы. 
2. Түз жануарлары, жыртқыштар: арыстан, жолбарыс, қасқыр, аю. 
Егер мұғалім бұларға қоса қаз, тауық, үйрек, күркетауық сияқты сөздерді 
араластырып қоса берген жағдайда, онда оқушылар берілген сөздерді үш топқа 
бөлген болар еді. 
3. Құстар: қаз, үйрек, тауық, күркетауық. 
Берілген ұғымдарды талдау нәтижесінде оқушылар ұғымның маңызды 
белгілерін терең де сапалы меңгеріп, тектік және түрлік ерекшеліктердің ара 
қатынасын ажыратуға және ұсынылып отырған ұғымды талдау барысында пайда 
болған бөліктерінің ұқсастығы мен айырмашылықтарын айқын көруге 
мүмкіндік туады. Оқушылар ұғымның бөлінген мүшелерінің әрқайсысының 


80 
ерекшелігін ой елегінен өткізеді. Мұның өзі әр пәннің материалдарын терең 
меңгеруге ықпал етері сөзсіз. 
Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, олардың арасындағы 
байланыс пен қатынастарды дұрыс тану үшін адамның санасында ұғымдар пайда 
болуы тиіс. Ол ұғымдар арқылы ұғыну, түсіну үдерісі жүреді. 
Осы әрекеттер бірнеше сатыдан тұрады. Мұның негізінде екі түрлі 
мағынасы бар. Оның біріншісі, белгілі бір ұғымның негізгі қасиетін, екінші 
дәрежедегі немесе кездейсоқ қасиеттерін ажыратып, өзіне тән мәнісін түсіну 
болып табылады. Мысалы, бастауыштың көбінесе сөйлемнің басында келетіні 
оның кездейсоқ қасиеті, негізгі қасиеті кім? не? деген сұрақтардың біріне жауап 
беріп, баяндауышпен қиыса байланысатындығы. Мұны ажырата алмаған оқушы 
сөйлемнің басына келетін сөздің бәрін бастауыш болады деп түсінеді. Мұғалім 
бастауыштың сөйлемнің басқа орындарында келе беретінін оқушыларға 
тиянақты мысалдармен түсіндіріп, оған жаттығу барысында деректер келтіріп 
отырса, бастауыш ұғымын терең түсінеді. 
Екіншіден, белгілі бір ұғымның негізгі белгілерімен салыстырылады. 
Салыстырылатын ұғымдар бұрын игерілген болуы тиіс. Сонда ғана салыстыру 
амалы сәтті аяқталады. Мысалы, математика сабағындағы бір таңбалы сандар 
мен екі таңбалы сандарды салыстыру нәтижесінде бірінен екіншісінің 
ерекшеліктері айқындалады. Оқушыда айтылған ұғымдардың мәні түсінікті 
болады. 
Ұғымдарды меңгерудің үшінші жолы – олардың тәжірибеде пайдалану. 
Мысалы, математика сабағында есептің шартында кез келген төртбұрыш туралы 
сөз болғанда оқушы кез келген төртбұрыш сызудың орнына тіктөртбұрыш 
немесе шаршыны кескіндейді. Нәтижесінде, есептің шартына енбейтін 
тіктөртбұрыш немесе шаршының қасиеттерін еріксіз қолдануға тура келеді. Бұл 
жағдайлар бастауыш сынып оқушыларының қоршаған ортадан тіктөртбұрыштар 
мен шаршыларды көп кездестіруінен болса, екінші жағынан оқыту үдерісінде 
«төртбұрыштар» ұғымының арасындағы қатынастар жігін ажыратуға жете назар 
аударылмағандығынан болады. «Төртбұрыш» ұғымын меңгеріп, есептер 
шығаруда қолданған оқушы келесі сабақтарда қателеспейтіні белгілі. Демек, 
игерілген ұғымдарды тәжірибеде пайдалану оқушы санасында берік те саналы 
қалыптасуының бірден-бір шарты болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды 
қорыта келе, ұғымдарды қалыптастырудың негізгі шарттарын ұсынамыз (сурет 
24). 


81 
Сурет 24 – Ұғымдардың қалыптасу шарттары 
Логикалық амал ретінде сұрақ пайымдаумен тығыз байланысты, сонымен 
бірге одан өзгеше де, ол да адамдардың тәжірибелік іс-әрекетінде туындайды. 
Нәрселерге, құбылыстарға шын мәнінде ықпал ете отырып адам оны селқос емес, 
белсенді бейнелейді. Бұлай ықпал ету күннен-күнге жаңа білімдерді талап етеді. 
Сонда адам олардан шындықтан, басқалардан, өмірден, тіпті өзінен-өзі сұрайды. 
Ойдың қандай да бір нәрсесі туралы ақпарат жеткіліксіздігінен сұрақ оны 
толықтыру құралы қызметін атқарады. Егер қысқаша айтсақ, бұл белгіліден 
белгісізге өтудің логикалық түрі болмақ. Сұрақта әсіресе таным үдерісінің 
диалектикалық сипаты бедерлі көрініс береді, сондықтан оған әрдайым жауап 
табу мүмкін емес. Психолог И.И.Аминов: «сұрақ қоя білу ақыл мен 
көрегенділіктің қажетті белгісі» [150] деп есептейді. Себебі, дұрыс қойылған 
сұрақ әңгіме жүргізу өнерінің құралы болып табылады және логика шеңберінде 
ой-қорытынды арқылы шешілетін қарама-қайшылықтан туындайды.
Сұрақтар көбінесе қарым-қатынас тәжірибесінде жаңа хабарлар алу ретінде, 
қатынастарды реттеу, өрістерін кеңейту мақсатында өте жиі қолданылады. 
Сұрақ-жауап түрі – оқу үдерісін жүзеге асырудың тиімді құралы. Ол 
қатысымдық ретінде дәрігерлер де сырқаттармен әңгімелесуде жиі пайдаланады. 
Тек сұрақтың дұрыс құралуы талап етіледі: сұрақтың қойылуы орынды 
(сұрақтың барлық мүмкін, анық және жасырын алғышарттарының бәрі жалған 
болмау тиіс), олар қысқа және түсінікті болуы тиіс және нақтылауды 
қажетсінетін сұрақтарда жауаптардың баламалылығынан алдын-ала ойластыру 
қажет, ал ажыратуда – барлық баламаларын санап шығу керек. Мұнда дұрыс 
жауаптар маңызды. Егер берілген сұраққа нақты жауап берілсе, сонымен-ақ 
сұрақ астарында не тұрғаны түсінікті болады. Алайда, егер де ешнәрсе сезілмесе, 
онда бұл арнайы келісілген болуы тиіс. Бұл талап оқыту үдерісінде материалды 
игерту мен түсіндіруде жиі қолданылып, әңгіме әдісі деген атпен белгілі. 
Ендеше, бұл пікірлерден келесідей қорытынды жасауға болатындығын 25-
суретте беріп отырмыз. 
Ұғымды 
белгілейтін 
сөздің мәнісін 
анықтау
Ұғымдарды 
қарапайым 
және ғылыми 
ұғымдарға 
бөліп көрсету
Ұғымның 
негізгі қасиетін 
кездейсоқ 
белгілерінен 
ажырату өзіне 
тән мәнін 
түсіну
Ұғымның 
негізгі белгісін 
басқа бір соған 
шектес 
ұғымның 
негізгі 
белгілерімен 
салыстыру


82 
Сурет 25 – «Сұрақтар» ұғымының қызмет түрлері 
Математика сабағында ой қорыту нәтижесінде дұрыс қорытынды шығару 
үшін ақиқат пайымдарды негіз ете отырып, ойлау заңдылықтарын басшылыққа 
алатын болса, өзге пәндерде ой қорытындыларының жасалуын мәтін арқылы 
игерту өте тиімді. Мысалы, математика сабағында «Барлық кесінділер 
өлшемдес» пікірінің дұрыс емес екендігін көрсету үшін шаршының диагоналі 
мен қабырғасы өлшемдес болмайтындығы туралы бір мысал келтіру жеткілікті. 
Ал өзге пәндерде оқушыларға ой қорытынды жасауды таныту мен үйретуді мәтін 
бойынша игертуге болады. Бастауыш сыныптағы негізгі пәндерде мәтінмен 
жұмыс көптеп кездеседі. Яғни, мәтіннің қорытынды бөлімін ажыратып танытуға 
үйретуге болады. 
Т.Г.Браженің еңбегінде: «ой қорытынды – екі немесе бірнеше пікірлерден 
жаңа пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін логикалық әрекет [151]. 
Берілген пікірлерден дұрыс ой қорытындысын шығару үшін, берілген пікірлерді 
мазмұны бойынша белгілі бір жүйемен бір-бірімен байланысқа түсіруіміз керек. 
Кездейсоқ қатар келетін пікірлерден қорытынды шықпайды. Өйткені, оларда 
ортақ мазмұн жоқ. Мысалы, «сандар жұп және тақ болып екіге бөлінеді». Бұл 
пікірдің арасында логикалық байланыс жоқтығынан, ой қорытындысын жасауға 
болмайды. 
Ой қорытындылары жалпыдан жекеге қарай немесе жекеден жалпыға қарай 
жүруі мүмкін, яғни берілген алғышарттардың ең болмағанда бір-екі жалпы пікір 
болып, одан жеке қорытынды шығуы, не жеке алғышарттардан жалпы 
қорытынды шығуы мүмкін. 
Сонымен, логикалық амал-тәсілдерді қолдану арқылы берілген 
тапсырмаларды орындау әдістемесін айқындау олардың бастауыш мектеп 
оқушыларына пәндерді оқытуда төмендегідей дидактикалық мүмкіндіктері 
бар екендіктері анықталды. Олар: 
- бағдарламалық талаптарға сай білім, біліктілік және дағдыны 
қалыптастырады, тапсырмаларды орындау жолдарын меңгертеді, қолайлы 
тәсілді өздігінен табуға үйретеді; 
- адамгершілік асыл қасиеттерді бойға сіңіреді, еңбекке бейімділікке 
тәрбиелейді; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет