Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет32/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94
11.04.2023.disser

элементтері» болып табылатын санды теңдік, санды теңсіздік, санды өрнек, 
әріпті өрнек, теңдеу сияқты ұғымдардың мәнді белгілерін еске түсіру және 
оларды бір-бірінен ажыратуға машықтандырудың қажеттігі ескеріледі. Себебі, 


72 
ілгеріде осы ұғымдармен байланысты мәселелер жиірек қарастырыла бастайды 
және біртіндеп күрделене түседі. Сондықтан өрнекті құру, оқу, жазу, оның мәнін 
табу, оларды бір-бірімен салыстыру, қарапайым теңдеулері сияқты мәселелерді 
пысықытауға мән беріледі. Сондай-ақ, өрнектермен байланысты жұмыстарды 
орындау барысында амалдардың орындалуының рет-тәртібі жайындағы 
ережелерді қолдануға машықтандыру түсу көзделеді. Осы ережелер өрнекті құру 
және оны оқу кезінде екі бағытта қолданылатынын ескеріледі. Өрнекті құру 
кезінде ең алдымен бірінші орындалатын амалмен байланысты өрнек жазылады, 
содан кейін екінші амалмен жазылатын өрнек, т.с.с. әрі қарай осылайша жалғаса 
береді. Ал өрнекті оқу кезінде, ең алдымен соңғы орындалатын амал, яғни өрнек 
қосынды, айырма, көбейтінді, бөлінді екені анықталады, сонан соң сәйкес 
амалды анықтайтын сандар немесе өрнектер сараланады. Демек, осы екі бағытта 
іс-әрекет жасауға балаларды машықтанады. Бұл мазмұндағы оқулықтағы 
тапсырмалар саны – 166. Бұл оқулықтағы барлық есептердің 17.5% - ын құрайды. 
Олар: «Салыстыр. Есептемей салыстыр. Бөлшектерді салыстыр. Өсу ретімен, 
кему ретімен орналастыр. Теңдеулерді шеш. Өрнектерді оқып, олардың мәнін 
тап. Өрнектің мәнін тап. Өрнектерді берілген мәндері бойынша есепте. Тура 
теңдікер мен теңсіздіктерді көшіріп жаз» тапсырмалары түрінде берілген. 
Бастауыш мектеп математикасы курсында, яғни жаңартылған білім беру 
бағдарламасының мазмұнында «Математикалық модельдеу» мазмұндық 
аймағы әр түрлі үдерістердегі айнымалылар арасындағы байланысты 
математикалық сипаттаумен анықталады. «Математикалық модельдеу» 
мазмұндық аймағының сабақтарының міндеттері: есепті сызба, сурет, 
диаграмма, кесте, қысқаша жазба түрінде модельдеуі, есепті шешу үшін тірек 
сызбасын таңдауға дағдыландыру. Оқулықтағы «Математикалық модельдеу» 
мазмұнына сай келетін есептер саны – 364. Бұл оқулықтағы барлық есептердің 
38% - ын құрайды. Олар: «Кесте бойынша өрнектер құрастырып, олардың мәнін 
тап. Кесте бойынша есептер құрастырып, олады шығар. Кестені дәптеріңе 
сызып, оны толтыр. Сызба бойынша есеп құрастыр. Шығармашылық 
тапсырмалар: диаграмма бойынша есеп құрастыр, үлгі бойынша сандар моделін 
дайында, сандарды оқы, олардың моделін тап, сызбаны пайдалана отырып, үш 
амалмен шығарылатын есепті құрастыр. Зерттеу тапсырмалары. Модель құру 
арқылы шығарылатын мәтінді есептер: математика күнделікті өмірде, мәтінді 
есептермен жұмыс» тапсырмалары түрінде берілген. 
«Геометрия элементтері» мазмұндық аймағының тапсырмалары 
кеңістіктік және жазықтықтағы геометриялық фигуралар мен олардың 
қасиеттеріне байланысты мәселелерді шешуді қарастырады. Оқулықтағы 
«Геометрия элементтері» мазмұнына сай келетін есептер саны – 124. Бұл 
оқулықтағы барлық есептердің 13% - ын құрайды. Олар: «Ауданы дәл осындай 
шаршы сыз. Берілген суретке үстінен қарағанда қай фигура сәйкес келеді. 
Тікбұрышты параллелелепипедтің жазбасын әзірле. Жазбадағы бірдей 
қабырғаларды тауып, атауын жаз. Тіктөртбұрыштардың нешеу екенін анықта. 
Фигуралардың қайсысы текшенің, тікбұрышты параллелепипедтің жақтары 
болып табылады? Фигуралар сыз. Практикалық тапсырмалар» түрінде берілген. 


73 
Сонымен қоса, оқулықтағы берілген барлық есептердің арасында 
«Жиындар. Логика элементтері» мазмұнды есептер қарастырылған. Бұл 
мазмұнды тапсырмаларды оқушылар орындау нәтижесінде тұжырымдардың 
ақиқаттығын немесе ақиқат еместігін анықтау, сәйкестік пен ақиқаттықты 
анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығару, жиынды 
элементтердің белгілері бойынша жіктеу (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, 
материалы, әрекеті) қоршаған ортадағы заттардан екі-екіден комбинациялар 
жиынын құрастыру, логикалық байланыстарды орнатуды үйренеді. 
«Қиылысатын екі дөңгелек сыз. Жиын элементтерін тап. Мүмкіндіктер тармағын 
сал және толтыр. Мүмкін нұсқаларды таңда. Сандар тізбегін жалғастыр. 
Заңдылықты анықта. Арифметикалық амалдың тиістісін қой. Тура теңдік 
шығатындай жақшаларды қой. Теңдік тура болатындай, бір санағыш таяқшаның 
орнын ауыстыр» сияқты тапсырмалардың орын алуы осының айғағы. «Жиындар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет