Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет37/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
11.04.2023.disser

Оқытуды
ң негізгі 
белгілері 
Белгілі бір 
мақсатқа 
бағытталу
Жүйелілік
Ағымдылық
Екіжақтылы
қ (мұғалім 
мен оқушы)


88 
6 - кестенің жалғасы 


Заңдылықтар мен ғылыми 
заңдылықтарды меңгеру үдерісін 
басқару 
Заңдылықтар мен ғылыми заңдылықтарды тану 
және білімін жүйелеу 
Теориядан практикаға өту үдерісін 
басқару 
Қажетті машық пен дағдыларды игеру 
Практикалық-шығармашылық 
сабақтар ұйымдастыру 
Ортаны өзгерту мен жаңа нәрселер жасау үшін 
қажетті практикалық әрекеттер атқару 
Оқушылар игерген білім мен 
дағдыларды, іскерліктерді тексеру 
мен бағалау 
Білім алу үдерісінде қол жеткен табыстарына 
өзіндік бақылаулар мен тексерулер жүргізу 
Оқу үдерісі – таным үдерісінің арнайы ұйымдастырылған түрі. Осы 
үдерістің сәтті межеге қол жеткізуі не кері нәтижеге әкелу себебі неде? Бұл 
сұраққа жауап іздеуде білім, білім беруші, білімді қабылдаушы деген оқу жүйесін 
құраушы элементтердің байланысы туралы көзқарас туындайды. Ол 
байланыстар кездейсоқ заңдарға бағынбай, табиғи таным үдерісіндегі 
заңдылықтармен мүмкіндігінше астарласып жатуы ғана оң нәтижеге жетелейді. 
В.В.Давыдов педагогикалық үдерісті тұтас жүйе ретінде, ал сабақты соның 
бір «клеткасы» ретінде таниды. Сабақта мұғалім мен оқушы атқаратын әрекеттер 
дидактикалық 
қатынас 
туғызушы 
байланыстарды 
білдіреді. 
Ал 
Н.А.Половникова [56,б. 49] танымдық қызметтің дамуында үш деңгей бар 
екендігін негізге алады (сурет 28). 
Сурет 28 – Танымдық қызметтің дамуындағы деңгейлер 
Мұғалімнің қызметі аталып көрсетілмесе де, осы үш деңгейді басқарушы 
сол екені белгілі. Бірақ дидактикалық үдерістің тұтастығын құраушы екі жақтың 
да қызметтері мен әрекеттері айқын болуы керек. Н.Д.Хмель былай дейді: 
«Педагогический процесс, таким образом, может проявлять себя как целое, если 
есть специально организованная деятельность как взаймодействие субъектов. То 
есть взаймодействие субъектов есть атрибутное свойство педагогического 
прцесса» [157]. Мұнда жүйенің басты қағидасы танылады, яғни, тұтастықты 
құраушы екі элементтің өзара үйлескен әрекеттері арқылы ғана танымдық 
қызметтің нәтижелі болуына игі ықпал етуге болады. Танымдық қызметтің 
өмірдің қай саласында да басты мақсаты – адамзат өмірін игілікті ету, адам 
баласын ізгілікті бағытқа салу. Оқытудағы гуманистік бағыттың болмысы да 
осыдан туындайды. 
1) көшіруші
2)
қайта өңдеушілік-
шығармашылық
3) құрастырушылық -
шығармашылық


89 
Қазіргі дидактика оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын 
тәжірибеге ендіруде. Соның ең негізгісі бастауыш сынып оқушыларының ойы 
мен тілін дамыта оқытамыз десек, оған логика туралы білімнің қажеттігі 
анықтала бастады. 
Бастауыш сыныптарда оқытуды жаңалау, дамытудың өзекті тұсы – оқыту 
мазмұны мен ондағы логикалық заңдылықтардың орын алуы деп қоюға болады. 
Себебі, бастауыш сыныптағы пәндерден берілетін оқу материалдарының көлемі, 
мазмұны қандай болуы керек, оқушы меңгеретін теориялық ұғымдар жүйесі, 
үйренетін әдістер жүйесі – барлығы сол пәндерді оқытуды логикамен 
байланыстыру қажеттілігін көрсетеді. 
Мысалы, оқытуда берілетін жаттығуларды оқушылар қалай орындайды
алдымен ереже (анықтама) беру керек пе, тапсырма (есеп, жаттығу) орындау 
арқылы ереже (анықтама) шығарту жолын ұстану керек пе, пән білімдерінің 
теориялық заңдылықтары бойынша түрлі графикалық модельдердің, 
символдардың логикалық байланысын қалай сақтауға болады? Анықтама
ережелерді оқушыға дәлелдеу логикасымен беру керек пе? Бұлардың барлығы 
түрлі әдістемелік ізденістер мен зерттеулерде авторлардың ұсынатын 
көзқарастары тұрғысынан түрліше беріліп жүргені мәлім. Бірақ, пәннен 
берілетін теориялық білім мазмұны оқушыға ұғынықты меңгертілуі үшін, 
мұғалімнің де, оқушының да логикалық білім минимумы болуы керек [158]. 
Сондықтан пәндерді оқыту әдістемесін жаңа бағытта қарастыру, сол арқылы 
әдістеменің мазмұнын, зерттеу әдіс-тәсілдері жүйесін байыту мақсатында тілді 
оқыту барысында логика элементтерін қолдану мәселесін қарастыру керек деп 
ойлаймыз. Ал логика элементтері бастауыш сыныптағы негізгі пәндердің 
барлығында дерлік оқыту барысында меңгерілетіні белгілі. Алайда, соның 
ішінде математика сабағында логика элементтері көптеп кездеседі. 
Математикалық логика заңдылықтарын меңгерген оқушыға тіл, әдебиет, 
дүниетану мен логиканың байланыстылығын тану арқылы логикалық 
заңдылықтарды қолдану жолдары тез игертіледі. Демек, логикадан оқушы 
үйренетін ұғым, пайымдау, ой қорытулар және соларға байланысты жүргізілетін 
ой амалдары қазақ тілі, математика, әдебиет, дүниетану пәндерін оқытуда да 
қолданылады. Сондықтан арнайы түрде логика элементтерін енгізуге және 
олардың байланысын сақтауды пәнаралық байланыс түрінде бейнелеуге болады 
(сурет 29). 
 
Сурет 29 - Логика элементтерінің байланысы 
Қазақ тілі
Әдебиет
Математика
Дүниетану
Оқушылардың логикалық ойлау 
мәдениеті мен дамуы


90 
Логикадан берілетін білім мазмұны қазақ тіліне немесе әдебиет пәніне 
кедергі келтіруі мүмкін деген ой болмауы үшін, мұғалімдерге мынадай сұраққа 
жауап беруді ұсынар едік: 
- пәндерден берілетін грамматикалық ережелерің, анықтамалардың 
оқушылар тілдік фактілер арқылы дәлелдегенде қандай жол ұстанады? 
- олардың дәлелдеулерінің нақтылығын қалай анықтайсыздар? 
Оқушылар білім алу және алған білімін мұғалімге тексерту мен бағалатуда 
ауызша және жазбаша түрдегі жұмыстар орындайтыны белгілі. Бірақ солардың 
логикалық құрылымының дұрыстығы, тәртіптіліге мұғалім тарапынан дұрыс 
бағалануы үшін, мұғалім логика заңдылықтарын білуі және оны сабақта 
қолдануы керек.
Білім мазмұны оқушыға өзі тікелей әсер етпейтіні белгілі, бірақ сыртқы 
қоршаған орта ретінде оқушыға тигізетін ықпалы түрінде алып отырамыз. 
Оқушы осы білімді игеру барысында белгілі бір танымдық ортаға (мектеп, 
сынып, сабақ, «мұғалім-оқушы» жүйесі) түседі (сурет 30). 
Сурет 30 - «Мұғалім-оқушы» жүйесі 
 
Осы орта бастауыш сынып оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқыту 
үдерісінде жетіле түсіп, оқушы енді мұғаліммен ғана емес, басқа оқушылармен 
де субъект-субъектілік байланысқа түседі. Оның барлығы басқарып отыратын 
мұғалімнің өзі білімді игерген, енді білімді игеруші басқа субъектілердің 
логикалық таным жолын реттеуші қызметін атқарады. 
Бастауыш сыныптағы негізгі пәндерді оқытуда логиканы қолдануда мұғалім 
бастауыш сынып оқушысының ойтаным мен тілтаным үдерісіндегі күрделі ой 
қызметінің логикасын алдын-ала белгілеп алады, бірақ кейде оқушының 
ізденімдік-зерттеу қабілеті жақсы дамыған болса, ол жаңа шешімдер жасаудың 
басқа жолдарын қалап алуы да мүмкін екенін де ескере отырып, оқушылардың 
ізденісті жүргізу логикасын жолға қояды (сурет 31). 
Сыртқы орта


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет