Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет38/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94
11.04.2023.disser

Оқу
шы
Білім
Мұғалі
м


91 
Сурет 31 - Бастауыш сынып оқушыларының ізденіс логикасы 
А.Н.Леонтьев адамзат ойлауының жоғары түрінің сипатын, әлеуметтік 
тәжірибенің, оның дамуының мүмкіншілігін атай келіп, былай деп жазды: 
«Адамның ойлауы қоғамнан тыс, тілден тыс, жинақталған адамзат білімінен тыс 
және олардың қалыптасқан ойлау іс-әрекетінің тәсілдерінен тыс өмір сүруі 
мүмкін емес... Жекелеген адам тілді, ұғымдарды, логиканы меңгере отырып, 
ойлау субъектісі болып табылады» [38,б. 96]. Ал ойлаудың тұжырымдамасын 
ұсынғанда, ол бойынша арасында ұқсастық қатынастар болатындығын 
дәлелдеді. Ішкі ойлау іс-әрекеті тек сыртқы, практикалық іс-әрекетінің 
туындысы болып қоймай, сондай құрылымға ие болады. 
Мұғалімдер оқыту үрдісінде шәкірттердің көрнекілік-бейнелік ойлауын 
дамытуға ерекше мән береді, сабақта көрнекілікті жиі қолдана отырып, 
балалардың қызығуын, таным ерекшеліктерін дамытуға, ой-өрісін, белсенділігін 
арттыруға, шәкірттердің оқу материалын терең меңгеруіне көмектеседі. 
Кейбір дерексіз пікірлерде қабылдаулар, елестетулер арқылы болмайтын 
заңдылықтарды қамти аламыз. Дерексіз табиғат туралы, заң туралы, сан және 
сапа туралы ойлай аламыз. 
Бұл оқу іс-әрекеті – оқу міндеттерінің орындалуы төмендегі оқу іс-әрекеті 
арқылы жүзеге асырылады:
1) оқу міндетін қабылдау немесе өзінше қою;
2) оқытылатын затқа қатысты кейбір ортақ мәселелерді айқындау 
мақсатында оқу міндеттерінің шарттарын сәйкестендіру;
3) белгіленген қатынастардың заттық, сызба не өзге белгілер түріндегі 
үлгісін құру;
4) оның қасиеттерін «таза» түрде көрсетуге арналған үлгі құру;
5) жалпы амалмен орындауға болатын жеке тапсырмалар жүйесін құру; 
6) алдыңғы әрекеттердің орындалуын бақылау;
Таным субъектісі
Оқу әдістері
Оқу-таным нәтижесі 
мен таным үдерісі
Оқу-таным тәсілдері
Оқу міндеттері


92 
7) оқу міндетін орындаудың нәтижесі ретінде жалпы амалдарды меңгеруін 
бақылау [159].
Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы оқушы шындықтағы заттардың 
байланыс-қатынастарын меңгереді, бір затты екіншісімен салыстырып, 
дәлеледей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын айыра білуге үйренеді, 
мұндағы себеп пен нәтиженің, яғни, заттардың себеп-салдарлық заңды 
байланысын түсінетін болады. Мысалы, жас баланың өзі де «от жақса, түтін 
шығады» дегенде, оттың жануы – түтіннің шығуына себеп болып тұрғанын 
аңғарады. Ұғыну дегеніміздің өзі де нәрседе себеппен қатар нәтиже 
болатындығына шәкірттің көзінің жетуі, соған жете түсінуі. Оқу 
материалдарының мәнісіне тереңдеп бара алмай, оларды жай жаттап алу, өз 
бетінше пікір айтуға шорқақтық оқушыда талдау (анализ), жинақтау (синтез) 
тәсілдерінің әлде де дамымағанын көрсетеді. П.Я.Гальперин өзінің «Ақыл-ой 
әрекетін жоспармен, сатылап қалыптастыру» тұжырымдамасында оқушы қандай 
да болмасын бір мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді 
(яғни затты ұстап көру, оның тұрқын, көлемін ажырату, шамасын білу, т.б) 
пайдаланады да, кейіннен оның бейнесін миында елестетеді, содан соң барып 
дауыстап, кейін іштей айта алатындай болады, сөйтіп сыртқы заттық іс-әрекетке 
(экстериоризация) айналады дейді.
Ал орындау бөлімінде нақты бір мәселені шешуге пайдаланады. Ақыл-ой 
әрекетінің негізгі көрсеткіші оның бірінші бөлігі, өйткені мұнда мәселенің 
тұрпатын танып-білу, оны шешу, қажетті әдістерді таңдап алу жағдайлары 
қарастырылады. Солардың бірі мәселелік оқыту. Бұл ұстаз бен шәкіртке ортақ 
танымдағы белсенді ой тәсілдері мен ізденіс әрекеттерінің заңдылықтарын 
(мәселелік жағдай, танымдық қызығу, қажетсіну, т.б.) ескере отырып жасалған, 
оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. 
Логикалық амал-тәсілдер арқылы ой мен тілді дамыта оқытудың 
дидактикалық жүйесі төмендегіше қарастырылады: 
- логикалық амалдарды үйретудің түпкі тәжірибелік, кәсіби білімділік, 
тәрбиелік мақсаттарын анықтау; 
- логикалық негізде оқыту мазмұнының құрылымын, құрамын іріктеу, 
көлемін анықтау жолдарын белгілеу; 
- пәндерді логикамен байланыстыра оқытудың қалыптарын, әдістері мен 
тәсілдерін жүйелік тұрғыдан сипаттау; 
- сөйлеу әрекетінде логикалық амал-тәсілдерді өз бетімен тереңдете үйрену 
жолдары мен әдістемесі белгіленіп, оқушылардың өз ойын жеткізе білу 
дағдыларын дамыту. 
Ендеше, логикалық амал-тәсілдерді пайдаланудағы оқыту үдерісін 
келтірейік. 
а) негізгі мазмұны: оқу, үйрену, білім алу «үйрену» арқылы ғана білімді 
меңгеруге ықтимал деген қағидаға негізделеді. 
ә) күнделікті болмысты адам мұқтаждықтарына сәйкес түбегейлі өзгерту, 
«құзырлылық», 
«құзіреттілік» 
(компетенция) 
тұжырымы 
бойынша 
құзіреттіліктердің қалыптасуына тиімді орта мен жағдай жасау. 


93 
б) субъект: мұғалім мен оқушы. 
в) объект: бүкіл әлем, бүкіл өмір (өмір сүру, еңбек жасау, қарым-қатынас, 
жаңа нәрсеге үйрену). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет