94
Сурет 32 – Логикалық амал-тәсілдер арқылы оқушылардың ойы мен тілін
дамыта оқытудың жүйесі
Мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларының логикалық амал-тәсілдері арқылы ойы мен
тілін дамыта оқыту, оларды тиімді қолдануға дағдыландыру
Өзіндік әрекеттер
мен көзқарастар
қалыптастыру
Ақпаратты
өздігімен
игеру: талдау, шешім
қабылдау, жаңа мазмұн
құру
Мәселені
айқындау
және
оны
шешу
жолдарын
қарастыра
білу
Келісім мен
пікірталас
түрінде ашу
Өз сөзіне иландыру,
дәйекті
дәлелдер айту
және бітімге келе білу
Ұғым қалыптастыру,
дұрыс пайымдау және
ой-тұжырым жасау
- оқу, үйрену, білім алу «үйрену» арқылы ғана білімді меңгеруге ықтимал
деген қағидаға негізделеді;
-
жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартының мазмұны;
- 3-сыныпқа арналған «Математика» оқулығы бағдарламасының мазмұны;
- мемлекеттік стандартқа сай бастауыш мектеп оқушыларының әрбір пән
бойынша меңгеруге тиіс білім мазмұны.
Танымдық әдістер:
Талдау
Жинақтау
Салыстыру
Жалпылау
Абстракциялау
Тәжірибелік әдістер:
Жаттығу
Мәтіндермен жұмыс
Есептер
Логикалық тапсырмалар
«Deal» әдісі, «Синектика» әдісі, «Мағыналас сөздер» тәсілі, «Жұбын
тап» тәсілі, «Шындық па, жалған ба?» тәсілі, «Қатесін тап» тәсілі
Венн диаграммасы, «Дарақ социометриясы».
- Оқу бағдарламалары
- BilimLand, мультимедиялық құралдар,
Kahoot қосымшасы
- « Логикалық тапсырмалар» әдістемелік құралы
- Тапсырмалар кешені
- Ғаламтор ресурстары
- Электронды оқу ресурстары
Білім қорын түсінік, ойлар, идеялар, көзқарастар деп түсінетін
және бастамашыл, белсенді, ойын дұрыс тұжырымдап, оны анық
та ашық жеткізетін, тәуелсіз ойға ие болатын бастауыш сынып
оқушысының моделі
Міндеті
Күтілетін
нәтиже
Тәсілдері
Әдістері
Мазмұны
Ресурстары
Құралдары
95
Бастауыш мектепте логикалық амал-тәсілдерді қолдану арқылы
оқушылардың ойы мен тілін дамыта оқыту
технологиясының бағыты осы
айтылғандармен
байланысты.
Осымен
байланысты
дамыта
оқыту
технологиялары басшылыққа алынып, оқушыларды ойы мен тілін дамытудың
жаңа арнадағы мүмкіншіліктерін зерделеу бағыты ұсталынады.
Бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамытудағы қолданылатын
тиімді тәсілдерге тоқталып өтсек.
Білім жүйелерін меңгеру – күрделі ой жұмысының нәтижесі. Бұл ойлау
тәсілдері мен формалары (ұғым, пікір, ой қорытындылары) арқылы жүзеге
асады. Адам ойының бастапқы формасы – ұғым.
Бұл айналадағы заттардың
мәнді, негізгі белгілері туралы қарапайым ой. Шәкірттердің оқу үстінде
меңгеретін ұғымдарының қалыптасу жолы бірнеше басқыштардан өтеді.
Алғашында бала меңгеретін ұғымдардың аумағы тар, мазмұны да кеңейіп
тереңдейді. Ұғымдарды меңгеру сөз арқылы іске асады. Сөз – ұғымның
материалдық қабығы. Ұғым бір сөзбен де, бірнеше сөзбен де беріледі, оның
нақты не абстрактілі жалаң, не күрделі екендігі тек контексте ғана айқындалады.
Шәкірттердің танымдық ұғымдарын берік қалыптастырмайынша, оларға жүйелі
білім беру қиынға соғады [160].
Бастауыш мектеп оқушыларына ұғым қалыптастыруда маңызы зор
тәсілдердің бірі
«Мағыналас сөздер» тәсілі. Белгілі бір тақырыпқа байланысты
бірнеше ұғымдарды беріп, олардың ортақ белгілерін табу тапсырылады.
Тақырыпқа байланысты ешбір ортақ белгісі жоқ ұғымдарды алып тастау арқылы,
оқушы ұғымдардың мәнді және мәнсіз белгілерін ажыратуға дағдыланады.
Достарыңызбен бөлісу: