Онтуганова шынар шералиевна


Логикалық амал-тәсілдер арқылы оқушылардың ойы мен тілін



Pdf көрінісі
бет67/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94
11.04.2023.disser

3.2 Логикалық амал-тәсілдер арқылы оқушылардың ойы мен тілін 
дамыта оқытудың әдістемесі, оны жүзеге асыру жолдары 
Бастауыш сынып оқушыларының жүйелі ойлауын қалыптастыруда 
мамандардың кәсіби дамуын қамтамасыз ете отырып, логика ғылымының 
негіздерімен қаруландыруды жолға қою – ғылыми-техникалық үдеріс 
заманындағы өзекті мәселе.
Айқындау экспериментінің нәтижелері барысында бастауыш сынып 
мұғалімдеріне арнайы әдістемелерді жүргізу қажеттігін негізге аламыз. 
Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін жетілдіру жұмыстарын айтар 
болсақ мұғалімдерге логика пәні, логикалық амал-тәсілдер, сонымен қатар 
адамның интеллектуалды таным қызметіндегі оның атқаратын әдіснамалық рөлі 
туралы түсінік беріледі. Мұғалімдерге логикалық амал-тәсілдерді, логика 
қалыптарын саналы түрде қолдану мен ойлау түрін үйрету жолға қойылады.
Осы орайда логикалық амал-тәсілдерді қолдану арқылы бастауыш мектеп 
оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытуды бастамастан бұрын бастауыш 
мектеп мұғалімдеріне логикалық амал-тәсілдер ұғымы туралы білімдерді 
меңгерту қажеттігі туындайды. Әдістемені жүзеге асыруда «Логика 
элементтерін бастауыш білім беруде қолдану» тақырыбында 24 сағаттық 
ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылып, семинар барысында бастауыш 
мектеп мұғалімдерінің логикалық амал-тәсілдер арқылы ойы мен тілін дамыта 
оқытуға әдістемелік көмек беріп, логикалық амал-тәсілдер туралы білімдерін 
жетілдіру көзделді және мақсаты мен міндеттері айқындалды. 
Ғылыми-әдістемелік 
семинардың 
мақсаты 
– 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің оқушылардың ойы мен тілін дамыта оқытуда логикалық амал-
тәсілдерді қолданудағы кәсіби дамуын қолдау. 
Міндеттері:


140 
-бастауыш сынып мұғалімдерінің логикалық амал-тәсілдер жайлы 
теориялық білімдерін жетілдіру; 
-бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытуда 
қолданылатын логикалық амал-тәсілдер және олардың мазмұндық ерекшеліктері 
туралы бастауыш мектеп мұғалімдеріне білім беру; 
-олардың бастауыш мектептерде оқушылардың ойы мен тілін дамыта оқыту 
үдерісінде 
логикалық 
амал-тәсілдерді 
пайдалану 
құзыреттіліктерін 
қалыптастыру. 
ҒӘС-дың мақсаты мен міндеттерін шешуде біріншіден бастауыш мектеп 
мұғалімдерінің логикалық амал-тәсілдер туралы арнайы білімдерін тиянақтауға, 
тереңдетуге, кеңейтуге, кәсіби білімдерін шыңдауға септігін тигізсе, екіншіден 
ақыл-ойы жетілген, жан-жақты дамыған, еңбек етуге қабілетті, өздігінен ойлай 
алатын, өз бетінше білімін толықтыру мүмкіндігі бар тұлға қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет