1 тапсырма. «Ұлулар хикаясы»
1 сұрақ. Сэм деген ұлу Олли деген ұлу досына асығып бара жатты. Сэм мен
Оллидің арақашықтығы 10 м. Бірінші күні Сэм 5 м 50 см жылжыды, екінші күні
3 м 30см жылжыды. Үшінші күнгі таңда Сэм Оллиден қандай қашықтықта
болды?
А. 1м 20см. В. 1м 80см. С. 9 см. Д. 2м
2 сұрақ. Олли ұлуы өз демалысында саяхатқа шыққысы келді. Бірінші күні
ол алға қарай 2м 30см жылжыды, ал кешке жақын 80см қайтадан кері қайтты.
Олли әр күні осы қозғалысты қайталап отыратын болса, 9 м қашықтықты неше
күнде жүреді?
3 сұрақ. Ұлу Сэм Олли досынан 10м қашықтықта тұр. Олли Сэмнен әр күні
2м-ге жылжып қашып отыр. Ал Сэм болса Оллиді қуып жеткісі келіп әр күн
сайын 4м бауырмен жорғалап отыр. Сэм Оллиді нешінші күні қуып жетеді?
4 сұрақ. Ұлу Сэмнің салмағы ұлу Оллиден 20 граммға артық. Ал екеуінің
салмағының қосындысы 50 грамм. Сэм мен Оллидің салмақтарын табыңыз.
Кесте 32 – «Ұлулар хикаясы» тапсырмасын бағалау кестесі
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Тапсырманы түсініп оқып, арифметикалық амалды орындайды
2
Тұжырым жасап, есептеулерді орындап, мәнін табады.
2
Логикаға сүйеніп, пайым жасап, жауабын дұрыс табады
3
Берілген мәтіндегі сөйлемді математикалық тілге айналдырады, теңду
құру арқылы жауабын есептеп табады
3
Жалпы балл
10
Бағалау критерийлері:
жоғары деңгей - 9-10 балл
орташа деңгей – 5 - 8 ұпай
төменгі деңгей - 4 баллдан төмен
2 тапсырма. «Көкөністер» тапсырмасы
1 сұрақ: Арманды анасы базарға көкөніс әкелуге жіберіп, қолына 1000 тг
береді. Арман базарға келіп олардың бағасын сұрайды. Алманың келісі - 100 тг,
алмұрттың бағасы - 200 тг, ал жүзім – 250 тг. Арман сатушыға әрқайсысынан 1
келіден (кг) тартып беруін сұрайды. Тартып берген соң саудагер барлығының
құны - 600 тг деп есептейді. Саудагер дұрыс есептеді ме?
Достарыңызбен бөлісу: |