бездерінен дайындалған 10-20%-ды суспензияны бұзаулардың тері астына жұқтырады.
Жұқтырылған жануарлардың дене қызуы 5 күннен соң көтеріліп, аурудың клиникалық
белгілері байқалады да, олардың 90%-ы шығынға ұшырайды. Ал сауыққан жануарлардың
организмінде телімді антиденелердің түзілуімен сипатталады.
Биосынама. Оба вирусын идентификациялау анықтау үшін вакциналанған жануарларды
12 күннен кейін және вакцина егілмеген жануарларды көк бауыр, лимфа бездерінің
суспензиясы немесе қан үлгілерімен жұқтырады. Біраз уақыт өткеннен кейін вакцина егілмеген
жануарлардың
дене қызуы көтеріліп, аурудың клиникалық белгілері байқала бастайды, ал
вакциналанған жануарларда ондай көріністер байқалмаған жағдайда реакция оң деп есептеледі.
Ауруға шалдыққан немесе өлген жануарлардан үлгілерден телімді антигендерді КБР және ДПР-
мен анықтайды.
Вирустардың идентификациясы мен вирус антигендерін анықтау үшін вирустарды
бейтараптау реакциясы, комплементті байланыстыру реакциясы,
диффузиялық преципитация
реакциясы, гемагглютинацияны тежеу реакциясы, иммунофлуоресценция реакциясы, жанама
гемагглютинация реакциясы және иммунды ферменттік талдау қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: