Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет58/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   146
вирус

Жіті түрі қозыларда, лақтарда, бұзауларда және ересек койлар мен ешкілерде байқалады. 
Мұнда дене қызуы 40-41
о
С-ге дейін көтеріледі, депрессия, кілегей қабықшалары бозарады, 
мұрындарынан кілегейлі-іріңдісұйықтық ағады, жүрегі қызметі әлсірейді, демігеді. Кейбір 
жануарларда сары ауру дамиды. Ересек қойлардың 20-50%-ы, ірі қара малдардың 3-5%-ы 
өлімге ұшырайды. 
Жітілеу түрі кәрі қойларда, ешкілерде және бұзауларда байқалып, олардың дене қызуы 
көтеріледі, әлсізденеді, сілекейлері ағады, азыққа тәбеті нашарлайды, мұрындарынан қан аралас 
экссудат ағады, буаз малдар іш тастайды, сауын сиырлардың сүті азайып, 20%-ы өлімге 
ұшырайды.
Патологоанатомиялық балауы. Өлекселерді жарып тексергенде бауырдың жаппай 
некрозға ұшырағаны (ақ некротикалық ошақтардың диаметрлері 1 мм-ден асады), ісінгені, 
ұлғайғаны, жұмсарғаны, түссізденгені, капсулаларының астына қан құйылғандықтары 
байқалады. Іш тасталған төлдердің бауырының түсі қоңыр-сарғыш түсті болады. Қозыларда 
катаральды-геморрагиялық гастроэнтерит, терілері қанталаған, сыртқы және ішкі серозды 
қабықтары нүктелі қанталаған, лимфа бездері ісінген, және некрозға ұшыраған. Жиі жағдайда 
ұрық бездері зақымдалады, олар ұлғайған, консистенциясы жұмсарған, қанталаған, түсі қою-
қызыл болады. 
Дифференциалдық балауы. Рифт алқабының қызбасын қойлардың катаральды 
қызбасынан, ауру ағымдары өте ұқсас келетін Вессельборн және Найроби ауруларынан, 
қойлардың энтеротоксемиясынан, бруцеллезден, кампилобактериоздан, трихомоноздан, ұсақ 
малдардың хламидиоздық іш тастауынан, сальмонеллезден және тағы басқаларынан ажырату 
қажет. 
Зертханалық балауы. Вирустарды өсіру. Вирус 1-3 күндік тышқандардың организмінде 
және 2-3 күндік тауық эмбриондарында, тауық эмбриондарының фибробласттарынан, қозының, 
ешкі мен маймылдың бүйрегінен, қозының тестикуласынан дайындалған алғашқы-
трипсинделген жасуша өсінділерінде, сонымен қатар Чанга, ВНК-21 және HeLa жасуша 
өсінділерінде де жақсы өсіп-өнеді. 2-3 күндік тауық эмбрионының сарыуыз қапшығына 
жұқтырылғаннан вирустар 2-3-ші күндері көп мөлшерде жинала бастайды. Вирустарды жасуша 
өсінділерінде өсіруге қажетті доза ның мөлшері 2,5 ЛД
50/мл
. Вирустардың көбеюін 
жасушалардың цитопатогендік өзгерістерінің байқалуымен анықтайды.
Биосынама. Патологиялық материалдардан дайындалған суспензияны 1-3 күндік тышқан 
балаларына, сасық күзенге, ақ егеуқұйрыққа, атжалманға церебральды, перитонеальды 
жолдармен жұқтырады және қан тамырына егеді, қажет жағдайда қозы, лақ және бұзауларға 
жұқтырады. Жұқтырылған төлдер алғашқы белгілері байқалып, 24-36 сағаттан соң өледі. Тері 
астына жұқтырылған қойлардың дене қызуы 6 күн бойы көтеріліп тұрады, 4-күндері қанда 
вирустар көп мөлшерде жиналса, 9-10-күндері жойылып кетеді. Қан сарысуларының құрамында 
вирустарды бейтараптаушы антиденелер түзіледі. Экспериментальды жолмен жұқтырылған ірі 
қара малдардың дене қызуы көтеріледі, виремия, қан сарысуында вирустарды бейтараптаушы 
антиденелер жоғары титрде болады. 
Вирустардың индикациясы мен идентификациясында вирустарды бейтараптау
диффузиялық 
преципитация, 
комплементті 
байланыстыру, 
иммунофлуоресценция, 
гемагглютинация және гемагглютинацияны тежеу реакциялары, иммунды ферменттік талдау 
қолданылады. 
БЛЮТАНГ 


(Febris catarrhalis ovium ) 
Блютанг (қойлардың катаральды қызбасы, көк тіл) – қызбамен, ауызы мен тілінің, азық 
қорыту жолдарының, тәжі эпителиі мен тұяқтың тері негізідерінің некротикалық қабынуымен, 
қаңқа бұлшық еттерінің дегенеративті өзгеруімен, буаз саулықтардың іш тастауы және кемтар 
төлдердің туылуымен сипатталатын, трансмиссивті жолмен таралатын вирустық індет. 
Табиғи жағдайда қойлардың катаральды қызбасына барлық қой тұқымдары, әсіресе 2-12 
айлық жастағылары, сонымен қатар ірі қара мал, ешкі, бұғы, жабайы күйіс қайыратын 
жануарлар шалдығады.
Ауру қоздырушысы РНҚ-лы бар вирустар тобына, Reoviridae тұқымдастығына, Orbivirus 
туыстығына жатады. Қазіргі кезде бұл вирустың иммунологиялық қасиеттерімен 
ажыратылатын, жалпы комплементті байланыстырушы және преципитирлеуші антигендері бар 
30-ға жуық типі белгілі. Вирустың табиғатын зерттеген ғалымдар Тейлер (1905 ж), Нищульц 
(1934 ж), Рой Полли (1922 ж). Вирион гексогенальды пішінді, диаметрі 60 нм, құрамы 80% 
белоктан және 20% РНҚ-нан тұрады.
Блютанг вирусы эфирге, хлороформға және натрий дезоксихолатына төзімді келеді. 
Трипсин мен қышқылдық ортаға сезімтал. рН 6-дан төменгі орталарда 1 минут ішінде 
инактивацияланады. рН 6,5-8,0 орталарға тұрақты. Дезинфекциялаушы заттар ретінде 3%-ды 
күйдіргіш натрий, 3%-ды формалин,70%-ды спирт қолданылады.
Қойлардың катаральды қызбасын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық 
белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне және зертхана жағдайында вирустарды бөліп 
алуға және оларды серологиялық реакциялармен анықтауға негізделген.
Клиникалық балауы. Аурудың жасырын кезеңі 5 күннен 20 күнге дейін созылады. Ауру 
жіті, жітілеу абортивті түрде өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет